Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Малды нормалап азықтандыру жүйесі



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.12 Малды нормалап азықтандыру жүйесі 
 
Малдың 
қоректік 
мұқтаждығы 
түріне, 
жасына, 
жынысына, 
физиологиялық ахуалына, тірілей салмағы мен ӛнімділігіне байланысты 
ӛзгереді. Сол мұқтаждығына сәйкес азықтандыруды мӛлшерлеп (нормалап) 
азықтандыру 
дейді. 
Ӛйткені 
организмнің 
қоректік 
мұқтаждығының 
кӛрсеткіштері малдың 
азықтандыру нормасы 
болып табылады. Организмнің 
қоректік мұқтаждығы алдымен ӛз тіршілігін қамтамасыз етіп, сонан соң ӛнім 
ӛндіру қажеттілігінен туындайды. Демек, малдың қоректік мұқтаждығы оның 
дене салмағына (тірілей массасына), күнделікті салмақ қосуына және сиыр 
сүттілігіне, саулық жүнділігіне, мекиен жұмыртқалағыштығына ж.б. ӛнімдік 
кӛрсеткіштеріне байланысты ӛзгереді. 
Жұмыс атқармай (ӛнім ӛндірмей) тынығудағы мал организмінің 
мұқтаждығы азық жеп, су ішіп, ас қорытуын, қан айналымын, тыныстануын 
ж.б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтау қажеттігінен туындайды. 
Орташалап алғанда малдың осы тіршілігін қамтамасыз етуге организмдегі 
энергияның 40-60% жұмсалады: оның кӛлемі кеміген сайын ӛнім ӛндіруге 
жұмсалатын энергия кӛлемі ӛседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі больш, 
тірілей салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын 
қоректік заттар үлесі ӛседі де, ӛнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын 
қоректік заттар үлесі артады. Ӛны ӛнім ӛндіру қажеттігімен белгілейді. 
Организм қоректік мұқтаждығының бұл екі қыры үздіксіз зат пен энергия 
алмасуында бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, жалпы мұқтаждығы 
біріктірілген азықтандыру нормасымен белгіленеді.
Организмдегі үзіліссіз жүретін зат алмасуыңда пайда болатын бүкіл 
(брутто) энергияның тіршілікті қамтамасыз етуге және ӛнім ӛндіруге 
жұмсалатын кӛлемдерін бӛлу қиын. Әсіресе жас мал денесінде тіршілікті 
қамтамасыз ету үдерісімен қатар ӛсіп, жаңа тоқымалар пайда болу үдерісі бірге 
жүріп тұратындықтан олардың тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия 
кӛлемін тірілей салмағына (ТС, кг) байланысты аштық алмасуда ағзалары мен 
ұлпаларындағы тотықтығуға жұмсалатын энергияның минимумын (АА, 
МДж/тәулігіне) ретінде келесі теңеумен есептейді: 
АА : 5,67 + 0,061 
х 
ТС. 


129 
Тіршілікті қамтамасыз ету мен қимыл энергиясына қоса малдың жалпы 
энергетикалық мұқтаждығына ӛнім ӛндіруге шығындалатын энергия кӛлемі 
қосылады. Сүт, жүмыртқа секілді организмнен сыртқа шығарылатын ӛнімнің 
энергиясын тікелей калориметрлеу арқылы анықтауға болатын болса, мал 
денесінде ет (бүлшық ет + май) түрінде жиналатын ӛнімді не тікелей сойылған 
бақылау бастарының денесін морфологиялық бӛлу арқылы, не кӛміртегі мен 
азот балансы бойынша жанама тәсілмен есептеп анықтайды. 
Азықтандыру нормасының энергетикалық кӛрсеткішін анықтағанда 
малдың оған мұқтаждығымен қатар желінген азықпен жеткізілген брутто 
энергиясының зат алмасу үрдісіне жұмсалатын физиологиялық пайдалы, яғни 
алмасу энергиясына айналуын ескереді. Бұл айналуға, бір жағынан, азықтың 
жалпы энергиясы (ЖЭ) мен алмасу энергиясының (АЭ) қатынасымен 
анықталатын алмасу энергиясының пайдаланылымдығы (доступность - q) және 
азықтың 1 кг қүрғақ затындағы АЭ/ЖЭ қатынасымен анықталатын жалпы 
энергия алмасулығы (обменность - Q), екінші жағынан, желінген азық құрғақ 
затындағы алмасу энергиясыньщ шоғырлану дәрежесі ықпал етеді. 
Түріне, жасына, жынысына, ӛнімдік бағытына (тұқымына), физиологиялық 
ахуалына, тірілей салмағы мен ӛнімділігіне байланысты ӛзгеретін мал түлігінің 
қоректік мұқтаждығын белгілеген азықтандыру нормасының кӛрсеткіштері 
ретінде организмнің жалпы, яғни ӛсіп-ӛну, кӛбею, ӛнім ӛндіруге қажет 
энергиялық мұқтаждығын кӛрсететін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет