133
рецепторларын тітіркендіріп, қарын моторикасы
мен ішек перистальтикасын
қалыпты жүргізу үшін кемінде 4-5 кг, яғни тірілей салмағының әр 100 кг-на 1
кг-нан аса ірі жасұнықты жемшӛп жегізілуі керек.
Мал ӛнімділігі ӛскен сайын рационда аумақты азық үлесі кемітіліп, орнына
құнарлы азық үлесі молайтылады. Мысалы, тұқымдық тӛл азығында құнарлы
жем кӛлемі басқа тӛлдікінен 10-15% арттырылса, ұрық алынатын бұқа жеміне 5-
10% жануар тектес азық қосылады. Шошқа рационында жасұнық кӛзі ретінде
шӛп ұны беріледі, ал жеміне - 3-5% жануар тектес азық қосылады: жазда жем
үлесі 75-90%-ға дейін жеткізіліп, шырынды, ірі азық орнына кӛк азық беріледі.
Осылайша азықтандыру рационына кіретін жемшӛп кӛлемін мал
мұқтаждығының кӛрсеткіштеріне сәйкестендіріп белгілейді. Ол үшін, алдымен,
берілетін азықтар кӛлемін, азық ӛлшеміне алмасу энергиясы бойынша
энергетикалық мұқтаждыққа сәйкестендіреді де олардың желінуін,
яғни мал
қарнына сиюын, 100 кг тірілей салмағына шаққандағы құрғақ зат кӛлемі мен
бақылайды. Содан кейін рационның құрылымдық қоректілігін қорытылатын
протеин бойынша сәйкестендіріп, мал қажеттілігіне сәйкес ас тұзын, кальций-
фосфор, каротин қосындыларымен толықтырады.
Рациондағы басым азық түрімен азықтандыру типін айғақтайды.
Шаруашылықта қалыптасқан жемшӛп қорына,
ондағы басым азықтық
дақылдарға байланысты мал басын азықтандырудың пішендік, пішендемелік,
сүрлемдік, жемдік, пішендік-жемдік, т.с.с типтерін айқындап,
солардың
негізінде әр табиғи-экономикалық ӛңіріне мал түлігі, жыныстық-жастық және
ӛндірістік топтарына типтік рациондар ұсынады.
Барлық кӛрсеткіштері бойынша азықтандыру нормасына сәйкес
құрастырылған рационды толық бағалы (құнарлы) рацион деп атайды.
Рационный тіпті бір кӛрсеткіші нормаға сәйкес келмесе тӛл ӛсіп-жетілуі
тежеліп, сақа мал ӛнімділігі тӛмендейді. Бұл ұзаққа созылса мал арықтап, түрлі
ауруға шалдықкыш келеді. Азықтандыру деңгейі мен сапасын қадағалауды, бір
жағынан, малға жегізілген жемшӛп құрамы мен қоректілігін, құнарлылығы мен
сапасын зерттеп, жұмсалған кӛлемін есептеу арқылы қадағаласа, екінші
жағынан, мал мен құстың сырт түрі мен пошымын, қоңдылығы мен кӛңіл-күйін,
жүріс-тұрысы
мен қимылының сергектігін, тәбеті мен тезек, зәр шығаруын
бақылап байқайды.
Рацион минералдық және дәрумендік жеткіліктілігін ол элементтер мен
витаминдердің қандағы, сүттегі, жұмыртқадағы, жүндегі,
ағзалар мен
мүшелердегі кӛлемімен бақылайды. Минералдық тыңайтқыш кӛп қолданылған
жердің азығын пайдаланғанда малды нитраттар мен нитриттердің зиянды
әсерінен сақтандыру қажет. Олармен уланудың бастапқы белгілерін қан мен
сүттің каротин және А дәрумеңінің азайып, меттемоглабин ұлғаюынан байқауға
болады.