Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

экзогендік,
яғни 
сыртқы, су деп атайды. Олар ас қорыту барысында ішектен қанға сіңіріліп, зат 
алмасуына пайдаланылады. Ас қорыту барысындағы ферменттелуде азықтап 
бостылған су ішілген сумен қоса денедегі су қорын толықтырады. Сонымен 
қатар денеде органикалық қосындылар ыдырауынан метиболикалық, немесе
 
эндогендік,
яғни ішкі, су пайда болады. Толық тотығып ыдырағанда 100 
белоктан - 41,5 г, кӛмірсулардан (глюкозадан) - 55.5 г, майдан - 107 г су пайда 
болады (3.8-сурет). 
3.8сурет – Сыртқы температураға байланысты сиыр денесіндегі су алмасуы


153 
Құс денесінде ӛндірілген 1 ккал энергияға 0,135 г мета- боликалық су пайда 
болатындықтан, эндогендік су мӛлшерін есептеуге болады. Мысалы, тәулігіне 
300 ккал ӛндірген денедегі пайда болаған 40 г эндогендік су құстың тәуліктік су 
пайдаланымының 15% құрайды. Ол су жасушадағы заттардың молярлық 
шоғырлану дәрежесін тӛмендетіп, метаболиттердің жылжуын жылдамдатады. 
Сыртқы ауа температурасы жоғарылаған сайын термен шығарылған ылғалы 
ӛсіп, мал тез шӛлдейлі. Ыстықта мал басының суару кӛлемін ұлғайтқанмен оны 
орта мӛлшердің 25%-нан асырмайды. Әйтпесе, термен шыққан тұздар денедегі 
электролиттік баланс пен гидро-гомео-термиялық кӛрсеткішті бұзады. Мал 
денесіндегі су шығынының толықтырылуын жүйке-гуморальдық жүйе бақылап, 
реттестіреді.. 
Судың осмостық қысымы қандікінен жоғары болуына байланысты, ішілген 
және жеген азығымен ас қорыту жолына енген су қанға сіңіріледі де қайта 
сілекеймен қарынға, ал ас қорыту сӛлдерімен - ішке құйылады. Тоқ және тік 
ішекте химус (жын) суы қайта сіңіріліп, тезекпен оның аз бӛлігі шығарылады. 
Ac қорытуы бұзылып, мал тышқақтағанда судын қайта сіңірілуі нашарлауынан, 
организмнің сусыздану қаупі ӛседі. Бұлай сусызданудан дене электролиттері 
қоюланып, организм гомеостазы бұзылады. Сондықтан диспепссияға 
(тышқаққа) шалдыққан тӛлге суды парентралдық, яғни ауыз қуысынан, басқа да 
жолмен құюға мәжбүр етеді.
Денедегі су кӛлемінің 1-2% азайуы дене сұйығының қысымын ӛсіріп, мал 
шӛлдей бастайды да, гипоталамусқа су қорын толықтыру қажеттігі туралы белгі 
беріле бастайды. Содан гилоталамустан қанға бӛлінетін антидиуретикалық 
гормонный (АДГ) деңгейі жоғарылап, организмдегі суды үнемдеп жұмсауға, 
бүйректегі суды қайта сіңіруге тапсырма таратылады. Мұның әсерінен зәр 
бӛлінуі шектеліп, денедегі электролиттер мӛлшері азаяды. Денедегі су қоры 
одан әрі азайса, плазманың осмостық қысымы ӛседі де, қанға ӛткен 
интерстицилдық сұйықтан гипертоникалық сипат алады. Жасушадағы су мен 
калий иондары жасуша аралық кеңістікке ӛткендігінен, жасуша қызметі 
бұзылып, тоқыманың гидратациялануы ӛседі. 
Аштықтан гӛрі мал шӛлге тӛзімсіз келеді. Сусыз қалған мал азықсыз, бірақ 
суарылып тұрған малдан 10 есе қысқа мерзімде (30-40 тәулікте, тірілей 
салмағының жартысын жоғалтқанда), ӛлетін болса, сусыз тек 4-8 тәулік 
шыдайды. Аштыққа мал дене майының толық (100%), белок қорының 
жартысының (50%) шығындалғанына дейін шыдайтын болса, шӛлдегенде 
денесіндегі су қорының 10% жоғалтылғанда функциялары қатты зақымдалып, 
жүйкесі жұқарып, титықтап барып, 15-20% жоғалтылғанда ӛлімге ұшырайды. 
Жеткілікті суарылмаған малдың тәбеті бұзылып, азық жеуі азаяды да, 
салмақ қосымы тӛмендеп, ӛнімділігі кемиді. Сусызданудан (гидратапиясыз- 
данудан) тірілей салмағы 4-5% кеміген мал мазасызданып, азықтан бас тартады 


154 
да, 6-8% кемігенде қанның қоюлануынан орталық жүйке жұмысы бұзылып 
"гидратациялық ашығуы" байқалады. Салмағы 15-20% кеміген жылқы - 17-18 
тәулікте, ит - 8-10 тәулікте ӛледі. Суарылмай кұрғақ азық берілген ешкі тірілей 
салмағының 47% азайғанша 36 тәулікке, оның соңғы 10 күнінде азықтан мүлдем 
бас тартып, шыдаған. Тауық мекиені сусыз жұмыртқалаған кезеңде 7-8, ал 
жұмыртқаламған кезеңде 24-25 тәулік шыдаған. 
Шӛлдеу мен қатар организмге судың кӛп мӛлшері де зиянды. Судың 
шамадан тыс кӛлемі денедегі электролиттерді ыдыратып, торшаны 
зақымдауынан организімнің
 
"сумен улану" 
қаупі туындайды. Қанмен басқа да 
тоқыма торшалары ісініп, қан қысымы ӛседі. Іштегі судың кӛп мӛлшері қоректік 
заттар сіңімділігін тежейді. Мал мен құсты суару мӛлшері жасы мен 
ӛнімділігіне, сыртқы орта температурасы мен жемшӛп ылғалдылығына 
байланысты ӛзгереді. Тәулігіне, орташа, сиыр басына 60 л, жылқы басына - 40 
л, шошқа басына 13 л, қой басына - 7 л. ешкі басына 6 л, тауық басына - 0,2 л су 
қажет. Немесе олардың жеген азығының 1 кг құрғақ затына шаққанда тиісінше, 
5,0: 2,5; 4,0; 3,5; 2,5; 2,2 л су беру керек.
Тәулігіне 53 л су ішіп, жеген жемшӛбімен 27 л су енген сауын сиыр 1 л 
сүтке: 10 л сүт сауылса - 8,0 л, ал 15 кг сүт сауылса 5,3 л су шығындайды. Бұл 
мал ӛнімділігі ӛскен сайын суды үнемдеп жұмсайтының кӛрсетеді Осыған 
байланысты жемшӛптің 1 кг азық құрғақ затына, жалқы қозы емізетін саулыққа 
- 3,5-4,3 л су беру қажет болса, егіз қозысын емізетін саулыққа одан 1,5-2 есе аз 
- 2-2.5 л су беру жеткілікті. 
Сақа мал суарылатын судың температурасы - 10-12°С. буаз малдікі - 12-
15°С, тӛлдікі 15-20°С болғаны дұрыс. Жылқы мен мүйізді ірі қараны тәулігіне 3 
рет, сауын сиырды 4-5 рет, қой мен ешкіні - 1-2 рет, ал шілдеде - 3 рет суғаруға 
болады. Орта есеппен тәулік бойы жылқы — 30-40 л, ірі қара - 60-70 л, алты 
айлық жас бұзау — 10 л, қой мен ешкі-8 л, қозы мен лақ - 4 л, қоян - 3-4 л, 
құстардан: ірі тауықтар - 0,3 л, күркетауықтар - 0,8-1 л, ірі үйректер - 0,5- 0,7 л, 
ірі қаздар - 0,9-1,3 л су ішеді. 
Мал суаруға судың түрлі атмосфералық, жер бетіндегі және жер астыңдағы 
кӛздері пайдаланылады. Атмосферадан жаңбыр, қар, шық, тұман түріндегі 
жауын-шашынмен азот, оттегі мен кӛміртегінің қос тотығына қаныққан су 
жауады. Кӛмірқышқыл газынан олардың дәмі жағымсыз болып, ішуге, мал 
суаруға жарамауы мүмкін. Азотты тыңайтқыш қолданған жердегі суда 
нитриттер мен нитраттар мӛлшері кӛбейеді. 
Мал суаруға пайдаланылатын бұлақ, озен, кӛл секілді су кӛздерінің 
әрдайым тазалығын қадағалап, қажетті жағдайда суын алдын-ала тазартудан 
ӛткізеді. Ең таза су кӛзі болып жер асты сулары есептеледі. Бірақ мал суаруға 
қолдану үшін алдын ала олардың құрамын тексеру қажет. Ӛйткені ол сулардың 
химиялық құрамы жергілікті топырақтан оларға еріп енетін түрлі тұздарға 


155 
байланысты ӛзгереді. Жер асты сулары топырақтан сүзіліп, минералдану 
арқылы тазарады. Құрамында кӛміртегінің қос тотығы мен тұщы суда аз 
кездесетін бром, йод, фтор, темір, радий, т.б. элементтер мӛлшері 1000 мг/л-ден 
асса оларды минералды суларға жатқызады. 
Мол минералданған су мал ұлпасының гидрофильдігін ӛсіріп, диурезін 
тӛмендетеді. Денесінде судың кӛп жиналуынан малдың тірілей салмағы 
ауырлайды. Судың 1 г/л-ден асқан сілтілігі малдың, әсіресе, тӛлдін ішін 
айдайды. Бірақ ұдайы сілтілі су ішкен мал оған біртіндеп 2,5 г/л денгейіне дейін 
үйреніп кетеді. 1%-дан астам хлоридтер суды тұз татырып, ұлпаны 
сусыздандыру арқылы организмнің электролитикалық теңдігін бұзады. Мал 
суарылатын судың минералдану кӛрсеткіштері келесі келтірілген шектік 
кӛрсеткіштерден аспауға тиіс (3.4-кесте). 
3.4-кесте – Мал суарылатын ауыз судың минералдануының шектік
кӛрсеткіштері 
Мал түлігі 
Минералдық қосындылар, мг/л 
Жалпы 
қаттылығы 
мг-экв/л 
Құрғақ 
қалдығы 
Хлорид- 
тері 
Сульфат-
тары 
Сиыр, бұқа 
800 / 2400 
120 / 600 
250 / 800 
10 / 18 
Бұзау, тана 
600 / 1800 
100 / 400 
200 / 600 
10 / 14 
Қой 
1000 / 5000 700 / 2000 
800 / 2400 
24 / 45 
Қозы,тоқты 
300 / 3000 
500 / 1500 
600 / 1700 
20 / 30 
Шошқа 
600 / 1200 
100 / 400 
200 / 600 
8 / 14 
Торай 
500 / 1000 
100 / 300 
180 / 500 
8 / 12 
Жылқы 
500 / 1000 
100 / 400 
150 / 400 
10 / 15 
Құлын-тай 
400 / 800 
80 / 300 
120 / 350 
10 / 12 
Ескерту.
 Алымында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет