Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


- 40-50 мл  уыз ішкізеді. Мӛлшері тірілей салмағының



Pdf көрінісі
бет77/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 -
40-50 мл 
уыз ішкізеді. Мӛлшері тірілей салмағының
 
1/6-1/5 бӛлігіндей келетін 1,5-2 л
 
уызды бұзауға
 
алғашқы 2-3 тәулікте 4-5-ке бӛліп, ал одан кейінгі күндері 2-2,5 л 
уызды - 3-ке бӛліп емізеді. 4-5 күндігінен бастап бұзауға уыз берілгеннен кейін 
1,5 сағаттан соң қайнатылып алғашқыда 15-20°С, кейіннен 12-14°С градусқа 
дейін суытылған су ішкізеді. 
2.3 Мал суару гигиенасы 
 
Су алмасуы.
Су бүкіл жануар денесінің негізгі ортасын құрайды. Мал 
ұрығында 97%, мида 86%, бүйректе 80%, бауырда 70%, сүйекте 20% су болады. 
Денедегі судың жартысынан кӛбі (55%) бұлшық етте, 10% теріде, 6-7% сүйек 
пен қанда, 5% бауырда шоғырланады. Денедегі су кӛлемі мал жасы мен 
қоңдылығына байланысты ӛзгереді. Мысалы, жаңа туылған тӛл денесінде су 75-
80%, тана денесінде 60-65% болса, ӛсіп сақайған мал денесінде оның мӛлшері 
50-55% болып, ал бордақыланып, қондылығы кӛтерілген шошқа денесінде 40-
45%-га дейін азаяды. Арық қойдың денесіндегі 60% су, семіз қой денесінде 44-
48%-ға дейін кемиді. 
Ақуыз коллоидтардағы су барлық, жасуша мен тоқыма құрамына 
кіретіндіктен, организмдегі бүкіл зат алмасуы сулы ортада және судың тікелей 
қатынасуымен ӛтеді. Денедегі барлық полимерлену және полимерсіздену 
реакциялары суды босату не байланыстыру арқылы ӛтетіндіктен, ӛзінін жалпы 
инерттігіне қарамай, су ферменттер ықпалымен организмдегі барлық дерлік 


150 
гидролиздену, гидратацнялану, тотықсыздану- тотығу, органикалық қосынды 
түзу, торшалық тыныстану реакцияларына қатысады. 
Диэлектрикалық 
тұрақтылығы 
жоғары 
иондандырушы 
еріткіш 
болғандықтан, су электролиттер еріткіші ретінде, иондық және осмостық 
теңдікті ұстауға, торша мембранасынан қоректік заттардың еніп, алмасу 
қалдықтарының сыртқа шығарылуына тікелей қатысады. Су зат алмасуының 
барлық тотығу, гидролиздену, т.б. реакцияларына қатысып, олардың аяққы 
қосындыларын организмінен шығаратындықтан, бүкіл аноболизм, катоболизм 
үрдісін қамтамсыз ететін резорбция, диффузия, осмос, т.б. гомеостатикалық 
жағдайлар туындауы судын тікелей қатысуымен және суды ортада ӛтеді. 
Жылуды мол сидырып, жылдам ӛткізгіш қасиеттеріне байланысты, су жануар 
денесіндегі жылудың біркелкі таралып, шамадан тыс кӛлемі термен шығарылуы 
арқылы дене температурасының 
гомеотермиялығын (латыншa "go то" - бірдей, 
"termo" - жылулық)
,
яғни бір қалыптылығын сақтауға себептеседі. 
Осмостық және буферлік жүйелерде ерітілген кристаллоидтер және 
коллоидтармен 
байланыстағы 
суды 
физика-химиялық 
қасиеттерімен 
ерекшелінетін екі топқа бӛледі: 1) денедегі барлық судың 70% құрайтын - 
жасуша ішіндегі су; 2) қалған 30% құрайтын жасуа аралық қан плазмасы, 
интерстициалды сұйық пен лимфа суы. Жасуша ішіндегі су коллоидгық жүйе 
ақуызымеи байланыста және гидратталған иондар түрінде болады. Оны 
байланған су десе, негізінен, бос күйінде жиналатын жасуша аралық бос суды 
органикалық және минералды қосындыларды ерітуге пайдаланылады. 
Суды қоректік заттардың белгілі бір тобына жатқызу қиын, ӛйткені 
органикалық қосындылар секілді ол ӛздігінен тотығып энергия шығарып, жылу 
бӛлмегендіктен, әдетте, минералды қосындыларға жатқызылады. Бірақ 
минералдық қосындыға жатқызылғанмен оның құрамы органикалық Н және О 

2
О) элементтерінен тұрады. Сумен малдың кей элементке 1-10% 
мұқтаждығы қанағаттандырылады. 
Мал денесіндегі су әрдайым ауыстырылып тұрады: денеден шығарылған 
судың орнына сыртқы ортадан суару суымен және желінген азықпен су енеді. 
Енген су ас қорыту жолынан, бір жағынан сіңіріліп жатса, екінші жағынан, 
сілекей және қарын, панкреаттық және ішек сӛлдерімен одан 2-2,5 есе кӛп 
мӛлшерде қайта құйылып жатады. Сіңірілген судың біршама бӛлігі нәжіспен 
(қой құмалағының ылғалдығы 60-70%, сиыр жапасынікі - 80-88%, шошқа 
нәжісінікі - 77-82%, құс саңғырығынікі — 70-80%), қалғаны бүйрек арқылы - 
зәрмен, тері арқылы — бумен, ӛкпе арқылы - тыныстану ауасымен 
шығарылады. 
Бүйректің зәр шығаруы, онда қаннан экскрецияланатын электролиттер мен 
жануарларда мочевина (зәрлік), ал құста зор қышқылының деңгейімен, 
шектеледі. Осы қосындылар деңгейімен бүйректегі несеп сүзілуі реттестіріліп, 


151 
организм су жұмсалуы үнемделеді. Тәулігіне тірілей салмағының 1 кг-на 17-45 
мл зәр сүзілетін сауын сиыр басы 5-14 л, 4-18 мл зәр сүзілетін жылқы басы 4-18 
л, 10-40 мл зәр сүзілетін қой мен ешкі басы 0,5-2 л, 5-30 мл зәр сүзілетін шошқа 
басы 2-6 л, 25-120 мл зәр сүзілетін тауық басы 0,05-0,2 л зәр шығарады. Кӛтен 
ішегінде (клоакада) қайта сорылатын құс зәрінің суы саңғырығының сыртқы, 
зәр қышқылымен ақшыл түске боялған, қабығымен шығарылады. 
Бүйрек қызметі бұзылған мал денесіндегі натрий хлориді теріде жиналып, 
ондағы осмостық қысымды бұзудың салдарынан мал ісінің, зат алмасуына 
кедергі туындайды. Организмдегі су кӛлемінің 10% азаюы, жүрек жұмысын 
әлсіретіп, тамыр соғуын жиілетеді де дене жылулығын кӛтеріп, малдың тәбетін 
бұзады. Су жетіспеген малдың бұлшық еті дірілдеп, ағзаларының кілегей 
қабығы құрғап, сарғаяды. Сүт қышқылы молайып, тотығу барысы тежеліп, қаны 
қоюланады. Малдың дене жылуы кӛтеріліп, тыныстануы жиілейді, тоқыма мен 
мүшелері сусызданып, ас қорыту сӛлінің бӛлінуі азаяды, тәбет бұзылып
ӛнімділігі күрт кемиді. Бауыр, бүйрек, қандағы осындай ӛзгерістер мен белок 
ыдырауынан мал организмі уланады. 
Тыныстану арқылы мен терлеу арқылы шығарылатын су кӛлемі сыртқы ауа 
температурасына байланысты ӛзгереді. Мысалы, 28-29°С ыстықта сиыр денеден 
сыртқа шығарылған бүкіл ылғалының - 21-27%, 17-23°С-та саулық - 17-34%. 
24,5°С-та қоян - 27-34%, 16-27°С-та тауық - 10-25%-ын шығарып, дене 
жылулығының гомостатикалық, тұрақытылығын сақтайды. Термен шыққан әр 1 
г сумен: сыртқы орта температурасы 22°С болса 0,584 ккал, 39°С болса – 0,578 
ккал энергия шығарылады. 
Мал денесіндегі судың біршамасы, 1 граммы 0.5 г суды байлайтын, белок 
молекулаларымен (бұлшық еттегі 18% белоктың 9%) абсорбциялық байланыста 
боладтындықтан, семіз малмен салыстырғанда арық малдың салмақ жоғалтуы 
денсаулығына анағұрлым қауіпті. Мысалы, 5% майы бар дененің салмағы 1/10 
кемігенде жасуша ішінде байланған суының 1/5 бӛлігі жоғалтылса, 35% майы 
бар дененің салмағы сол мӛлшерде кемігенде оның тек 1/15 бӛлігі ғана 
шығындалады. 
Малдың суға мұқтаждығы жасы ұлғайған сайын кемиді. Айталық, тірлей 
салмағы 50 кг тартатын бұзау тәулігіне ӛз денесіндегі жасуша-аралық су 
кӛлемінің жартысына жуығын, яғни 1/2 бӛлігін ішсе, сақа мүйізді ірі қара мал 
оның тек 7/1 бӛлігін ғана ішеді. Бұл бұзаудың емген әp 1 л сүтіне ұлтабарда 
қарын сӛлімен одан екі есе кӛп су шығарылатындығымен де байланысты. 1 кг 
сүт түзілуіне азық пен енген суды қосқанда 4- 5 л су қажет болғадықтан, 
шӛлдеген сиырдың сүт сауымы күрт кемиді.
Сырттан енген судан басқа, организмде біршама су жасуша ішіндегі 
ыдыраудан да пайда болып, негізінен тері, қосушы тоқыма мен бұлшық етте 
жиналады. Оның алмасуын реттестіруде терінің атқаратын қызметі ерекше. Тері 


152 
сыртқы суды ішке қарай ӛткізбей, ішкі суды тер мен эпидермисі арқылы 
шығарып, 
дене 
жылулығының 
біркелкілігін 
сақтауға, 
организмді 
сусыздандырмай тұздардың шығынын азайтауға, бүйрек кызметінің қалыпты 
сақталуына себептеседі. Теріде дене суының 10% жиналады. Онымен 
организмдегі натрий хлоридтін 1/3 бӛлігі байланатындықтан, тері суы 
минералды заттар алмасуын реттестіруде де маңызды қызмет атқарады. 
Организм судың үш кезін пайдаланылады: 1) суару суы; 2) желінген 
жемшӛп суы: 3) алмасуда босайтын метаболикалық су. Метаболикалық судың 
басым бӛлігі денедегі майдан пайда болатындықтан, мал денесіндегі май 
қорына, мысалы, түйе ӛркеші, қой құйрығына, денедегі су кӛзі ретінде қарауға 
болады. Суарылғандағы су мен желінген жемшӛп енген суды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет