Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Малды азықтандырудағы зақымдалудан сақтандыру



Pdf көрінісі
бет81/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 
3.4 Малды азықтандырудағы зақымдалудан сақтандыру 
 
Мал азығының тазалығын сақтап, санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай 
болуын қадағалау 
қажет. 
Азықтың бӛгде 
заттармен 
ластануынан, 
азықтандырудың дұрыс ұйымдастырылмауынан малдың ас қорыту ағзаларының 
анатомиялық құрылымы зақымдалып, жекелеген мүшелерінің қызметі бұзылуы 
мүмкін. Ластанған жемшӛп ас қорыту барысын бұзады, қоректік заттар 
қорытылуын, азықтың сапасын күрт тӛмендетеді. 
Азықтандырудың зақымдаушылық әсері механикалық, физикалық, 
химиялық және биологиялық себептерден туындайды. Айталық, азықпен бірге 
енген сым, шеге, әйнек, шыны, құм, қиыршық, тас секілді бӛгде заттардан ас 


161 
қорыту жолы механикалық түрде зақымдалса, олардың ас қорту жолында ұзақ 
мерзім жатып қалуынан мүше қызметі бұзылу қаупі ӛседі. Жеген жемшӛппен 
енген қатты да ӛткір заттар алдымен ӛңешті, месқарын мен тақия, жалбыршық 
қарындарды, диафрагманы механикалық түрде зақымдап, тіпті тесіп те жіберуі 
мүмкін. Кӛп молшерде енген топырақ пен құм месқарынның руминациялық 
моторикасын (жиырылуын) бұзып, тақия қарын мен жалбыршықта жиналып, 
малдың күйіс қайыруын нашарлатады, қарның кептіріп, ӛнімділігін 
тӛмендетеді. 
Оған душар болған малдың мазасы кетіп, кӛңіл-күйі нашарлай түседі. 
Зақымдалу салдары асқынған жағдайда ас қорыту ағзалары қатты 
жарақаттанып, мал тіпті ӛлімге ұшырауы мүмкін. Жылқы ішіне енген топырақ 
пен құм жылқының айналмалы (ободочная) тоқ ішегінде (қартасында) жиналып, 
ішін қатырып, қатты түйнетеді (колики). Жиналған бӛгде заттар ішектің кілегей 
қабығын жарақаттандырып, түйнетуінен зардап шеккен жылқыға дер кезінде 
малдәрігерлік кӛмек кӛрсетілмесе болмайды. 
Мүйізді ірі қара малдың ауыз қуысын қатайған ірі жемшӛп сабағы, тікені, 
астық тұқымдастар дәнінің қылтаны зақымдайды. Олардың тереңдеп кіріп, дер 
кезінде шықпаған жерінде, алдымен іріңді жара пайда болып, асқынған 
жағдайда, емделуі күрделі, актиномикозға соқтырады. Актиномикозға 
шалдыққан малдың жемшӛп жеуі күрт кеміп, ӛнімділігі тӛмендеп, жылдам 
арықтай бастайды да дер кезінде шара қолданбаса мал аштан ӛлу қаупі тӛнеді.
Сондықтан қатты сабақты немесе қылтанақты жемшӛпті малға жегізер 
алдында алдын-ала ӛндеуден ӛткізу керек. Мысалы, топан аралас сабанды 
ылғалдандырып, кальцилеп, немесе кӛкшоп пен 1/3 бӛлігі ара-қатынаста 
араластыра сүрлемге салып, жұмсартады. Ондай жемшӛпті турап, мыжып, 
буландыруға, ал қылтанақты дақылдарды пішендемеге салып немесе оларды 
жем қосындысы мен түйіршіктеп, брикеттеуге болады. 
Кезінде Алматы облысындағы Сарыбұлақ бордақылау кешенінде қатты 
қамыс, сабан секілді ірі жемшӛпті гидротермиялық жолмен буландыру және 
қайнатудан ӛткізіп малға жегізген тәжірибемізде, бір жағынан, буланып 
жұмсарғандықтан желінуі жоғарыласа, қайнатылған судың, еріткіштігі мен 
сіңімділігінің артуынан, қоректік заттар ыдырауы жеңілдеп, сіңірілуі артты. 
Бордақылаудағы малдың ауыз қуысы зақымдалмай, актиномикозға шалдықпай, 
тәуліктік тірілей салмақ қосымы ӛсті. 
Азықтандыру барысындағы жарақаттанудан сақтандыру үшін малға 
берілетін жемшӛпті алдын-ала тазартып, жұмсартады. Ол үшін алдымен мал 
азығын дайындау, тасмалдау мен сақтауда тазалық пен қауіпсіздік шараларын 
сақтауды мұқият сақтау қажет. Мал жайылымы мен шабындықты 
қоқыстандырмай таза ұстап, шӛп шабыста, жинау мен сақтауда қауіпсіздік 


162 
ережелерін сақтап, жиналған жемшӛпті бууға, қаптауға қолданылған сым, 
шпагат қалдықтарын мұқият жинау керек. 
Мал азығын топырақ пен шаң-тозаннан желдетіп, ал сым темір не басқа да 
метал қосындыларынан арнайы магниттік қондырғыдан ӛткізш тазартады. 
Зоогигиеналық талаптарға сай мал азығына жұмсалатын жем мен шӛп ұнында 
топырақ, құм, т.б. секілді бӛгде минералдық қосындылар - 1%-дан, құрама 
жемде - 2%-дан, 1-ші класс пішенінде - 0,3%-дан, 2-ші класс пішенінде - 0,5%-
дан, 3-ші класс пішенінде - 1%-дан аспауы керек те, ал шеттері ӛткір металл 
қалдықтары мүлдем болмауға тиіс. 2 мм-ден аспайтын металл бӛлшектері 1 кг 
ӛңделген дән қалдығы мен шӛп ұнында - 30 мг-нан, қылқан ұнында (хвойная 
мука) - 10 мг-нан, мал азықтық ұн мен кебекте - 5 мг-нан аспауы керек те 
құрама жем құрамындағы 0,5 мм-ден майда бӛлшектері — 0,01 %-дан аз болуға 
тиіс.
Малдың ауыз қуысы мен ас қорыту жолын зақымдайтын дәннің қатты 
қабыгының кӛлемі: күнбағыс күнжарасында - 15,5%-дан, күнбағыс шротында- 
16,5%-дан, мақта күнжарасында - 18%-дан, мақта шротында - 23%-дан тӛмен 
болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет