Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Мүйізді ірі қара мал кешенінде 
Жылқы кешенінде 
Сүтті сиыр 
Етті сиыр 
Құнажын, 
қашар 
Тана 
Бұзау 
100 
70 
60 
30 
20 
85 / 65 
70 / 65 
55 / 40 
28 / 25 
18 / 10 
Айғыр 
Құлынды бие 
Бие,дӛнен, 
құнан 
Тай, құлын 
70 
80 
60 
45 
45 
65 
50 
35 
Шошқа кешенінде 
Қой кешенінде 
Қабан 
Буаз мегежін 
Торайлы 
мегежін 
Бордақылауда 
Ересек торай 
25 
25 
60 
15 

10 
12 
20 


Саулық, 
қошқар 
Тоқты 
Қозы 






Ескерту
. Мүйізді ірі қара мал кешеніндегі су шығынының алымында – 
судың жалпы жұмсалатын мӛлшері, ал бӛлімінде – оның суаруға жұмсалатын 
бӛлігі келтірілген; сонымен қоса сүт ӛндіру фермасында тәуілігінде сауын 
сиыр басына 15 л, құнажын басына 5 л, тана мен бұзау басына 2 л ыстық су 
жұмсалады.
Малды жайылымда арнайы таспен немесе темір бетонмен 5 х 25 м 
аумағында тӛселген суару алаңында су кӛзінен 10-15 м жерде орналасқан 
науалардан суарады. Науаны темір бетоннан, кірпіштен, тастан, темірден, 
ағаштан, т.б. тазартуға ыңғайлы тегіс бетті су ӛтпейтін материалдан жасайды. 
Науаны жер бетінен мүйізді ірі қара малға - 50-70 см, жылқыға - 80-100 см, 
қойға - 25-35 см биіктікте "Г" не "П" әрпі тәріздес немесе үш бұрыш, шсңбер 
түрінде орналастырады. Мүйізді ірі қара мал мен жылқы суарылатын науаның 
биіктігі (терендігі) - 25- 30 см, ернеуінің ені — 35-40 см, түбінің ені — 25-30 см, 


159 
мүйізді ұсақ қара мал суарылатын науаның биіктігі (тереңдігі) - 20-25 см, 
ернеуінің ені — 25-30 см, түбінің ені - 20-25 см болады. Олардың су қалдығын 
ағызатын арнайы тесігі болуға тиіс (3.9-сурет). 
3.9-сурет – Мал суару науасы 
.Науаның жан-жағына 3 метрге тас тӛсеп немесе қиыршық тас тӛгеді. 
Зоогигиеналық талаптарға сәйкес науа ернеуінің ұзындығынан суарылатын 
мүйізді ірі кара мал басына 7-9 минутта суарылып болуы үшін науаның бір 
жағынан саурылатын болса — 75 см, екі жағынан суарылатын болса 50 см, 
жылқы басына 6-7 минутта суарылып болуы үшін науаның бір жағынан 
саурылатын болса 60 см, екі жағынан суарылатын болса 40 см, мүйізді ұсақ қара 
мал басына 5 минутта суарылып болуы үшін науаның бір жағынан суарылатын 
болса - 35 см, екі жағынан суарылатын болса 25 см науа ернеуінің ұзындығы 
келуі қажет. Әр суаратын алан ауқымы ірі қара малдын - 250 басын, ұсақ қара 
малдың 1000 басын суаруға есептеледі. Суатқа дейінгі қашықтық жайылымнан 
1-1,5 км, мал қонысынан 150-200 м аспауға тиіс. Мал айдайтын жол бойында 7-
10 км сайын суару аланын орнатады. 
Малды суару тәртібін сақтаудың да үлкен гигиеналық және қоректілік 
маңызы бар. Мысалы, авто суарғыштан сиыр аз-аздап тәулігіне 12-21 рет су 
ішеді. Автоматты суарғыш болмаған жағдайда оларды тәулігіне 3, ал жоғары 
ӛнімділерін 4-5 рет, азықтандырғаннан және сауғаннан кейін, суарады. Жаңа 
туған бузауды уыз бергеннен кейін 1,5-2,5 сағаттан соң қайнатылған жылы (30-
38°С) сумен суарады. 2 айлығына дейін оларды суаратын су температурасы - 
22-25°С, 4 айлыгына дейін 16- 18°С, 4 айдан кейін - 10-12°С болуға тиіс. 


160 
Жылқыны азықтандыру алдында немесе пішен бергеннен кейін тәулігіне 
— 3 рет, ал ыстық кезде немесе ауыр жұмыстағыларын - 4-5 рет суарады. 
Терлеген атты міндетті түрде суытып барып суарады. Суыту үшін жұмысы 
аяқталган соң атты жарты сағат демалдырып, содан соң сәл ылғалды пішен 
салып, тек бір сағаттан кейін жарты шелек салқын су ішкізеді де жарты сағат 
ӛткенненн кейін және қайталап суарады. Суды аздап жұтып ішуі үшін шелектегі 
су бетіне пішен салса болады. Құлынды биелердің суарылатын суы әрдайым 
жеткілікті болу керек. 
Қойды - таңсәріде, жайылар алдында және сәскеде - демалдырғаннан кейін 
суарады. Оларды демалар алдында шырынды балауса, әсіресе бұршақ 
тұқымдастар кӛгіне және шық түскен жерлерде жайғаннан кейін тез арада 
суармау керек. Кӛгі жас балаусалы жайлымдағы қойды, айталық ісектерді, 2-3 
тәулікте бір суаруга болады. Су тапшы жағдайда тәулігіне бір рет қана 
суарылатын қой отарының жылжуын баяулатып, ыстықтан ықтатып, жақсы 
желденетін жерде демалдырады. Қозылы саулықтардың сүттілігі, демек 
қозысының жетілуі, суаруына байланысты екенін ескереді. Жеткілікті сүт емген 
қозыны 2-3 аптаға дейін суармауға болады. Суық кезде қоздаған саулықты 
алғашқыда - 20-25°С, кейіннен 18-20°С сумен тәулігіне 3-4 рет суарады. Қыста 
қойға жемді суарғаннан кейін таратады. 
Мал суаруда судың ӛнделу тәсілін де ескерген жӛн Мысалы, қайнатылған 
судың физика-химиялық қасиеттері мен сіңімділігі, еріткіштігі, т.б. 
кӛрсеткіштері ӛзгереді. Су молекуласының электрондық орбиталдарындағы 
оттегі мен сутегінің біріккен жұбында электр потенциалы күштірек оттегі 
атомына жакқын орналасқандықтан, олар бір-бірімен бұрышты түрдегі кӛп 
молекулалы байланыс энергиясымен біріктіріледі. Су молекуласы атомдарының 
ассоциативтік энергиясы ішкі біріктіргіш химиялық энергиясынан асқанда, 
соңғылары үзіліп, босағaн су молекулалары азық қоректік заттарымен қосылып 
(гидратацияланып), олардың қорытылымы мен сіңімділігін арттырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет