Мал азықтандыру гигиенасы мен тәртібі
. Мал организмі мен сыртқы
орта арасындағы алмасу тек қана сырттан енетін азық, су, ауа сапасына ғана
емес, сонымен қатар организм ерекшеліктеріне де тәуелді. Берілген азық пен
ішілетін судың иісі мен дәмінен (тіпті түрі де болуы мүмкін) мал олардың
сапасын, улылығын (уландырушылығын) ажырата алады. Бұл оларды сапасыз,
зиянды азықтан бір сақтандырса, екіншіден, мал қарнының қышқыл реакциясы
азықпен енген микробтарды ӛлтіріп, организм мен сыртқы орта арасындағы
барьерлік, яғни тосқауылдық қызметін атқарады.
Ас қорыту жолының кӛлемі мен құрылымы жануарлар түріне байланысты
ӛзгереді (3.1-кесте).
3.1-кесте – Мал түлігінің ас қорыту жолының сиымдылығы
Жануар
түрі
Ас қорытужолының
бӛлімі
Сиымдылығы
Ішегінің
тұлғасына
қатынасы
%
л
Мүйізді ірі
қара мал
Жылқы
Шошқа
Қарын
Аш ішек
Соқыр ішек (бүйен)
Жиек пен тік ішек
Қарын
Аш ішек
Соқыр ішек (бүйен)
Үлкен жиек ішек
Жая мен тік ішек
Қарын
70,8
18,5
218
7,9
8,5
30,2
15,9
38,4
7,0
29,2
250
66
10
28
18
64
33
81
15
9
20 : 1
12 : 1
14 : 1
142
Ит
Аш ішек
Соқыр ішек
Жиек пен тік ішек
Қарын
Аш ішек
Соқыр ішек
Жиек пен тік ішек
33,5
5,6
31,7
62,3
23,3
1,3
13,1
1,6
9
1,4
4
1,6
0,1
0,9
6 : 1
Ас қорыту жолы сиымдылығының жануарлар қорегіне байланысты
ӛзгеретінін кӛреміз - қиын қоыртылатын ӛсімдік азықпен қоректенетін мал
түлігі қарнының сиымдылығы да, ішегінің ұзындығы да мол болып келеді. Тіпті
күйіс қайтаратын мүйізді ірі және ұсақ қара мал қарнының эволюция барысында
бірнеше бӛлімге бӛлінгенін жоғарыда айтқамыз. Оның алдыңғы бӛлімдері
жемшӛпті мейлінше кӛп сиғызып, микроорганизмдік ашытумен қорытылуын
жоғарылату қызметін атқарады да, нағыз қорыту тек ұлтабарында ӛтеді (3.3-
сурет).
3.3-сурет – Мүйізді ірі қара малдың кӛп бӛлімді қарыны
Ауыз қуысының сілекейімен ылғалданып, сілекейдегі амилаза ферменті
мен кӛмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарында кұрамында тұз
қышқылы бар қарын сӛлі әсер етеді. Ондағы пепсин ферменті азық протеинін
ыдырата бастайды. 12-елілік ішекте химусқа құйылатын от майлардың
қорытылуына жағдай туғызады. Негізгі қорыту аш ішекте ӛтеді де тоқ ішекте
химус суы сіңіріліп, тезек қалылтасады.
Бір бӛлімді қарынның да қарапайым (іші кілегей қабығы біркелкі) және
күрделі (кілегей қабығының әр жерінің кұрылысы мен бездері әр түрлі) түрлерін
ажыратады. Мысалы, ит қарыны қарапайым қарынға, ал жылқы, шошқа қарыны
143
күрделі қарынға жатады. Бір қарынды мал жеген азық, негізінен, аш ішекте
қорытылып, сіңіріледі. Мысалы, шошқа қарнында кӛмірсулардың тек 10% ғана
қорытылады. Кӛп қарынды малдың алдыңғы қарындары тек азықты сиғызып,
жинайтын орны болғанымен, ондағы микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы
жылы, ылғалды, қараңғы, реакциясы сәл сілтілі, қоректік затқа бай жағдай
туғызылғандықтан, олармен олардың қожайыны, яғни жануар арасында, бір-
бірінің тіршілігіне себептесушілік, симбиоздық, қатынастар қалыптасады.
Ӛсуіне қолайлы жағдай туғызылған микроорганизмдер тіршілігі, желінген
азыққа биохимиялық ӛзгерістерді ӛрістетеді. Сонын барысында, ӛсімдік
клетчаткасы ыдыратылып, жеңіл қорытылатын кӛмірсулардың ашытылуынан,
күйісті малдың негізгі энергия кӛзі болып табылатын ұшпалы май қышқылдары
пайда болады. Осылай желінген азық кӛмірсуының жартысына жуығы тікелей
қанға сіңіріліп, энергетикалық алмасу мен ӛнім түзуіне пайдаланылалы.
Азықтың желіну мӛлшері оның құрғақ затына байланысты болады.
Ӛйткені, сілекейленіп, шайналған азықтың 1 кг құрғақ заты қарында 10-15 л
химус (жынға, яғни жартылай қорытылған азыққа) айналып, он екі елі ішекке
енеді. Осылайша тәулігіне сиыр ішегіне - 250 л, шошқа ішегіне - 50 л жын ӛтеді
де оның 92% суы, 55% құрғақ заты, 53% органикалық заты (41% кӛмірсулар мен
майлар, 96% протеин), 65% минералды затты сіңіріледі.
Сіңірілген қоректі заттар мен организмдегі тіршілік барысын қамтамасыз
етуге және ӛнім түзуіне жұмсалады. Демек, азықтандыру тәртібі мен
гигиенасын сақтау арқылы мал денсаулығы мен ӛнімділігіне, ӛнім сапсына
тікелей ықпал етуге болады. Мысалы, бүгінгі күнгі жаһандану мәселелерінен
экологиялық жағдайдың ушығуы - мал шаруашылығы мен ӛніміне кері әсерін
тигізуде. Осынын салдарынан мал мен құс басының бастапқы (аборигендік)
тұқымдық қасиеттерін (генофондын) таза сақтап, экологиялық таза ӛнім ӛндіру
әр мемлекеттегі зор мәселе болып отыр.
Мұны мал азықтандыру тұрғысынан алып қарағанда, соңғы жылдардағы
жемшӛп ӛндіру мен азықтандырудың химизациялануы, қолданылатын
қосындылары, ӛнімнің экологиялық тазалығы мен сапалылығына баса назар
аударуды талап етеді. Азотты тыңайтқыштар мен азықтық қосындылар мал
ӛнімінде нитраттардың ұлғаюына апаратын болса, жемшӛптің бактериялар мен
саңырауқұлақтармен ластануы сүт, ет, жұмыртқада уландырушы афило-,
фузарио-токсиндер мен салмонелалар, т.с.с. зиянды да уландырушы токсиндер
жиналуына соқтырытып отыр.
Ауа, су, топырақтағы ӛндіріс қалдықтарының шамадан тыс шоғырлануы,
мал денесіндегі зиянды кӛлемде жиналуына соқтырып, әсіресе кумулятивтік,
яғни денеде жиналушылық қасиеті (фтор, қорғасын) барлары, мал ӛнімінде кӛп
жиналып, адам денсаулығына қауіп тудырады.
144
Мал ӛсірілетін орта экологисы таза болған жағдайда ғана олардың жейтін
азығы,
ішетін
суы,
тыныстанатын
ауасы
зоогигиеналық
талаптар
кӛрсеткіштеріне сәйкестендіріліп, мал денсаулығын сақтап, мол да сапалы ӛнім
алуға мүмкіншілік тудырады. Бұл үрдіс тек бір жақты, мал организіміне
сырттан енетін жемшӛп, су мен ауа сапасына ғана тәуелді етпейді. Оған соны
мен қатар сыртқы орта жағдайларының әсеріне организмнің ішкі ортасының
кері жауап реакциясынын да ӛзіндік әсері болады. Организімнің ондай
реакциясы
организмнің
сыртқы
орта
факторларына
эволюциялық
бейімделушілігі барысыда туындайды.
Эволюциялық даму барысында тӛрт түлік малдың қоршаған орта
жағдайына бейімделушілігі жетілгенін желінген жемшӛбімен ішілген суының
түрі, иісі мен дәм арқылы қоректілік қасиеттері мен тазалық сапасын, яғни
жайлым отындағы ӛсімдіктердін зияндылығы мен уландырушылығын
ажыратуға жеткізді. Бұл бірақ оларды зиянды, улы ӛсімдіктер жеуден
сақтандырғанымен, сыртқы ортаның ластануынан туындайтын мал азығындағы
зиянды ӛзгерістерден қорғап қалмайды. Сондықтан шаруашылықтағы мал мен
құс басының азықтандыру тәртібі мен гигиенасына баса назар аудару қажет.
Азықтандыру тәртібіне мал мен құс тез арада дағдыланып, орталық жүйке
жүйесінің
басқаруымсн
оған
бейімделген
динамикалық
стеоротипі
қалыптасады. Азықтандыру уақыты жақындағанда мал тәбеті ашылып, ас
қорыту жүйесі азық қабылдауға дайындалады да, желінген азықты жоғары
қорытады. Сондықтан малға жемшӛпті біркелкі мерзім аралағында, белгіленген
уақытта таратып, ас қорыту жолын біркелкі толықтырып тұруды кӛздейді.
Азық тарату тәртібін белгілегенде, таратуға ыңғайлылығы мен қорытылу
ерекшелігін ескереді. Әдетте, малға ірі жемшӛпті шырынды азықтан бұрын
таратады. Пішенді ертеңмен таратып түнге сабан салып қоюға болады.
Ұнтақталған жемшӛпті шырынды азықпен араластырады. Ауыр қара
жұмыстағы, терлеген аттарды міндетті түрде суытып барып азықтандырып,
содан кейін суармаса, тер қатуынан аяқтарына "жем түсіп", ішектері қатты
түйнеп ауыруы (колики) мүмкін. Терлеген атты біршама мерзім жетелеп, терін
бастырып, алдына пішен салады. Оны біраз жеп суыған атқа шырынды азық
жегізіп барып суарады да, арғынан - сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, ал
басқа жемді 1-1,5 сағат ӛткен соң жем береді. Атты жұмысқа азықтандырудан 1
сағат ӛткен соң шығарады.
Жемшӛпті мұқият шайнап барып жұтатын ескеріп, жұмыс аралығындағы
үзілісте тек жеңіл шайналып жұтылтатын және де жылдам энергия жеткізетін
тамыржемістілер мен құнарлы жем қосындысын береді. Тәуліктік жегізілетін
жемнің алғашқы жартысын - ертеңгісі мен түсте жегізсе, екінші жартысын -
кешке береді. Малдың жоғары жүйкс жүйесінде "динамикалық стеротип"
145
қалыптасатының ескеріп, жемшӛп таратудын реті мен тәртібін, мерзімін
сақтауды қатаң қадағалайды.
Жаңа азыққа малды біртіндеп, аз мӛлшерден бастап үйретеді. Мұны,
әсіресе, буаз мал азықтандыруында естен шығармау керек, ӛйткені дұрыс
қолданылмаған азық олардың, бір жағынан, іш тастату қаупін әсірсе, екінші
жағынан, іш тастатпаған жағдайда да тӛлдің эмбрионалдық дамуына кері ықпал
етуі мүмкін. Мысалы, буаздық кезеңінде сапасыз сүрлем жеген сиыр бұзауының
ас қорытуы жиі бұзылып, тышқаққа (диспепсия) ұшырау қаупі ӛседі. Жаңа
туылған бұзауларды жылы (инфрақызыл сәулелендірілген) бӛлмелерде ұстап,
астына таза тӛсеніш тӛсейді (3.4-сурет).
3.4-сурет – Жаңа туылған бұзаулар бӛлмелері
Сапасыз жемшӛппен тӛлін емізетін аналық бастардын сүт құрамын ӛзгерту
арқылы, тӛл қоректеніуне зиянын тигізеді. Сондықтан жаңа азыққа немесе
кӛктемде малды қысқы азықтардан жазғы кӛкке жаюды біртіндеп, ас қортыуын
10-15 күн бейімдеп барып үйретеді. Қатты ыстық, аптапта, бір жағынан, малдын
ас қорыту сӛлдері аз бӛлініп, құрамындағы ферменттері азайса, екінші жағынан,
жүйке кызметінің нашарлануынан ас қорыту жолының перисталтикалық
жиырылуы баяулап, қоректік заттар қорытылымы күрт тӛмендейді.
Мал азықтандыру гигенасын қарастырғанда, жаңа туылған тӛл
азықтандыруындағы уыз маңызына тоқталу қажет. Уыз иммуноглобулиндері,
тӛл организмнің ӛзіндік қорғанысын күшейтіп, оны бӛгде, оның ішінде ауру
қоздырушы, бактериялардан сақтандырады. Уыз бен алғашқы күндердегі сут
құрамында тӛлді іш және ішкі аурулардан сақтандыратын лактоферрин,
лизоцим,
лактопероксидаза.
т.с.с.
антимикробтық
заттар
болады.
Иммуноглобулиндер ұрыққа ене қанымен берілмей тек қана уызбен
146
берілетіндіктен, туылған тӛлді енесінін уызына неғұрлым ерте жарытудың
маңызы ӛте зор. Тӛл ішегінің кілегей қабығы тек алғашқы кезде ғана
иммуноглобулиндердің ірі жасушаларын сіңіретіндіктен, уыздандыруды
кешіктіруге болмайды. Ішек кілегей қабығында жиналған иммуноглобулиндер
бактерияларды жабыстырып, залалсыздандырса, антиденелер токсиндерді
усыздандырады. Тӛл ӛміршіеңдігін қамтамасыз етудегі осы маңызды
биологиялық құбылыста макрофагтар мен лимфоциттер түріндегі колосторалды
жасуаларда ат салысады.
Сиырдан сауылған сүт гигиенасын сақтау үшін сауар алдында желінін
тазартып жуып немесе ылғалды шүберекпен мұқият сүртіп, түбінен тӛмен қарай
уқалап (массаж жасап) иітеді (3.5-сурет).
3.5-сурет – Сиыр желінін сүртіп, уқалау (иіту)
Дұрыс сүртілген желін емшектері сыртқы 80-90% бактериялардан
тазартылады. Емшек үрпісіне енген бактериялардан тазарту үшін сүттің
алғашқы емшектің түбін қатты қысып тұрып (бактериялар желінге кері
кетпеулері үшін), басқа саусақтарды күшпен жұмылдыра сауылған бӛлігі түбі
қара тостағанға сауылып, тазалығы мен консистенциясы тексеріледі (3.6-сурет).
147
3.6-сурет – Алғашқы сауылған сүтті тексеру
Сүт сапасы күмән тудырған жағдайда желіннің әр емшегінен жеке саулған
сүт сынамасы желін ісігінің (маститтің) белгілерін анықтауға зерттеледі. Желіні
ісіп, маститке шалдыққан сиыр уызын сауып тӛгеді де, олардың бұзауына сол
уақытта не 4-5 сағат бұрын бұзаулаған сау сиырдын уызын береді. Жаңа
туылған бұзау енесінің уызына жарты сағат ішінде ауызданып 8-10-күндігіне
дейін ӛз енесінің сүтін емуі керек. Енесінің уызы уақытылы ішкізілген бұзау
қанының бактерицидтік және лизоцимдік әсері күшейіп, иммунитеті ерте
нығаяды. Шаруашылықтағы сүт ӛндіру технологиясына қарай ӛз енесін бұзауға
12-24-48-72 сағат емізуге болады.
Сиыр бұзаулағаннан кейінгі уыз түріндегі сүт құрамы біршама
ерекшеленеді. Уызды буаздықтың аяққы кезеңінде желінге ӛткен қан
плазмазмасының сүтпен араласқан қосындылары құрайды. Құнажын
буазыдығының 5-ші айынан организмнің қорғаныс ақуызы болып табылатын
глобиннің түзілуі ӛсіп, буаздықтың соңында сүтке араласатын плазма
заттарының шоғырлану дәрежесі 10-15 есе артады. Жаңа туылған бұзау енесінің
уызымен жарты сағатта уыздандырылып, 8-10 күндігіне дейін ӛз енесінің сүтін
емуі керек. Сонда ғана бұзау қанның бактерицидтік және лизоцимдік
пәрменділігі күшейіп, олардың иммундық қасиеттері ерте қалыптасып ауруға
шалдықпаушылығы, яғни резистентігі нығаяды. Уыздағы иммундық денелер
мӛлшерінің қысқа мерзімде кемитінен ескеріп, енесінің уызымен жаңа туылған
бұзауды ӛмірінің алғашқы сағаттарында қанытқыру (жарыту) керек (3.7-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |