139
Ылғалдылығы мен тазалығы
. Қорадағы малдың денсаулығы мен
ӛнімділігіне едені мен ауасының ылғалдылығы тазалығы зор әсер етеді. Қора
ауасының
температурасына
тікелей
байланысты
келетін
ауасының
ылғалдылығы, қалыпты жағдайда, 60-70% болуы керек. Ылғалды, суланған
жемшӛп
ауа ылғалдылығын, ал жем ұнтағы мал қорасындағы ауаны
тозаңдатып, микробтық ластануын ұлғайтатының ескеру қажет (3.2- сурет).
3.2-сурет
–
Малды әрдайым таза ауамен қамтамасыз ету қажет
Ауа қозғалысы (алмасуы)
. Қорадағы ауаны үнемі алмастырып, желдетіп,
тазалап отыру керек. Бірақ, оның жас тӛл ӛкпесін қабындырып,
суық тиюден,
тыныс жолдарының қабынуынан сақтандыратын жылдамдықта қозғалуын
қадағалайды. Сондықтан, тӛл ӛсірілетін қорадағы aуa қозғалысының
жылдамдығы: қыста - 0,1-0,2 м/сек., жазда - 0,3-0,5 м/сек., сақа мал
қораларында: қыста - 0,3-0,5 м/сек., жазда - 0.8-1,0 м/сек
аралығында болуы
керек.
Кӛмірқышқыл газы
. Мал қорасының қалапты да толық желдетілмеуіне
байланысты, ауасында малдын тыныстануымен шығарылатын кӛмір қышқыл
газы кӛп жиналып, малды уландыруы мүмкін. Осыған орай, қорадағы мал
түлігінің түрі
мен жасына қарай, қора ауасындағы кӛмір қышқыл газы
шоғырлануының шектік қалыпты кӛрсеткіші болып, мүйізді ірі қара мал
қорасында - 0,25%, тӛл қорасында - 0,2%, құс қорасында - 0,15-0,18%
табылатынын ескереді.
Шамадан тыс жиналған кӛмір қышқылынан мал алдымен тыныстануын
жиілетіеді де, болмаған жағдайда қорытылған органикалық заттардың
ыдырауынан пайда болатын сутегінің қос тотығының пайда болуын тежейді.
140
Бұдан зат алмасуындағы тотығу-тотықсыздану
барысы баяулап, малды
селқостық басып, тәбеті тӛмендеп, қоректік заттар қорытылымы нашарлайды.
Аммиак.
Қорадағы қи мен зәрдің ыдырауынан пайда болып, организм
мүшелері мен жолдарының сыртқы кілегей қабықтарына әсер ететін газдардың
бірі. Мал түліктерінің тыныс жолдарын қабындырады. Тыныс жолдары арқылы
қанға сорылып, оның құрамындағы эритроциттер санының,
олардағы
гемоглобин мӛлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Қора ауасындағы
аммиактың кӛп мӛлшерінен жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, мал
тынышсызданып, ӛнімділігі кемиді Аммиак мӛлшеріне, әсіресе, құстар сезімтал
келеді. Қора ауасындағы аммиактың қалыпты мӛлшері: сақа мал қорасында - 20
мг/м
3
, тӛл қорасында 10 мг/м
3
болуы керек. Аммиак кӛлемі 10-20 мг/м
3
асқан
жағдайда, қанда сілтілік гематин (кейбір деректер бойынша, тіпті
метгемоглобин)
пайда болуынан, гемоглобиннің оттегін тасмалдаушы қызметі
бұзылып, анемия түріндегі қан азаюы орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: