137
салынатын жер топырағының ылғал тартқыш болмағаны жӛн, ал жерасты суы
деңгейі бір метрден терең болуга тиіс.
Мал қорасын салуға жылуды жақсы ұстайтын, ӛзі берік те арзан жергілікті
құрылыс материалдарын пайдаланады. Қыстың суық күндері
қора жылуының
30-45% оның қабырғасы арқылы сыртқа ӛтетіндігінен, қора қабырғалары
ылғалды сіңірмейтін, аязды күндерде мұз қатпайтын материалдан жасайды.
Қабырғаның ішкі бетін тегістеп сылап және ақтап, ал сыртқы жағына жылу
ӛткізбейтін заттарды салып, сылайды. Қораның тӛбесін шатырлап, үстін су
ӛткізбейтін
материалмен жауып, қажетті жағдайда ішкі бетін жылу сақтайтын
материалмен қаптайды.
Қораның кіреберіс жағына үнемі күн сәулесі түсіп, қар мен мұз қатпауы
үшін, есігін оңтүстіктен, немесе оңтүстік- шыгыстан шығарады. Есік пен
терезелер арасында ауа қозғалысы болмау үшін, еден деңгейінен 1,5 м жоғары
салынатын қора терезелерін де есік түскен қабырғадан шығарады. Қорада
ӛсірілетін мал түлігі түріне, жасына, 88 жынысына және ӛнімдік бағытына
(тобына) байланысты жалпы еден аумағына (кӛлеміне) қатынасты салынатын
терезелердің,
жарық коэффициенті
деп атайтын, жалпы кӛлемінің қатынасы
қой мен ешкі қорасында 1 : 20, сиыр қорасында 1 : 16, құс қорасында 1 : 10
болуы керек.
Малды түрлі аурудан сақтандырудың негізі жолдарының бірі – қораны таза
ұсталуы және оның ішінде бірқалыпты микроклимат сақталуы болып табылады
(3.1-сурет).
3.1-сурет – Мал қорасы еденінің тазалығын сақтау қажет
Қора ішіндегі микроклимат кӛп жағдайда еденіне байланысты
болғандықтан, қой мен ешкі қорасының еденін тапталған саз балшықтан, ал ірі
138
қара мал қорасының еденін ағаш тақтайдан, кӛлемін қорадағы малдың басына
және олардың тәуілігіне зәр бӛлу мӛлшеріне байланысты жасайды. Мысалы,
тәулігіне ірі сиыр орта есеппен 20 л, ал бұзау 2 л зәр бӛлетіндіктен, сиыр қора
еденінің артқа қарай ойыстау зәр ағатын сайлары сиымдырақ болады.
Мал қорасының ішкі ауасы алмастырылып, зәр мен қидың ыдырауынан
пайда болатын зиянды газдардан дер кезінде тазартылып тұруын ескереді. Қора
ауасының бӛгде газдардан дер кезінде тазартылмауы
малдың денсаулығы мен
ӛнімділігіне кері әсер етеді. Мысалы, тек осының салдарынан сиыр сүттілігі 15-
18%-ға кемуі мүмкін. Қора ішіндегі ауа тазалығы сақталып, тұрақты алмасып
тұруы үшін, зәр мен қи жиналатын жердің тӛбесіне ашылып- жабылып тұратын
қақпағы бар ауа алмасатын құбырлар орнатады. Солар арқылы қора ішіндегі
микроклиматын, яғни ауаның қозғалу жылдамдығын, температурасын,
ылғалдылығын реттестіреді. Оған қора орыналасқан жердің бедері,
ауа райы
мен жыл маусымының әсер ететіндігін де ескеру қажет.
Қора микроклиматының қалыпты сақталмай, ӛзгеруі мал ӛнімділігін 20-
40%-ға кемітетіндігі дәлелденген. Мұның, әсіресе, жас тӛл организміне зияны
кӛп екенін ескереді. Мал қорасының микроклиматына ықпал ететін негізгі
факторларға ауанын қозғалу жылдамдығы, температурасы, ылғалдылығы
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: