Асфендияров 2-том indd


ДЕНСАУлыҚ САҚТАУ МАЙДАНыН



Pdf көрінісі
бет20/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2

ДЕНСАУлыҚ САҚТАУ МАЙДАНыН 
ТЕЗ ЖЕТІлТУ КЕрЕК
І
Денсаулық сақтау жұмысы социалистік құрылысындағы кенже 
қалған жұмыстың бірі. 
Ертең бір жағында бұған қойылатын шарт күшті. Сталин жол- 
дастың алғы шартының бірі жұмысшы табының тұрмысын оңдау 
болатын. Ендеше денсаулық сақтау жұмысына партия-кеңес 
жұртшылығы назарын аудару керек. 
Төңкерістен бұрын бүкіл Қазақстанда 98 бәлнес болған, олар- 
дағы көйке (орын) 1666 болған, дәрігер пункті 96 болған, док- 
тордың небәрі 196 болған. 
Ол кезде ауыл-пәселке халқының дені дәрігер дегенді білген 
жоқ. Сондықтан, Қазақстан үкіметі осы жағына күш салды. Соны-
мен, 1931 жылғы октябрьге қарсы бәлнес 196, койкесі 5452 бол-
ды; дәрігері емхана – 621, фельдшер пункті 475, байырғы жасиле 
67, маусымдысы 2338, ана мен бала қорғаушы консультация 50, 
тазалық докторы 25, доктор атаулы мыңнан асатын болып отыр. 
Төңкерістен бұрынғыға қарағанда өсу жағы күшті. Бірақ 
бұлар әлі де жеткілікті бола алмайды. Бүкіл Ресейде денсаулық 
жолына ұсталатын қаражат жан басына жеті 7 сом 86 тиын келіп 
отырғанда, Қазақстанда 3 сом 64 тиын келеді. 
Денсаулық сақтау жұмысы жөніндегі бес жылдық жоспар мөл- 
шерлері орындалмай, кем соғып отырған жай да бар. Мысалы: 
қалалы жұмысшы жердегі 1000 кісіге 4,4 койка келуге тиіс еді; 3,3 
койке ғана келіп отыр; ауыл-пәселке халқына 0,6 койке келуге тиіс 
еді, 0,3 койка ғана келіп отыр. 
Қалалаы жұмысшылы жерлерде бір кісі дәрігері 7,8 қабат 
көрінеді деп шамалап еді, шынында 3,3 қана келіп отыр; ауыл по-
селкелі жерлерде 0,6 қабат орнына 0,4 қабат болып отыр. 16 мың 
жанға тазалық бағалайтын бір доктор келуге тиіс еді, іс жүзінде 33 
мың жанға біреу келіп отыр. 
Сонымен, халық шаруашылығының өзге тарауларында бес 
жылдық жоспарды асыра орындап жатсақ, денсаулық сақтау 
жағынан кеп кем соғып отырмыз. 
Мұны азсынсақ, мынадай жай да бар: қазақ денірек 77 
ауданның 35-де бәлнес мүлдем жоқ; мұның ішіндегі он ауданда 
дәрігер көмегі мүлдем жоқ; 5 ауданда фельдшер пункті де жоқ. 


67
Қазақ аудандарының тең жартысы дәрігерлік көмегінен шет 
қалып отыр. Қазақ ауданың өзге жағы социализмге бейімделіп, 
жаңа жөнге салынып өркендеп келе жатқанда мәдениет-тұрмыс 
жағын да толығырақ қамту қажет болады. Сондықтан, бұдан бы-
лай денсаулық сақтау жұмысының кенже қалуына көнуге бол-
майды. Мал совхоздарының дені қазақ ішінде, қазір солардағы 
жұмысшылар да дәрігер көмегінен шет қалып отыр. Қазақ еңбек- 
шілері отырықшылыққа айналумен қатар поселке болып жатыр; 
оларды да дәрігер көмегінен шет қалдыруға болмайды. 
Бұрын қазақ әлде неше километр көшіп жүргенде түрлі кінерет 
пен әлеумет ауруларын (теңге қотыр мен құрт) таралуы аз да бол-
са бәсеңдеу келуші еді. Мұндайда дәрігер жәрдемі, тазалық жағы 
сәл кем болса-ақ, әлгі аурулар бірден етек алып, өршіп кетеді. 
Қазақ аудандарында дәрігерлік орны жағын, дәрігер жәрдемі 
жеткіліксіз болғандықтан қазақ ішіндегі аурулар туралы ауызға 
аларлық мәліметтер де жоқ. Қазақ ішіндегі теңге қотыр ауруының 
таралуының әлеуметтік мәні бар нәрсе. Міне сол да әлі күнге дейін 
зерттелген жоқ. Біреулер, қазақтың теңге қотыр жайылмаған жері 
жоқ, дейді. Енді біреулер оны бекер дейді, теңге қотыр әр жерде 
ойдым-ойдым ғана бар дейді. Біреулер қазақтың 10-15 проценті 
теңге қотыр дейді, енді біреулер 20-30, қатта 50 процент дейді. 
Сонымен, қазақ аудандарындағы денсаулық сақтау ісі нашар. 
Бұл олқылықты дереу жою керек. 
Қазақстанда ірі өнерлі кәсіп орындары жоқ орнап жатыр. 
Көзді ашып, жұмғанынша нелер жұмысшы қалаларының іргесі 
салынып қалады. Келешектегі социалистік қалалардың ұйытқысы 
орнап қалады. Бұрын талай жүк, мың километр жерде бытырап 
отыратын ел басын қосып қонысын біріктіріп келеді. Осының 
бәрі де денсаулық сақтау жұмысын күшеуін тілейді. Жаңа салы-
нып жатқан орындардағы денсаулық сақтау жөнінде бірсыпыра 
таныстарымыз бар. Мысалы:
Қазақстандағы 20-25 жас ортасындағы июнь айының кезінде 2 
доктор бар еді, қазір 19 болды. 
Қазақ мыс кендерінде 10 доктор бар; Риддердегі 30 мыңдай 
жанға 25 докторымыз бар; онда Ренген кабинеті сықылды ірі 
құралдар да бар.
Алайда жаңа салынып жатқан орындар мен өнерлі кәсіпті 
аудандардағы дәрігерлік жәрдемі толық деуге келмейді. Байырғы 
емші мекемелер салынған жоқ. Емханалар уақытша қалқитып 
қойған үйлерде ғана тұр. 


68
Тазалық бақылау жағы да жөнді емес; бүкіл Қазақстанда 
тазалық бақылайтын доктор 25 қана. Бұлар жетпейді. Жұқпалы 
кінерет жағынан да мақтанарлық жағымыз жоқ. Ал біздегі ден- 
саулық сақтау жұмысының негізі тазалықты құптау, тұрмыс пен 
жұмыс жағдайларын таза ұстау болып табылады. 
Біздегі денсаулық сақтау жұмысының негізі алдын ала қам істеу. 
Бірақ, бұл жағынан да жетіскендігіміз шамалы. Жаңа салынып 
жатқан орындардың, өнерлі кәсіп орталықтарының, қалалардың 
көбінде тазалық жағы кем.
Қазақстандағы еңбекшілердің денсаулық сақтау жұмысының 
жалпы жайы осы. Солай болғаннан кейін денсаулық сақтау 
жұмысы ең кенже қалған қиын жұмыс болып отыр, мұны тез 
жетілту үшін денсаулық сақтау ісіне партия, кеңес шаруашылық 
орындары, бүкіл кеңес жұртшылығы назарын салып, көңілін 
бөлуге тиіс.
ІІ
Алдағы міндет жалпы алғанда, дәрігерлік орындарын көбей- 
тіп, соларды нығайту болып отыр, сол орындарға сүйене отырып, 
денсаулық сақтау жұмысын күшейтетін боламыз. 
Өнерлі кәсіп орындары мен совхоздардағы дәрігерлік орында-
рын солардың өздері сатуға тиіс. Сондықтан өнерлі кәсіп орын- 
дарының директорлары, Скотовод, Апсебот, Наболоптрес, Казлес, 
Қазақстан мақта комитеті жаңа басқа совхоз басқарушы орындар 
тазалық жағы жақсы келсе, ауру азайса, өндіріс жоспарының 
ойдағыдай орындалу да даусыз болатындығын естен шығармау 
керек. Түпкілікті орындармен қатар дәрігерлік орындарының 
үйлерін де қоса салдырып отырулары міндет. Кәсіп орнындағы 
жұмысшылар мен қызметшілердің тұрмыс саулығына, аурудың 
өріс алмауына денсаулық сақтау орындары қандай жауапты болса, 
шаруашылық орындарын басқарушылар да сондай жауапты. 
Бірақ шаруашылық орнын басқарушы қызметшілер мұны әлі 
күнге дейін жете ұғынып жеткен жоқ. Олар бұған әлде болса салақ 
қарап, келеді. Солардың сол немқұрайлы қарайтын салақтығын 
дереу жоюымыз керек. Осыған бар күшті салуымыз керек. 
Дәрігерлік орындарынан шет қалып кете жатқан қазақ аудан-
дарында да дәрігерлік орындарын көбейтетін болуымыз керек. 
Алдағы 32-жылда 35 ауданға 1000 койкелік бәлнестер орнатуы-
мыз керек. Оған лайықты үйлер салу міндет. Ол салу жұмыстарын 
айрықша бақылайтын болу қажет.


69
Бұл күнге дейін дәрігерлік жәрдемінен шет қалып келген 35 
ауданда дәрігерлік орындарын салу нағыз екпінді міндет бұған 
сол аудандардағы партия, кеңес комитеттері жұмыла кірісіп, бел-
сене ат салысу қажет. 
Бұл айтылып отырған міндеттерді орындау үшін қызметші 
керек; бар дәрігерлік қызметшілердің тұрмысын оңдау шарасын 
істеу қажет. Докторларға, өзге дәрігерлік қызметшілерге үй, ке-
ректі азық-түлік, тауар беру жағын шаруашылық орындарының 
басқарушылары мен аудандық кеңес комитеттері айрықша ескер-
тетін болу керек. 
Ден саулық сақтау жөніндегі екпінді міндеттерді бұлжытпай 
толық орындап шығу үшін денсаулық сақтау комиссариатын, 
оның жергілікті орындарын жаңа міндеттерге бейімдеп, қайта 
құру қажет. Бұл күнге дейін денсаулық комиссариаты екпінді 
орын бола алған жоқ. Жергілікті орындары тіпті нашар, әлсіз бо-
лып келді. 
Денсаулық комиссариатына, оның орындарына қалың еңбек- 
шілер жұртшылығы ат салысу керек, денсаулық сақтау жұмысы 
қалың еңбекшілер көпшілігінің өз жұмысы. Денсаулық сақтау ісін 
мейлінше өркендету үшін қалың көпке, көп ішіндегі белсенді ек- 
пінділерге сүйеніп социалдық жарысты өткізуіміз керек. Мұнымен 
қатар, бәлнестер жанынан еңбек пен тұрмыс саулығына көмекші 
комиссиялар құрау керек кәсіп орындарында денсаулық сақтау 
ұясын, пунктін ашу керек, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері 
мен ауыл-поселке кеңестерінің жанынан денсаулық сақтау секци-
яларын құрау керек, солардың барлығының жұмыстарын оңдап, 
кемеліне келтіре алуымыз керек. Бұлардың істерін жұртшылық 
бақылауына алу керек. Сонда жалпы денсаулық сақтау ісін де іл-
гері бастырамыз. 
Денсаулық сақтау жұмысының қазіргі күйі мәз емес. Мұны де-
реу қолға алып, ілгері бастыру міндет. Қазақстан орталық кеңес 
комитетінің президиумі денсаулық сақтау комиссариатының ба-
яндамасын тыңдап, бірсыпыра жұмыстардың желісін тартып бер-
ді. Оларды тегіс орындау керек. 
Денсаулық сақтау жұмысындағы олқылықты дереу жою мін-
дет.
Еңбекші қазақ. 1931 ж. 2 желтоқсан. №267 (2149)


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет