Мейрамға күні бұрын дайындалу керек
Мейрам – ескертетін оқиғалар неғұрлым озық дайындықпен
өткізілсе, соғұрлым елге, балаға беретін әсері де мол, терең бо-
18
лады. Тығыз-таяң кірісіп, үгіт, сөз-әңгімемен ғана мейрамнан еш
нәтиже күтуге болмайды. Бұл әуелі, көбіне қиянат. Қай жұмыс
болмасын балаға белсенді әдістер қолданып, суретпен көркем
әдебиет арқылы балаға қызғылықты және ынталандыратын іс та-
уып, ойын-күлкі ауыстырып, баланың сөйлеу мүшелерін қоздырып
орындауды керек қылады. Енді мейрам өткізуге келгенде бұлардың
бәрін тарс бекітіп, құруға қысыр әңгіме сарынына түссек – бала
да жалығады, мұғалімнің өзі де еш нәтиже шықпайтынын байқап,
көңілі қайнайды. Мектеп мейрамдары жалаң жадағай өткізбей, не
бар білімін, тапқыштығын, іскерлігін жұмсап, үлкен кішіге терең
әсер беретін, көпті күйіндіретін, не сүйіндіретін қызғылықты –
күйінішті, көп пернелі көріністер, суреттер таба білу керек, жалаң
баяндама оқиғаның егжей-тегжейлі, айқын көрсете алмайды.
Мектеп қандай мейрамдарды, оқиғаларды қошеметпен қарсы
алуына болады? Бұлар әйгілі анық болғанмен бұл жерде айта ке-
тейік.
Қазақстан үкіметі жарияланған күн (4 октябрь)
9
, Октябрь
төңкерісі
10
мейрамы, 9-январь (қанды жексенбі)
11
, Ленин күні
12
,
1-май
13
, қызыл әскер және әйелдерге арналған күндер, Париж
коммунасы
14
, Февраль төңкерісі
15
күні, балалар күні, мупир
16
және
басқалар. Шаруа мәдениетінің құрылысымен астас мейрамдар: коо-
перация күні, ауыл шаруашылық көрмесі, тағысын-тағылар. Бұлар
әр жердің өз жағдайына қарай өзгеріп түрленіп отырады. Бұлар
жергілікті мереке-той есебінде. Жергілікті өкімет орындарының
қоғам ұйымдарының басшылығы мен дәл кезінде орындалады.
Мысал: биыл мектеп балаларының денсаулығын күшейту жетісі,
кедей шаруаларды біріктіру коллективін жасау, комсомолдар тобы
атынан мәдени жарық жасау «қалың мал жойылсын» қоғамы
ашылу сияқты ірі жұмыстардың іргесі қаланды. Мектеп бұлардың
әр қайсына аса шұғыл кірісіп, науқанды жандандыру керек еді.
Іс жүзінде ауыл мектептерінің атап айтардай өндірген жұмысы
байқалған жоқ.
Оқу тәрбие жұмыстарының тірегі – қоғам тіршілігі болғандай
болса қоғам жапатармағай кірісіп, отырған жұмысқа мектеп
қырын қарап тыста қалуына бола ма? Сондықтан мейрам-той,
мереке күндеріне мектеп күн бұрын дайындалып жоспармен кірі-
сетін болады. Мұндай жұмыстарды мектептің таудай ірі міндеті
деп санау керек. Мейрам арқылы мектеп жайлы елді қозғайды:
мектептің қоғаммен қатынасы күшейеді. Жаңалық таралуға мек-
теп ұйтқы бола алардай болады.
19
Мейрам жұмысын мектептің күнбе-күнгі тұрмысымен жанас-
тырып құрау керек. Үйтпеген күнде мереке-тойға дайындалуға
көп уақыт кетеді де, жаттықтыру жұмыстарына залал кел-
тіреді. Жаңа программаның тіреуі – белсенді әдістер, тұрмыстан
алынған; бұлар балаға жұғымды, тиімді білім біреудің астары
төңкеріс оқиғалары, тап тартысы, шаруа мәдениет туралы про-
граммада толық аталған. Бұлар мейраммен байланыстырмаған
күнде де орындалуы керек. Ендеше балаларды бұл жұмыстарға
қандай ынталандыратын, күнделік ісін түрлендіруге безеуге
қолғабысын тигізетін мейрамдардан толық пайдалануымыз керек.
Сонымен мейрам алдынан 1-2 жұма бұрын оқу-тәрбие жұмысына
жоспар жасағанда мұғалім осы айтылғандарды ескеріп, жұмысты
мейрамның маңызын толық түсіндіруге таман жүруі керек. Мектеп
жоғарыда атаған мейрамдардың ең маңыздыларын іріктеп алып
күшіне шамалап, қолынан келер дейін ғана атқаратын болады.
Жылына төңкеріс мейрамдардың 3-4 түрін, шаруа жұртшылыққа
жататын той мерекелердің 1-2-уін ғана алып жақсы дайындық
істеп өткізсе – жеткені.
Мейрамға дайындалу бүкіл оқушылардың қатынасымен бола-
ды. Бұған алдын ала балаларды ұйымдастыру керек. Мектеп жұ-
мысы түрлерінің арасында аяғы әлі жерге тимеген қылып
жұмыстары бар тегінде қылып сағаттарының керегіне еш кімнің
айтары жоқ. Қиын жері жұмысты оңдап ұйымдастыра біледі,
және балалар ынталанып өздері басқарып, істей алатын шағын
ықшамды, қызықты жұмыстар табуда. Үй құрал-саймандардың
жетіспегені де бар. Енді төңкеріс мейрамдарын көңілді күйде
орындап шығу үшін жай сабақ ретінде іс жүргізу жеткіліксіз:
клуб жұмысына уақыт белгілеу керек. Балалар өздері басқарып
жоспармен іс істеу керек болады. Мейрам күні көптің ортасы-
на түсетін ойын-сауық туралы, мейрамға арналған газет, плакат,
ұрандар, мектепті әдемілеу, бірігіп ән айту, өлеңдер тағы басқалар
клуб жұмыстары ретінде жеке үйірмелер арқылы істеледі. Кешірек
үйірмелерде өндірілген қызғылықты жұмыстардың басын қосып
біріктірсе той мереке түс-түс жағынан суреттелініп ойын-күлкі
араласып – балаға терең сезім береді. Оқиғаның маңызы, мәні
жөнінде көңілде тарамайтын із қалады; жұмыс бөлгенде үлкен
кісі балаларды айырып әрқайсының күшіне, сана-саңлауына
дәлдеп қызықтыратындай, ынталанып жұмыс қылатындай
түрлерін таңдап берген дұрыс, мысалы: ұсақ балалар «газет», пла-
кат, ұран сияқтыларды жаза алмайтын болғанда, жұмыстың бұл
20
түрі ірі балаларға тапсырылады, ұсақ балалар ән үйірмесіне, мек-
тепті әдемілеуге жеке иә бірнеше бала бірігіп декламация айтуға
жұмсалады.
Ұлы мейрам күндерінде балаларға тамақ әзірлеу керегінде ес-
кертеміз. Балаларға аз-аздан болса да кәмпит, пряник үлесіп шай
істеу, қарындаш, дәптер, бояу сияқты нәрселерден сый берілу ке-
рек, мектеп кеңесімен балалардың әке-шешелері қолға алса, азын-
аулақ қаражат тауып айтылған жұмысты ұйымдастыру қолдан
келместей жұмыс емес.
Мейрам күнін бір-екі жұма бұрын жалпы оқушыларға қысқа
түрде алдағы мейрамның маңызы түсіндіріледі дедік; мұнымен
қабат қалай қарсы алу керектің де ортаға салынады. Жоспар-
ды түгел орындауға басшылық қылатын мейрам комиссиясы
құрылады. Мейрам комиссиясына пионер балалар және олардың
ата-аналарынан басқа ұйымдардан өкіл қатынастырған жөн
(ауыл кеңесі, комсомол, партия ұялары, кооператив және басқа
қоғамдар), әсіресе бастауыш мектепте пионер балалар, комсомол
жастар мейрам комиссиясы жұмысына ерекше қатынасатын бол-
сын.
Жеке үйірмелерді алсақ әр қайсысы мейрамға арнап не өндіре
алатынын ойлап, түрлерін белгілеп алады. Мейрам комиссиясымен
ұдайы байланысын үзбей кеңесіп орындаған жұмыстарын тапсы-
рып, мейрам күніне дейін үйірме мойындап алған жұмыстарды
түгел аяқтап шығу керек. Мейрамға бір-екі күн қалғанда мейрам
комиссиясы не бар істелген дайындалған жұмыстарды біріктіріп
мейрам күніне программ жасайды (ілгеріде жасаған програм жос-
пары болатын). Мектеп мұғалімі балалардың жасаған жоспарын
түзеп, мезгілінде жинап, кездескен қиыншылықтарды жоюдың
шараларын істейді. Керек құралы сайман, кітап, қағаз, бояу тағы
басқаларды балалармен бірге отырып, олардың әке-шешелерін
қатынастырып, түрлі ұйымдарды тартып, тауып барудың қамын
істейді.
Қорыта келгенде мейрамға дайындық ретінде жұмысты ұйым-
дастырудың жолы мыналар:
1) Мейрам, ескеретін оқиғаға көлденеңінен киліккен жұмыс
деп түсінуге болмайды. Жыл ішінде мектептің өндіру жоспарын-
да мектеп дайындық істеп, өткізетін мейрамдар аталып күн белгі-
леніп қойылады.
2) Мейрамға дайындық дәл күнінде орындалатын жұмыстарға
жалпы мектеп баласы түгел қатынастырылады, балаларды жікке
21
айырып, жалғыз белсенді балаларды арқа ұстау, басқаларды қағу,
тәрбие жөнінен залалды. Әрине еңбек бөлісу ретінде әр баланың
жасына, сана-саңлауына дәлдеп жұмыс тапсыру керек.
3) Мейрамға шаруаларды ұйымдарды қатыстыру шарт. Бұ-
лардың ішінде мектеп балаларымен бір қатарда белсеніп іс істей-
тін адамдар да болуы мүмкін (пионер, комсомол жастар, бұрын
мектепте оқып шыққан жастар).
4) Мейрамға балалардың әке-шешелері, туған-туысқандары
шақырылады. Оқу жылында мектеп күшіне қарап 4-5 мейрамға
қатты дайындық жасап, мектеп жаңындағы елге өзге әсер беру
жағы қарастырылады. Қалған мейрамдарға уақытты аз-аздап қана
бөліп, оқиға залал келмеу жағына назар салынады.
5) Мейрамға дайындық бөлім-бөлімдегі балалар арасында да
(сабақ беретін де) жүргізіледі; бірақ жұмыстың көбі клуб жұмысын
беретін де комиссиясы, үйірмелерде жүргізіледі.
6) Мектептің ерекше көңіл бөліп дайындалатын мейрамдары:
Октябрь төңкеріс күні, Ленин күні, 1-май; жұртшылыққа шаруа
мәдениет түрлеріне арналған той мерекенің ең маңыздылары жер-
гілікті жағдайға аса керектілері алынатын болады, бұлардың ішін-
де наурыз мейрамдары бар.
Әр мейрамға арнап жоспарға үлгі көрсету қиын. Үлгінің мек-
теп тәжірибесінен деректер теріліп құрастырылып жасалғаны
дұрыс болады. Мектептің мұң-мұқтажының ұшы-қиыры жоқ,
ұшан-теңіз. Бұлардың ішінде әзірге еш дерек қолымызға түспеген
жұмыстың бір тарауы мейрам өткізу жайы. Мектеп қаншама жет-
кіліксіз және көп пернелі қылып орындамағанмен де бұл жайдағы
жұмысын журнал бетінде жариялап отырған дұрыс. Көп кіріс-
се жоқ табылады, әр мектеп бір-біреуден болса да бірлі жарым
жұмыс істемей отырмайды, солар аяқсыз қалмауы үшін қысқаша
жазып жоспарын орындалған түрін басқаларға жіберіп отыру
керектігін ескеріп кетеміз. Біз төменде көрсететін жоспарымыз
Ленин күніне арналып жазылған; мектеп үлгі ретінде қай-қайсы
мейрамға болса да пайдалануына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |