Техникалары
Адамдарға өз мəселесін шешуге көмектесуде Франкл 2 негізгі əдісті ұсынады:
-
дерефлексия əдісі;
-
парадоксалды интенция əдісі.
1. Дерефлексия əдісі
артық өзін-өзі бақылауды жоюға, өзін-өзі қазбалау деп аталатын
жеке қиындықтарды ойлауға негізделген.Зерттеудің көрсетуінше, қазіргі жастар
кемшіліктерге қарағанда өздерінде кемшілік бар деген ойдан жапа шегеді.
2. Парадоксалды интенция əдісінде
психолог клиентті өзі қашуға тырысатынына
бағыттауды
болжайды.Мұнда
əзілдің
əр
түрлі
құбылыстары
белсенді
қолданылады.Франкл экстремалды жағдаяттағы еркіндік формасын батыр əрекетке
ұқсастырғандай əзілді еркіндік формасы ретінде қарастырады.В.Франклдың қорытынды
шоғырландырылған лагерь ретіндегі өз тəжірибесі оның позициясының дұрыстығын
дəлелдейді.Ол адами емес жағдайларда адам болып қалып, жағдайлар алдында көтерілуге
мүмкін екеніне көз жеткізді.Бұл үшін өмір мəнін сақтау керек.Ол өз тəжірибесін
«Психолог в концлагере» атты кітабында сипаттады (1946).Концлагерлерінде жоғары
деңгейде өмір сүруге, шешуді жəне жүзеге асыруды күтетін міндеттері бар адамдар
қабілетті болды.Франклды Освенцияға алып кеткендеоның жариялауға дайын жазбасын
тəркілеп, «осы жазбаны жазуға деген терең ұмтылыс лагерлік өмірдің қатаңдығын
қайтадан көтеруге көмектесті».Парадоксалды интенция əдісі қорқынышты түзету
жұмыстарында қолданылады.Мысалы, егер адам жабық бөлмеден қорықса, оған осындай
бөлмеде өзін-өзі мəжбүрлеп болуға ұсынылады.Ұзақ болу нəтижесінде қорқыныш
жоғалып, адамның өз-өзіне сенімділігі артып, бұрын қашқақтағандарынан қорқуды қояды.
Логотерапияда келесідей тəсілдер де қолданылады: өмірді персоналды ұғыну,
«сократтық диалог».
3. Өмірді персоналды ұғыну.
Бұл тəсіл өмір мəнін жоғалтқан адамға оның басқа адамға
керектігін, өмірдің олсыз өз мəнін жоғалтатынын айтуға, көрсетуге негізделген.Ересек
баласынан
айырылған
əйел
үшін
өмір
мəні
немерелерін
тəрбиелеу
болып
табылады.Онкоаурудың нəтижесінде баласынан айырылған əйел қайырымдылық қорын
ұйымдастырып, өмірдің мəнін осындай жағдайларға тап болған басқа аналарға көмектесу
арқылы табады.Осылай, адам өз өмірінің мəнін басқаларға, жақын адамдарына керектігін
ұғыну арқылы табады.Бұл, ең болмағанда, бір адамға оның қайталанбастығын, өзінің
бірегейлігін түсінуге, мəнінен айырылған өмірдің мəнділігін қайтаруға негізделген
тəсілдердің бірі.Адам өмір мəнін шығармашылықтан, басқа адамдарға істеген
жақсылығынан, шындықты іздеуінен, басқа адаммен қарым-қатынастан табуы мүмкін.Ең
бастысы, ол осы істері мен əрекет түрлеріне қанағаттануы керек.Франкл бойынша мəселе
адамның қандай жағдайға тап болуында емес, оның өз жағдайына қалай қарайтығында.
Достарыңызбен бөлісу: |