теңдік жағдайы, тыныштық емес, керісінше соған тұрарлық қандай да бір мақсат үшін
күрес қажет».Алайда өмір мəнін жүзеге асыруға деген адами ұмтылыс фрустрацияға
əкеліп, бұл экзистенциалды фрустрация неврозға əкелуі мүмкін.В.Франкл адамды өмір
бойы өз руханилығын жаңартатын жасаушы деп есептеген.Адамның əрекетін ол 3
типке
бөлді:
1.
Рухани тұлғаны жасауға мүмкіндік беретін.
2.
Руханилықты жоюшы.
3.
Руханилыққа қатысы бойынша немқұрайлы.
Адам өз əрекеттері үшін жауапты.Жауапкершіліктен бас тарту кейін адам құнын
төлейтін əрекеттер болып табылады.Адам əрдайым өз əрекеттерін таңдауда, шешім
қабылдауда еркін, бірақ тек жаңарушы əрекетті таңдауда өмір мəнін жүзеге
асырады.Жаңарушы əрекеттер
шығармашылықтың құндылығын, уайым жəне қарым-
қатынасты іздеуге бағытталған.Əрбір адам үшін бұл құндылықтар танымал, нақты жəне
қайталанбас, сондықтан адам өмір мəнін іздеуде өзін жəне өзінің тұлғалығын жүзеге
асыратын аймақты іздейді жəне табады.Егер адамда өмір мəнін жоғалту жағдайы пайда
болса, В.Франкл адамға өз тұлғалығының бірегейлігі мен қайталанбастығын ұғынуға жəне
сезінуге ұсыныс береді.Өзі өмір сүретін əлемді жəне
қоршаған адамның құндылығын,
өзін-өзі бағалауды иелене отырып адам өзіне-өзі сенімділікке, өз толымдығына,
керектігіне, яғни өмір сүру мəніне қол жеткізеді.Қандай жағдайда болмасын адамның
өмірі мəнін жоғалтпайды - өмір мəні əрдайым табылуы мүмкін.
В.Франклдың тұлғалық тұрғысының негізінде 3 негізгі ұғым жатыр: «еріктің еркіндігі»,
«мəнге деген ерік» жəне «өмірдің мəні».В.Франкл бойынша өмір мəні туралы сұрақ қазіргі
қалыпты адам үшін табиғи.Адамның оны иеленуге ұмтылмауы, оған жетелеуші жолдарды
көрмеуі мəнсіздік сезімі, өмірдің пайдасыздығы секілді психологиялық қиындықтың жəне
негативті уайымның негізгі себебі болып табылады.Негізгі
кедергі адамның өз-өзіне
орталықтануы, өзінен, басқа адамнан жəне мəннен шыға алмауы болып табылады.
В.Франкл бойынша мəн өмірдің əрбір ретінде, сонымен қатар қайғыда да объективті
болады.Психолог бұл мəнді адамға бере алмайды, өйткені əркімде ол өздік.Бірақ психолог
клиентке оны ұғынуға көмектесе алады.Өмір мəнін жоғалту күшті психозақымдық
жағдайларда жүзеге асады: жақын адамның қайтыс болуы, соғыс əрекетіне қатысу жəне
т.б.
Логотерапияның міндеті адамға өмір мəнін табуға көмектесу болып табылады.Өмірдің
бірегейлі мəні (немесе дəл сол қызметті атқаратын жалпылама құндылықтар) 3 сфераның
біреуінде табылуы мүмкін:
-
шығармашылықта;
-
эмоционалды қайғыруда;
-
адам өзгерте алмайтын жағдайларды саналы қабылдауда.
Құндылықтар – қоғам өмірінлегі жағдайларды жалпылау нəтижесі
болып табылатын
мəндік əмбебаптар.Құндылықтардың үш тобының ішінен – шығармашылық, қайғыру
жəне қарым-қатынас –
приоритет
шығармашылық құндылықтарына жатады.Қайғыру
құндылықтарында Франкл махаббатты жоғары мəндік потенциалы бар уайым ретінде
көрсетеді.
В.Франклдың
концепциясындағы
орталық
жауапкершілік
мəселесі
болып
табылады.Адам өзіндік мəнді таңдауда тəуелсіз, бірақ оны таба
отырып өзінің бірегейлі
мəнділігін жүзеге асыру үшін жауапты.Еркіндік қажеттілік алдында көрініс табады.
Франкл өз шегінен шығуды өзіндік трансценденция ұғымымен түсіндіріп, өзіндік
өзектендіруді өзіндік трансценденция сəттерінің бірі деп есептейді.Өздік трансценденция
жəне өздік оқшауға қабілеттілік – логотерапиядағы орталық ұғымдар.
Франкл қорқыныштың патологиялық реакцияларын игеру механизмін келесідей
сипаттайды: адамда қандай да бір құбылыс алдында қорқыныш пайда болады (жүрек
талмасы, инфаркт, онкоаурулар); күту реакциялары – бұл құбылыс жəне жағдай келеді
деген қорқыныш.Қорқынышты, қысым шеңберін үдететін күтілетін
жағдайдың жеке
белгілері пайда болуы мүмкін: жағдайды күту қорқынышы тікелей жағдаймен
байланысты қауіптенуге қарағанда күшті бола түседі.Адам өз қорқынышына
шынайылылықтан (өмірден) қашу арқылы жауап береді.Франкл қалыптасқан жағдайда
өзін-өзі оқшаулауды қолдануды ұсынады.Өзін-өзі оқшаулауға
деген анық қабілеттілік
əзілде көрінеді.Əзіл неден болса қашықтауға жəне өзін, жағдаятты бақылауға мүмкіндік
береді.Қорқыныш қауіп төндіретін жағдаяттан қашуға мүмкіндік беретін биологиялық
реакция.Егер адам өзбетімен жағдаяттарды белсенді іздесе, онда қорқыныштан «айнала»
əрекет етуге үйренеді жəне қорқыныш бірте-бірте жоғалады.Бұдан логотерапияның негізгі
бағыттары шығады:
-
Егер адамның өмірі мəнсіз болса, ол қалыпты өмір сүре алмайды жəне өмірінің
мəні мен мақсатын таппайынша тыныштығынан айырылады.
-
Өмір мəні
адамға тереңнен берілмейді, ұсынылмайды жəне байланбайды.Ол оны
өзбетімен табуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: