2.
D-құндылықтары
– депривациялық құндылықтар, қандай да бір нəрсенің жетіспеуінен
пайда болатын құндылықтар.
Адамға тəн құндылықтар типі оның болмысын анықтайды.Маслоу бойынша, В-
құндылықтарына енеді: жақсылық, шындық, сұлулық, адалдық,
өз-өзіне толымдылық,
яғни негізгі, өмірлік қажеттіліктер көрсетілген дəстүрлі құрылымдар.Оларды былай да
шектеуге болады: В-құндылықтары – тұлға мен оның əлемге бағытталған уайымдарының
пайда болуы; D-құндылықтары – тұлғаның талаптары мен оның əлемнен өзіне
бағытталған уайымдары.
«Əлем болмысында».
Бұл категория экзистенциалды
психологияның барлық
өкілдерімен талданып, мəнді белгінің тұтас жиынтығын жəне əлемге енуші өзіндік «Мен»
уайымдарының феноменологиясын білдіреді:
Біріншіден, бұл таза экзистенция, яғни зіне жəне əлемге берілу, болу;
Екіншіден, «самостьтың» шынайы өмір сүруі;
Үшіншіден, болмыста адамның басқаға ауысуы бар;
Төртіншіден, болмыста – бұл;
Бесіншіден, шексіздік жəне толықтықпен сипатталатын өмір сүрудің нақты сапасы.
Сондықтан болмыс категориясымен қалыптасу категориясы тығыз байланысты, ал
болмыс категориясының өзі «əлем» категориясымен өлшенеді.
«Өмірлік əлем»
- Э.Гуссерльдің енгізген жəне өңдеген ұғымы.Бұл сана үшін маңызы бар
нəрсе. «Өмірлік əлем» ұғымы тек онтологиялықты мойындап қоймайды,
сонымен қатар
сананың ішкі онтологиясын есепке алу, оны клиентпен жұмыста шынайы қабылдау
міндеттілігін талап етеді.
«Оқиға»
- заттық қатысты ұғым емес, экзистенциалды психологиядағы түзету
жұмыстарын құру принципі.Оқиғалық принципі құралдық белсенділіктен бас тартуды
болжайды жəне классикалық ғылыми елестер кезеңіне қарағанда күрделі өзара
байланысты əлемде əрекет суъектісіне басқа орын береді.
Достарыңызбен бөлісу: