Д. А. Ахментаева, Е. С. Караулов, Э. А. Болеханова, К. Н. Арын, П. Ж. Жанабергенова



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата26.04.2024
өлшемі1,02 Mb.
#201425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2-ТИПТІ-ҚАНТ-ДИАБЕТІНІҢ-ЗАМАНАУИ-БАСҚАРЫЛУ-ПРИНЦИПТЕРІ-

Бигуаниды.
ҚД емінде бигуанидтер 50-ден астам жыл бұрын қолдынала бастаған. Бірақ фенформин және буформин жиі 
лактатацидоз шақырғандықтан, гуанидтер туындылары іс жүзінде толықтай дерлік диабетпен ауыратын 
науқастардың терапиясынын алынып тасталды. Бұл жанама әсердің әр түрлі препараттардың қолдануында бірдей 
емес екендігі белгілі. Көптеген мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген препаратқа метформин жатады (Сиофор, 
Глюкофаж, Метфогамма). 
Метформиннің қант төмендетуші әсері β–жасушаларымен байланысты емес бірнеше механизмдердің әсерімен 
түсіндіріледі. Біріншіден, метформин гепатоциттердің инсулинге сезімталдығың жоғарылатып, глюконеогенезді 
төмендетіп, лактат алмасуың ынталандырып, гликогенолизді төмендетіп және гликоген синтезін жоғарылатып, 
инсулиннің қатысуымен бауырдағы глюкоза продуциясын төмендетеді Екіншіден, инсулин әсерінің потенцирлену, 
рецепторлардың инсулинге сезімталдығын жоғарылату, мишень жасушаларда инсулин рецепторларын саның 
көбейту және бұзылған пострецепторлық сигнал берілу тізбектерін қалпына келтіру арқылы шеткі тіндер мен 
бауырда инсулинрезистентілікті төмендетеді. Үшіншіден, метформин глюкозаның анаэробты гликолиз 
нәтижесіндегі утилизациясын жоғарылатады. Төртіншіден, метформин ішектегі глюкозаның абсорбциясын 
баяулатады, ал ол өз кезегінде гликемияның постпрандиальды пиктерінің тез әрі жоғары көтерілуін алдын алады.
Ол асқасазанның тамақтан босануының жылдамғының және ішек моторикасының баяулауымен түсіндірілуі 
мүмкін. Бесіншіден, метформинді қабылдағанда ішекте глюкозаның анаэробты гликолизі күшейеді. Осылайша 
жоғарыда аталған механизмдерді еске ала отырып, метформин антигипергликемиялық әсерге ие, яғни қандағы 
глюкоза деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Экспериментальды және клиникалық зерттеулерде метформиннің 
липидті спектрге және қан ұю жүйесіне қолайлы әсері көрсетілді. Ол плазмадағы триглицеридтердің 
концентрациясын орташа есеппен 10–20% азайтады. Жалпы холестерин және ТТЛП холестериннің төмендеуі 
олардың ішектегі және бауырдағы биосинтезінің азаюына байланысты болуы мүмкін. Метформин хиломикрон 
және хиломикрон қалдықтарының концентрациясын төмендетеді және ЖТЛП холестеринінің концентрациясын 
жоғарылатады [7]. Бұл препарат фибринолиз үрдісің күшейтуюі салдарынан тромбтүзілу мен диабеттің жүрек 
қантамырлық асқынуларының пайда болуы қаупін азайтады. Сонымен қатар метформин әлсіз анориксигенді әсерге 
ие.
BIGRO (BIGyanides and Prevention of the Risk of Obesity) зерттеуі метформинді қабылдаған, абдоминальды семіруіге 
шалдыққан 324 науқастарда плацебо мен салыстырғанда дене салмағы мен плазма инсулинінің төмендеуінің, 
жалпы холестериннің және фибринолиз көрсеткіштерінің төмендеуінің әлдедеқайда анық екендігін анықтады.
Жалпы науқастардың негізгі контингенті препаратты жақсы көтереді. Метформиннің жанама әсерлерінің ішінде 
диареяны және асқазан ішек жолдары жағынан туындайтын басқа да әсерлерді белгілеуге болады ( ауыздағы 
металл дәмі, анорексия, лоқсу, құсу); олар терапияны бастаған 20% науқастарда байқалады, және бірнеше күн 
ішінде өз өзімен жоғалады. Бұл бұзылыстар метформиннің аш ішектегі глюкоза сіңірілуінің азаюына байланысты 
деп ойлауға болады. Глюкоза АІЖ жиналып, ашу, метеоризм үрдісің шақырады да, науқастарда кейбір ыңғайсыз 
жағдайларды туындырады. Препараттың теріс әсерің жою немесе алдын алу үшін емді минимальды дозалармен 
бастап, біртіндеп оның титрің бірнеше күн ішінде ұлғайтады.


Метфорин терапиясын күніне 1 немесе 2 рет қабылданатын (таңғы және кешкі аспен бірге) төмен дозалармен – 500 
мг бастауға ұсынылады. Егер 5-7 күннен кейін асқазан ішек жолдары жағынан жанама әсерлер байқалмаса, онда 
метформин дозасын 850 мг немесе 1000 мг (таңғы және кешкі астан кейін) дейін жоғарылатуға болады. Ал дозаның 
ұлғаюына байланысты жанама әсер пайда болса, препараттың дозасы бастапқы мөлшеріне дейін азайтылады, бірақ 
кейінірек оны қайталап жоғарылатуға болады.
Анықталғандай, метформиннің 850мг күніне екі рет дозасы тиімді, сондай-ақ дозаны 3000 мг дейін ұлғайтылса 
оның тиімділігін сәл жоғарылайды. Алайда жанама әсерлер оданда жоғары дозаларды тағайындауға шек қояды. 
Жалпы алғанда таныстырылған Келісілген Қаулыға мән бере отырып, метформиннің отанымызда және шет 
елдерінде қолдаушылары болуымен қатар, бұл жайындағы өзге пікірге де орын бар, себебі 2 типті диабетінің 
дамуында және ушығуында инсулин секрециясының дефектісі маңызды рөл атқарады, сондықтан 2 типті қант 
диабетінің емінде басқа препараттардың маңыздылығы тиісті түрде ескерілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет