Заманауи әдістің дәстүрлі әдістен өзгешелігі Қант диабетінің заманауи ем әдісі дәстүрлі тәсілге негізделген екені анық. Мамандар осы екі әдіс арасындағы
бірнеше ауқымды өзгешеліктерді бөліп шығарады:
метформин диета және жеңіл физикалық жүктемелермен бірге тағайындалады;
әрбір ем сатысында белгілі бір мақсат қойылады – егер ем нәтиже бермесе, тек сонда ғана келесі сатыға көшеді;
науқас анализдерінің ішінде тек нақты көрсеткіштер есепке алынады – гликирленген гемоглобин (НвА1с) 7%
төмен болуы қажет [5];
дәстүрлі тәсіл глюказа төмендететін препараттар дозасының лезде жоғарылауын қарастырмайды, ал заманауи
әдіс интенсивті қант төмендететін терапияға негізделген.
Бұл өзгешеліктерге науқастың ем жоспарына баулуын және де емге деген талпынысын қосып атап өтсек болады.
Науқастар өз бетімен гликемия деігейін басқарып тұрады. Есте қалатын жайт, екі әдісте ем нәтижелілігі жан-жақты
әсерлермен сипатталатын кешенді шаралар арқасында орындалады.
2 типті қант диабетін медикаментозды басқарылуы Американың Диабеттік Ассоциациясы мен диабетті зерттеу бойынша Еуропалық Ассоциацияларының келісілген
қаулысында «жалпы» гликирленген гемоглобиннің 7% маңызды көрсеткіш ретінде белгіленген, себебі соған
байланысты қант диабетінің емі бойынша қандай да бір шешім қабылданады. Егер «жалпы» емес, бірақ
индивидуальды мақсаттар туралы айтсақ онда гликирленген гемоглобин неғұрлым 6% көрсеткішіне жақын болуы
міндетті. Осылайша Келісілген Қаулы пайымдауы бойынша HbA1c≥7% терапияны өзгерту жайлы нұсқау ретінде
қарастырылуы керек. Осыған қоса айрықша айтылған жайт, дәрі-дәрмектер мен ем мақсаттары әрбір науқасқа жеке
таңдалып, потенциальды гликирленген немоглобиннің төмендеуімен, болашақта дамуы мүмкін жанама әсерлері
және асқынуларымен, және емнің бағасы және препараттың науқаспен көтерілуімен арасында баланс ұстап тұру
керек. Келісілген Қаулыны құрастырған эксперттердің пікірі бойынша, өмір сүру салты метаболизмдік өзгерістерді
ұзақ уақыт ішінде басқаруға мүмкіндік бермеуіне байланысты, бірінші сатыда диагнозды анықтау кезінде
метформин тағайындалуы абзал. Олардың ойынша метформин бастапқы фармакологиялық ем сатысында, арнайы
қарсы көрсеткіштер болмаса, ұсыналыды, себебі ол гликемия деңгейіне әсері жақсы, салмақты қоспайды,
гипогликемия шақырмайды, жанама әсері сирек туындайды, науқастармен жақсы көтеріледі және салыстырмалы
түрде арзан тұрады [6].