Д. А. Ахментаева, Е. С. Караулов, Э. А. Болеханова, К. Н. Арын, П. Ж. Жанабергенова


Инкретиномиметиктер (глюкагон тәрізді полипептид–1 рецепторлар агонисті)



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата26.04.2024
өлшемі1,02 Mb.
#201425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2-ТИПТІ-ҚАНТ-ДИАБЕТІНІҢ-ЗАМАНАУИ-БАСҚАРЫЛУ-ПРИНЦИПТЕРІ-

Инкретиномиметиктер (глюкагон тәрізді полипептид–1 рецепторлар агонисті).
US FDA-мен бекітілген, 2 типті қантты диабетті емдеуге арналған алғашқы инкретиномиметикке эксенатид 
(BYETTA) жатады. Бұл препараттын әсер ету механизмі асқазан ішек жолдары гормондары – 
инкретиномиметиктердің негізгі биологиялық әсерімен тығыз байланысты. Ас қабылдау асқазан ішек 
жолдарының асқазан сөлі мен панкреатикалық ферменттердің түзілуіне қатысатын көптеген гормондардың 
секрециясын ынталандырады, өт қабының жиырылуын және нутриенттердің сорылуын қамтамасыз етеді. 
Қазіргі уақытта глюкагон тәрізді полипептид (ГПП–1) кең танымал әрі жақсы зерттелген болып саналады. ГПП-1 аш 
ішектің энтеро-эндокринді L–жасушаларымен синтезделеді, ал оның АІЖ эндокринді жасушаларынан бөлінуін 
бірқатар жасушаішілік сигналдар, яғни протеин киназа А, протеин киназа С және кальции басқарады. Сан алуан 
экспериментальды жұмыстар ГПП-1 секрециясы нутриенттермен, сонымен қатар жүйкелік және эндокринді 
сигналдармен бақыланатындығы дәлелденді. Kieffer T.Y., 1999, Drucker D.J., 1998, Massimo S.P., 1998 зерртеулерінде 
ГПП-1 астын құрамындағы глюкоза, май қышқылдары және тағам талшықтарына жауап ретінде бөлінетіндігі 
көрсетілді. Гюкозаны пероральды қабылдануы ГПП-1 плазмадағы екі есе жоғарылауына әкелді, ал глюкозаны 
парэнтеральды енгізілуі болса минималды өзерістерді шақырды [Hermann C., 1995]. Қанайналымдағы биологиялық 
активті ГПП–1 жартылай өмір сүру уақыты 2 минуттан аспайды. ГПП–1 осындай қысқа жартылай өмір сүру уақыты 
дипептидилпептидаза IV (ДПП–IV) ферментінің белсенділігімен байланысты. Осылайша, асқазан ішек жолдары 
гормондарының көмірсу алмасуында атқаратын рөлін ескере отырып екі жаңа препараттар тобы ұсынылды: 
инкретиномиметиктер және ДПП–IV ингибиторлары. 
Эксенатид әсерінен гюкозаға тәуелді инсулин секрециясы жүреді, глюкагон мен БМҚ секрециясы басылады, асқазан 
босалуы баяулап, ас тұтынуы азаяды [11-13]. Әртүрлі халықаралық зерттеулерде эксенатидтің әсерлері 2 типті қант 
диабетінің ауырлық деңгейіне және ұзақтығына тәуелді емес екендігі дәлелденді [14,15]. Эксенатидтің бастапқы 
дозасы 5 мкг күніне 2 рет, астаңғы және кешкі асалдында 30-60 минут бұрын қабылданады. Бұл препараттың негізгі 
жанама әсеріне 1–2 аптадан кейін өтетін жеңіл немесе орташа дәрежедегі жүрек айнуы жатады.
Осылайша бұл принципиальды жаңа топ препараттары 2 типті қант диабеті емінде метформинге қосымша терапия 
ретінде, гликемия денгейін тиімді басқару үшін тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет