Дипептидилпептидаза–IV ингибиторлары. Әлемдік фармацевтикалық нарықта 2 типті қант диабетінің емінде қолданылатын жаңа топ препараттары – ДПП–IV
ингибиторлары пайда болды. FDA ұсынылған осы топтын бірінші және жалғыз өкіліне ситаглиптин (Янувия)
жатады. Бұл препараттың әсер ету механизмі эксенатид әсері сияқты асқазан ішнк жолдары гормондарының
биологиялық эффектілерімен байланысты. Ситаглиптин ДПП–4 ферментінің күшті, толықтай қайтымды
ингибиторы болып табылады. Сол себепті ол инкретиндердің активті түрлері деігейінін жоғарылауына алып келеді.
Ситаглиптиннің әсері глюкозаға тәуелді инсулиндік жауаптын күшеюінен және қан глюкозасына байланысты
глюкоза тәуелді глюкагон секрециясынын тежелуінен тұрады. Ситаглиптин бойынша жүргізілген көптеген
халықаралық зерттеулер нәтижесінде келесі мәліметтер алынды:
• ашқарындағы плазмалық глюкоза деңгейінін едәуір және тұрақты төмендеуі;
• ас қабылдаудан кейінгі гюкоза деңгейі ауытқуларының едәуір төмендеуі;
• гликирленген гемоглобин деңгейінің едәуір төмендеуі;
• b–жасушалар функциясының жақсаруы.
Жүргізілген зерттеулерде гипогликемия жиілігі төмен немесе плацебо қабылдаған топтағы нәтижелерге тең болды.
Ситаглиптин дене салмағына ықпал етпейді, ал ол болса 2 типті қант диабетімен ауыратын, семіздігі бар науқастар
үшін маңызды. Аталған препарат әсер ету ұзақтығы үлкен, сондықтан ол күніне 1 рет қолданылады.
SGLT-2 ингибиторлары Жақында қантты төмендететін жаңа препараттардың жаңа тобы пайда болды – 2 типті натрий-глюкозды ко-
транспортерлер немесе глифлозиндер ингибиторлары. SGLT-2 бүйректермен экспрессияланады, және ағзаның
басқа тіндерінде табылмайды, сонымен бірге осы транспортерлер бүйрек өзекшелерінде глюкоза реабсорбциясына
қатысатын тасымалдаушылар болып табылады [16,17]. Қант диабетімен зардап шегетін науқастарда
гипергликемияға қарамастан бүйрек өзекшелерінде глюкоза реабсорбциясы жалғаса береді. SGLT2 ингибиторлары
бүйректегі глюкоза реабсорбциясын тежей отырып, тәулігіне 70 г глюкозаның шығарылуына алып келеді де,
ашқарындағы және ас қабылдаудан кейінгі гликемия деңгейін төмендетеді [18]. Препараттардың әсер ету
механизмі бета-жасушалардың функциясына тәуелді емес. Инсулинтәуелсіз әсері арқасында SGLT2 игибиторлары 2
типті ҚД кез келген сатысында, соның ішінде исулин секрециясының едәуір төмендеген жағдайларында
қолданылуы мүмкін.
Препараттың ерекше, бірегей әсер ету механизмі оны бүкілдей дерлік қант төмендететін дәрілермен, соның ішінде
инсулинмен бірге қолдануға жол береді, және де аурудың дебюті және ұзақ уақыт ауырып жатқан науқастарға да
тағайындауға болады.
Қазақстанның фармакологиялық нарығында осы топ препараттарының келесі өкілдері бар: канаглифлозин
(Инвокана) және эмпаглифлозин (Джардинс 10 мг, 25 мг). SGLT2 ингибиторларының 2 типті ҚД ауырытын
науқастар еміндегі тиімділігі бақылынатын клиникалық зерттеулерде көрсетілген. SGLT2 ингибиторлы
гликирленген гемоглобинді HbA1c, дене салмағын тиімді түрде төмендетеді, гипогликемия тудыру қаупі
төменділігімен сипатталады, және науқастармен жақсы көтеріледі. Ең жиі кездесетін жаңама әсерлерге
урогенитальды инфекцияларды жатқызуға болады.