Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет30/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Summary 
Thoughts about myth and mysticism in literature as a whole, about the mythology that arose from 
their relationship, were considered by domestic and foreign scientists. Of the mythological and 
demonological characters of Kazakh folklore, the most common are the Albases; in Slavic peoples - 
mermaids and spider–woman - dzheregumo, widely spread in Japanese folklore. «What are the 
features and common features between these three demons?», «What made them appear in folklore?» 
the answer to these questions is the conclusion of the article. 
Миф пен мистика қиялдың шексіз мүмкіндігін көрсетіп, әлемдік мәдениеттің 
байлығын зерттейді. Аталған жанрлар мыңдаған жылдар бойы адам танымынан 
туған терең нанымдар мен дүниетанымдардың көрінісі.
«Миф» 
терминіне «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігінде» келесі анықтама 
көрсетілген: «Миф дегеніміз – дін, тарих, мәдениет элементтері үйлесімділік 
тапқан құдайлар, рухтар, батырлар және олардың ерліктері туралы ежелгі халық 
аңыздары»
[1, 345-бет]. Сонымен қатар, соңғы уақыттарда терминнің 
«фантастикалық, ойдан шығарылған оқиға, аңыз, әңгіме» деген ауыспалы 


71 
мағынасы да қалыптасқан. Мифология адамзаттың діни және мәдени 
сәйкестендіруінің ең көне түрі ретінде алғашқы тайпалық қоғамдардың пайда 
болуынан бастау алады. Мифтер табиғатты, әлемнің пайда болуын, адамзаттың 
пайда болуын және өмірдің басқа да негізгі аспектілерін түсіндіру үшін жасалып, 
адамгершілік құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізу үшін қызмет етті. 
Ал 
«мистика»
термині аталған сөздікте жер бетіндегі құбылыстар мен 
үдерістер тұрғысынан түсіндіруге болмайтын, жұмбақ, түсініксіз, ақылға 
қонбайтын нәрсе ретінде сипатталады. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» аталған 
анықтамамен қатар, терминнің «табиғаттан тыс күштерге сену» деген 
анықтамасы қатар қолданып, психологияға қатысы тура баяндалады[2, 519-бет]. 
Мистика, керісінше, метафизикалық әлемнің құпияларын түсіну арқылы жүзеге 
асады. Оның тамыры рухани тәжірибелер мен жеке ағарту тәжірибесінің 
тереңдігінде жатыр. Мистика жоғары күштермен байланысуға және барлық 
нәрсенің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 
Жоғарыда аталған екі терминнің тоғысуынан 
«Мифология»
ұғымы пайда 
болды. Мифология – бұл мистика мен өнердің синтезі, ол негізінен тарихтың 
басындағы ең маңызды оқиғаларды түсіндіруге арналған тұтас рухани 
шығармаларда жүзеге асады. 
Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та, фольклорында міндетті түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет