79
жазған екен. «Қара қазақ» пен «Оқығанның» арасындағы сұхбат үлгісінде
құрылған сюжет қызықты әрі мазмұнды. Аумалы-төкпелі заманда көп
құбылыстың ақ-қарасын ажырата алмаған «қара қазақ» сұрақ қояды, «оқыған»
жауап береді. «Қилы заманда» халық кімнің соңынан
ерерін білмей дағдарып
қалғаны рас, осы кезде ақын шама-шарқынша жол көрсетті. Алдыңғы кезекте ол
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұсынов, Міржақып Дулатовты таныстырып,
атақты тұлғалардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жанқиярлық
еңбектеріне зор баға береді.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс
бар қазақтан,
Талассыз жеке дара тұр ғой өзі,- деп басталатын «Таныстыруда»
сонымен қатар Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ш.Құдайбердіұлы, Нәзипа, Нұрғали
Құлжановтар, (ерлі-зайыптылар) т.б. біршама қайраткерледің аты аталады.
Ақын ең алдымен ұлы ақын Абайды бәрінен де биік қояды, сондай-ақ
ақынның шәкірті
Шәкәрімге де бөлекше қарайды, оның ойшылдығы мен
кемеңгерлігін былайша суреттейді:
Бұл қазақтың мақсұты – биік алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
Қазақ деп жекелеме, адамзат де,
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.
Бұл аталған поэманың идеялық мазмұны терең, «ақын жеке адамдарды
бағалағанда, олардың адамдық, қоғамдық еңбектерін еліне сіңірген қызметімен
өлшейді, ел басшылығына дәмелі адамдарға салмақ артады. Сұлтанмахмұт елді
ойлы, білімді басшылардың маңына бірігуге үндеді». [3.13.] Бір өкініштісі осы
поэма да алаш қайраткерлерімен бірге ұзақ уақыт бойы қапаста, жарияланбай,
халыққа жетпей жатты, тек тәуелсіздікпен бірге ғана елге оралды. Ақынның бұл
шығармасы бүгінгі күні де
маңызы зор, ел үкімет басындағы қайраткерлерді
таңдау, іріктеу, оларға сенім, үміт арту жолдары әлі де күн тәртібінен түскен жоқ.
Қайраткерлерді тануда қателікке душар болып жатамыз, Сұлтанмахмұтша
таңдау жетіспей жатады.
Алаш ұранды әдебиеттегі өзіндік орны бар тұлға Жүсіпбек Аймауытов та
алаш «Ұранын» жазған, бұл жыр да сол кезеңде халық арасына кең таралып,
әнмен айтылып, ұлттық рухтың оянуына өлшеусіз үлес қосты. «Қазағым,
қамықпа, қамалма! Ел болар қамыңды амалда!»,-деп басталатын бұл ұран да биік
рухпен, ерекше бір патетикалық көңіл күймен аяқталады:
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрбандық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат,
Аллалап
алға бас, ал Алаш!!! [4.211.]
Ойымыздың өресін түйіндеп келгенде аңғарғанымыз ұлтын сүйіп, алашым
деп атойлап шыққан осы жандардың бірі «ұран», бірі «таныстыру» жазып жатты,
ол жырлардың қай-қайсысын алсаңыз да күрескерлік рух пен өрлік, келешекке
деген сенім мен серт мен мұндалап тұр.
80
Алашордалықтар арман еткен тәуелсіздікке ХХ ғасырдың соңында ғана
қол жеткіздік. Тәуелсіздік жолындағы күреске ғұмырларын арнаған алаш
қайраткерлерінің басынан қауып-қатер бір күн де кеткен емес, оған тарих куә.
Алаш ардақтыларының жандарын пида еткен күресі арқылы қолымыз жеткен
азаттықты да қандай қауіп-қатерден болса да қорғауға ендігі күні біз дайын
болуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: