Сборник научных статей международной научно-практической конференции


Әдебиеттер 1. O.Bayerlein, D.Feick. Mehr als nur  Apps



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Әдебиеттер
1. O.Bayerlein, D.Feick. Mehr als nur 
Apps

Mobiles Lerne 
im DaF-Unterricht.-2020.-S.85 
2. N.Döring, M.R. Mohensi. Mobiles Lernen

Berlin, Heidelberg: Springer.-2018 
3. S.Heinz, Mobile Learning und Fremdsprachenunterricht.
 
Bad Heilbrunn: Verlag Julius Klink- 
hardt. - 2018 


88 
ӘӨЖ 821 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
CANCEL МӘДЕНИЕТІНІҢ ІЗІ 
Нажиева Мафтуна 
6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ-ның 4-курс студенті
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, 
Көкшетау, Қазақстан 
nazhievamaftuna@mail.ru
Ғылыми жетекші: 
Бөкен Г.С., PhD., қауымд.профессор 
 
Резюме
 
В статье дается обзор концепции культуры Cancel. В целях выявления следов культуры 
Cancel в литературоведении за основу берутся произведения Т. Абдика и У. Хамдама. В 
частности, рассматриваются художественные произведения двух писателей, посвященные 
теме «Отец». Также проанализирована проблема развития литературных связей в казахской 
и узбекской литературе. 
Summary
 
The article provides an overview of the concept of the Cancel culture. In order to identify traces 
of the Cancel culture in literary studies, the works of T. Abdik and U. Hamdam are taken as a basis. 
In particular, the works of art by two writers devoted to the theme "Father" are considered. The 
problem of the development of literary relations in Kazakh and Uzbek literature is also analyzed. 
Сан ғасырлық мәдени қарым-қатынастары орнаған әр түрлі халықтар 
арасындағы әдеби байланыстарды зерттеу – бүгінгі таңдағы әдебиеттану 
ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Әрбір әдебиет ұлттық тарихи болмысымен ерекшеленіп, әлемдік 
әдебиеттануға өзіндік үлесін қосады. Сондықтан да дүниежүзілік әдебиеттануды 
осы бір үдерістің диалектикалық бірлігінің нәтижесі ретінде тануға болады. 
Белгілі жайт, ешбір ұлттық әдебиет жалпы көркемдік үдерістен жеке дара 
дамымайды. Сондықтан да осынау әдеби байланысты зерделеу мақсатында қазақ 
және өзбек әдебиетіндегі үндестікті көркем шығармаларындағы cancel 
мәдениетінің ізі негізінде қарастыруға да болады. 
2021 жылдың желтоқсанында танымал америкалық комик Джо Роган 
Spotify-дағы кезекті подкастында коронавирусқа қарсы вакцина жөнінде сыни 
пікір айтты. Аудитория оның бұл көзқарасын оң қабылдамай, авторды жалған 
ақпарат таратты деп айыптады. Осы шу кесірінен Spotify қолданушыларының 19 
пайызы сервиске жазылымнан бас тарты. Компанияның акциялары қаңтар 
соңына қарай 8 пайызға құлап, брендтің нарықтық құны 2 млрд долларға кеміді. 
Cancel culture, яғни бас тарту мәдениеті іс жүзінде осылайша көрініс тапты [1,4].
Жалпы Cancel culture дегеніміз не? Бұл мәдениет шынымен жуырда ғана 
пайда болған үлкен жаңалық па? – деген сұрақтар аясында жүздеген пікірлер 
молынан ұшырасады.
Қазақ қоғамында сancel culture – “теріс айналу”, “бас тарту” мәдениеті деп 
аударылып жүр. Бүгінгі қоғам қателік жасағандарды тек заңмен ғана жазалап 
қоймай сонымен қатар, өздері теріс деп тапқан дүниелерге көзқарастарын да
ашық білдіріп жүр. Оған қоса, қателік жасаушыларды тек бүгінгі емес, өткен 


89 
қателіктері үшін де жазғырып, олардың өздерінен бас тартып қана қоймай, 
жасаған еңбектері мен жұмыстарынан да теріс айналуда. Яғни, әлеумет қателік 
жасағанды қаралап, оның бүкіл қызметінен бас тартады. Бұл түсінік алғаш рет 
әлеуметтік желіде қолданыла бастады. Уақыт өте келе желі қолданушылары 
түрлі микротоптарға бірігіп, айыпталып отырған адамды ортадан аластатуды 
талап етуді әдетке айналдырды. Ал кінәлі деп табылған тұлғалар, бірден 
келісімшарттар мен қолдаудан айырылып, наразылық толқынымен жалғыз өзі 
бетпе-бет келуге мәжбүр болады. 
Қуғын-сүргіннің бұл түрін Ежелгі Грециядағы остракизммен салыстыруға 
болады. Мемлекет үшін қауіпті азаматтарды әлеуметтік шеттету үрдісі осылай 
аталып келді. Жасырын дауыс беруде остраконкадағы жазу арқылы кімнің елден 
қуылатынын шешті. 
Бір қызығы, бұл құбылыс ата-бабаларымыздың көшпелі өмір салтында 
көрініс тапқан. Бұл мәдениеттің етек алуын Батыс елдермен Орта Азия елдерінің 
арасында айтарлықтай ерекшелік жоқ. Олар бір-біріне өте жақын. Бір 
айырмашылығы түркілердің қоғамында болған жағдаятты тез ұмытады немесе 
уақыт өте келе кешіреді. Бұл мәселе төңірегінде алғашқылардың бірі болып
пікір айтқан этнолог, мәдениеттанушы Серік Ерғали болды. 
Сөзімнің дәлелі ретінде, Өзбекстанның халық жазушысы, аудармашы 
Улуғбек Хамдамның «Ота» («Әке») романы [2,67], Төлен Әбдіктің «Қонақтар» 
әңгімесі, «Әке» повесті және Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы бас 
тарту мәдениеті қалайша көрініс тапқанын айтатын боламыз. Әрине ғасыр 
басында әлеуметтік желілер бүгінгідей қатты дамымады. Дегенмен, бас тарту 
мәдениетінің ізі қаламгерлердің шығармаларында да өз бояуын қалдыра білді.
Алдымен Төлен Әбдік шығармаларына тоқталсақ. Төлен Әбдік Қазақстан 
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауерияты. Оның қаламынан туған әңгіме, романда тақырыптық жағанан ғана 
емес, психологиялық тұрғыдан да қазақ прозасына жаңалықтар алып келді. 
«Әке», «Қонақтар», «Көкжиек», «Ақиқат», «Күзгі жапырақтар» сияқты арозалық 
кітаптардың авторы.Адам жанын терең қопарып, зерттеп жазатын жазушы. 
Төлен Әбдіктің көп туындыларында жалғыздық философиясының сарыны 
басым. Айталық, «Оң қол» әңгімесінде өз дертімен қоғамнан ысырылып, жалғыз 
қалған Алма бейнесі, «Парасат майданында» жалғыз адамның екіге бөлінуі. 
«Қонақтар» әңгімесінде де қартайғанда ұлымен немерелеріне зар болып, өз 
ойлары, өз армандарымен жалғыз қалған әке бейнесі. «Әке»[3,87] повестінде де 
жалғыздықтың символикасын пайдаланады.
«Әке» повесі әкемен баланың тағдырын ғана емес, екі ұрпақ өмір сүрген 
кезеңдң суреттейді. Шағын ғана повесте, бір ұлттың басына түскен қаншама 
қасірет баяндалады. Повестің басы, әкесіне асығап, ұшақта келе жатқан басты 
кейіпкер Сайлаудың атынан баяндала бастайды. Әрі қарай Сайлау қарт әкесінің 
басынан кешкен оқиғаларына тоқтала бастайды. Арасында қазақтың салтына 
тән, қызды шежіреге кіргізбейтіні тілге тиек етіле кетеді. Тарихтағы қаралы 
парақтар, қоян жылдағы жұттан кейін, патша құлап, үкіметтің жаңарғаны туралы 
ақ пен қызылдың шығғаны туралы баяндай келіп, казактардың елді тонап, 


90 
зорлық-зомбылық көргені туралы оқиғалар бірінші жақтан баяндалады. Атты 
казактардың елді шабуы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын еске салады. 
«Мамырбайдың – Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі» деп басталған романдағы 
офицерлердің елді шауып, әйелдерді қара бет еткені, «Әке» повестіндегі 
казактардың іс-әрекетімен жақын келсе, Ақбілекті орыс офицері алып қашып, өз 
отауына әкеліп арын таптағаны, одан кейін қыздың елге оралғандағы ауыр 
тағдыр, ел-жұрттың, жанындай жақсы көрген өз әкесінің қыздан бас тартқаны, 
жалғыз қызын құтқарамын деп қаза тапқан ана бейнесі, Улуғбек Хамдамның 
«Әке» романындағы сюжеттерге өте жақын, кейіпкерлердің өмірі тағдырлас. 
Ақбілектен атастырлыған жігіті Бекболатта бас тартады, өйткені қыз қара мұрт 
офицерінен жүкті еді. Басты кейіпкердің жұрттың сөзіне қарамай, баланы 
босануы, жоғарыда біз қозғап отырған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет