Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет203/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
171 
Міне, бір ғана қарапайым мысал арқылы оқушыға жол көрсетуге болады. Коменскийдің
артына қалдырған мұрасында мұғалімге қойылатын басты талаптар қалыптастырылған. Бұл 
талаптарды да болашақ маман иесі білуі керек. Талаптарға тоқталсақ:
-
мұғалім өзінің мамандығын жақсы көруі және оған мемлекеттік маңызы бар іс ретінде 
жауаптылықпен қарауы тиіс;
-
білімді және өзінің педагогикалық шеберлігін арттыруға мүдделі болу;
-
өзінің
оқушыларының психологиясын терең білу;
-
мұғалім өзінің міндеттерін адал және шын көңілмен атқаруы тиіс;
-
оқушыларының талаптары мен қызығушылықтарын білу;
-
мұғалім өзінің тәжірибесін өзгелердің игілігі етуге ұмтылуы тиіс;
-
мұғалім тек мектепте ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де балалар мен олардың 
ата

аналары үшін үлгі болуы тиіс.
Педагогикалық мамандық үлкен еңбекқорлық пен жауапкершілікті талап етеді. 
Бұл
тұжырымның ақиқат екендігіне ағартушы
-
ұстаз Ы.Алтынсарин, Т.Тәжібаев, М.Әуезов, 
М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, Ғ.Мүсірепов басқа да отандық және шетелдік аса көрнекті 
педагогтардың өмірінен мысалдар келтіруге болады. Осы орайда, Л.Н.Толстой педагогикалық 
мамандықтың гуманистік бастауын балаларға деген сүйіспеншілік деп қараған. «Егер мұғалім тек 
ісін ғана сүйетін болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім әке

шеше сияқты тек баланы ғана 
сүйетін болса, ол кітап атаулының барлығын оқыса да, не ісін, не баланы сүймеген мұғалімнен 
артық мұғалім болады. Егер мұғалімде өз ісіне де балаға да сүйіспеншілік сезімі болатын болса, ол 
– 
нағыз мұғалім». Қызығушылығы мен қатар жақсы маман иесі болуға ұлылардың сөздері мен 
нақылдары арқылы үнемі бағыт беруге болады.
Педагогикалық мамандық шығармашылық мамандыққа жатады. Ол педагогикалық 
бағыттағы жаңалықтарды таба білуді, көзге көрінбейтін заңдылықтарды анықтауды, қадағалай 
білуді және, қадағалай отырып, маңыздысын аша білуді, педагогикалық фактілерді талдауды 
ұдайы талап етеді. «Мұғалімдік дегеніміз 
— 
өнер, ол, жазушының немесе композитордың 
жұмысына қарағанда, шығармашылық тұрғысынан еш кем емес, бірақ анағұрлым ауыр және 
жауапты іс. Мұғалім адам жанынан композитор сияқты музыка арқылы емес немесе суретші 
сияқты адамға бояулар мен түстер арқылы әсер етпейді, ол адам жанынан тікелей ықпал етеді. 
Өзінің тұлғасымен, өзінің білімімен, махаббатымен, өзінің өмірге деген көзқарасымен 
тәрбиелейді» [3,18].
Мектепте кәсіби бағыт беру үлкен жолға қойылып келеді. Білім беру саласындағы 
педагогикалық маманыққа даярлауда ҮПБ жүйесінде деңгейлер жүзеге асырылады: орта білімнен 
кейінгі (педагогикалық колледждер); жоғары педагогикалық білім (педагогикалық институттар, 
университеттер); жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Яғни, оқушы мектепті аяқтаған соң 
колледждерде педагогтарды даярлау мамандығына бара алады. Статистика бойынша, 
педагогикалық мамандықтар бойынша оқытатын колледждердің барлығы 2
54-
і бар, оның ішінде
-
қалаларда (90%)/ауылдық жерлерде (10%) орналасқан. Техникалық және кәсіптік білім беру 
жүйесінде педагогикалық мамандықтар бойынша контингент (2020 жылғы наурыздағы жағдай 
бойынша) 72 548 адамды құрайды (білім алушылардың жалпы контингентінің 15,5%), оның ішінде 
мемлекеттік 
– 
51,4 %, жеке 
– 
48,6% білім алуда. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтар 
бойынша білім алушылардың жалпы санынан 24% сырттай оқу нысаны бойынша оқыды. Жыл 
сайын педагогикалық мамандықтар бойынша колледждерге 16
-
19 мың адам қабылданады, оның 
60%-
ы мемлекеттік тапсырыс бойынша. 
2022-
2023 жылдың мамандықтар бойынша мәліметінде (1
-
кесте) көрсетілгендей, 
педагогикалық мамандыққа сұраныс өскен. Мамандардың саны да артқан. Демек, жыл сайын 
өсімдік өруге болады. Педагогика саласын бітірген мамандардың жұмысқа орналасуына да көңіл 
бөлініп жатыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет