КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 248
Математикалық сауаттылық
-
әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу,
математика тілінде сөйлеу, жазу мәдениетіне, қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын
баяндау, оны оқып үйрену.
Бастауыш сынып
–
баланың логикалық ойлауының алғашқы даму кезеңі болып табылады.
Өйткені, логикалық ойлау
–
бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасып, ауқымды мәселелерді
шешуге, ғылыми білімді меңгеруге септігін тигізеді.Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын
орындау
–
баланың ақыл
-
ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытуға көмектеседі.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық
қалыптасуы тиіс.
1.
ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану
біліктілігін;
2.
қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық
білімін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
3.
ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу
техникасын;
4.
жоспар бойынша әртүрлі жоспарлау біліктігін;
5.
өз іс әрекетін бағалауды білуі қажет.
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына көптеген олимпиадалар өткізілуде.
Олимпиадалардың негізгі мақсаты математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау,
олимпиада резервін қалыптастыру. Міндеті оқушылардың математика пәніне қызығушылығын
арттыру, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге
үйрету.Осы олимпиадаға оқушыларды дайындау барысында, функционалдық сауаттылық
тапсырмалары жинақталған арнайы математикалық тілдегі дәптер жасау ойыма келді.
Математикаға қызығушылығы жоғары, логикалық ойлау қабілеттері басым оқушылар үшін
математика сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларды орындауға арналған
«Логикалық тапсырмалар» жұмыс дәптерін жасадым. Бұл дәптер арқылы оқушылар, өз
логикаларын дамытып қана қоймай, олимпиадаларға дайындық жұмыстарын жасай алады.
Оқушыларға арналған жұмыс дәптерін жасағандағы мақсатым, оқушылар үйренген тақырыптары
бойынша, өз беттерінше тапсырма орындау болып табылады. Жұмыс дәптерінде төрт негізгі
тақырып берілген. Әр тақырыпты түсіндіру мақсатында ереже және бір мысал келтіріліп,
қажеттілігіне қарай, әр мысалға тапсырмалар берілген. Оқушылар мысал арқылы тақырыпты
түсіне отырып, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Бастауыш сынып оқушыларының
математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында логикалық есептер мен ойын түрлерін
пайдалануға тырысамын. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың
математикалық білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытып, есептеу дағдыларын дамытады.
Оқушылардың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын туғызады. Теориялық материалдарды
меңгерумен қатар оны практикалық тұрғыда пайдалануды үйренеді. Әдеттегі бірсарынды сабақта
үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде белсенділік танытып жатады. Өйткені, олар өйын
кезінде өздерін басқалармен тең санап қана қоймай, өздерінің белсенділігін де
көрсетеді. Олардың
әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды да, білімді меңгеру
белгілі іс әрекет үстінде жүзеге асады.
Мысалы: Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
Ахметтің анасының
үш баласы бар. Үлкен ұлының аты
-
Қыркүйек, ортаншысының аты
-
Қазан, кішісінің аты кім? (Ахмет)
Оқу бағдарламасында жеке тақырып ретінде логикалық сұрақтар берілмеген. Дегенмен,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда логикалық тапсырмалар кездесіп
тұрады.
«