Бағалау критерий:
1.Атмосфераның құрамдас бӛлігін ажыратады және үлесін диаграмма түрінде
кӛрсетеді.
2.Атмосфераның әр қабатының ерекшелігін талдайды, тропосферадағы болып
жатқан үрдістерді анықтайды.
«А» оқушы – Албан Назгүл
Назгүл оқу жылының басында сабаққа белсенді қатыспайтын, тек ӛзің
сұрасаң ғана жауап беретін. Салыстырмалы түрде қазір кӛбірек қол кӛтереді.
Бүгінгі сабақтың «Мені тап!» бӛлімінде ӛте жақсы деңгейде қатысып отырды.
Атмосфера құрамын толық сипаттап берді. Үйге алдын-ала берілген зерттеу
жұмысында Атмосфера және оның құрамдас бӛліктері
туралы материалдар
алып келіп, оқушыларға біраз мәлімет берді.Назгүлдегі ӛзгеріс: оқу жылының
басындағыдай ӛз білімін тек мұғалім сұрағанда ғана кӛрсетіп отырмайды, қазір
сабаққа кӛбірек қатысып отырады. Мүмкіндігінше ӛз ойымен бӛліседі, топтық
жұмыста жұмыстарын бӛлісу кезінде кӛшбасшылық әрекетке ат салысады,
бірақ толық міндетін әлі алған жоқ. Алдағы уақытта бұдан әрі ашылып ӛзін
жан-жақты кӛрсете алады деп ойлаймын. Ӛйткені Назүлде білім бар.
Теориялық білімін ӛмірмен байланыстыра біледі. Тек тұйықталмау керек. Ол
үшін бұл оқушымен диалогтік әңгімені, іздену, зерттеу жұмыстарын кӛбірек
орындату қажет.
«Б» оқушы – Әбдібек Бірханым.
Бірханым сабаққа жүйелі дайындалмайды. Ал дайындалып келсе, ӛте жақсы
да жауап береді. Кӛбіне жетелеуді жақсы пайдаланады. Оқулықты бірнеше
қайтара оқымайтын тәрізді, ӛйткені географиялық терминдерді нақты айтпай,
баламалап түсіндіріп кетеді. Бүгінгі сабақта Атмосфера
және оның құрамдас
бӛліктерін түсіндіру кезінде факторларды түгел атаған жоқ, мұғалімнің кӛмегін
пайдаланып түсіндірді, яғни жетелеу сұрақтарын беріп отырды. Бірханым
сабаққа үнемі дайындалып келуі үшін мүмкіндігінше аз сұраққа болса да жауап
беруін талап етілді. Теориялық білімін практикада қолдануда жылдам жауап
бере алмай қалады, ойлануға кӛбірек уақытты қажет етеді.
Бірханымдағы ӛзгеріс:
Сабақ сайын ӛзінен сұрап жүргендіктен күнделікті
сабақты оқып келіп жүр. Бірақ бүгінгі зерттеудің тапсырмасына материал
дайындамаған. Дегенмен, күнделікті дайындалып келуге тӛселіп келеді. Алдағы
уақытта ӛзіне жеке тапсырмалар беріп,
сабақ сайын жауап беруге
дағдыландыру керек.
«С» оқушы – Талапты Даниял
География пәнінен былтырғы оқу жылында Даниял бір тоқсанда «5» шыққан
болатын. Биылғы оқу жылында «5» жоқ. «4»-к бағаның ӛзіне қосымша
тапсырма орындап жетті.
Оқу жылының басында сабақты айту кезінде ӛте баяу болды. Жетелеу
сұрақтарын қойып барып жауап алуға тура келген. Бірақ тест сұрақтарына
жақсы жауап беріп жүрді. Сондықтан сыни ойлау сұрақтарын кӛбірек беруге
тырыстық. Даниялдағы кемшілік бұрынғыдай сабаққа кӛп ат салыспай жүрді.
Сондықтан сұрақ-жауап кезінде неғұрлым Даниядан кӛп сұрауға,
неғұрлым
кӛбірек сӛйлетуге әрекет жасадық. Бүгінгі сабақта Атмосфера құрамын
сипаттады. Сабақты еркін емес, ойланып, аздап кекештеніп жеткізді. Дегенмен
зерттеу жұмысында ӛз ойымен бӛлісті. Қазіргі кездегі Даниялдағы ӛзгеріс:
бұрынғыдай сабаққа кӛбірек қатысуға талаптануда. Тақтаға фамилиясын
атағанда ғана шығып қоймай, ӛзі қол кӛтеріп шығуға ұмтылып жүр. Бірақ
номенклатурасы аздап ақсап тұр. Сондықтан мұғалім картадан кӛбірек
тапсырма беруді қолға алды.
Келесі зерттеу қазақ әдебиеті сабағында болды.Қазақ әдебиетінен ӛткен
сабақтың тақырыбы: «Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы».
Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бӛлдім. Қызығушылықты ояту
мақсатында пазлдарда берілген сӛздерден сӛйлем құрастыру тапсырдым. Әр
топ ӛз алдарындағы пазлдардан сӛйлем құрастыра бастады. Осы тапсырмада-ақ
«А», «В» деңгейлі
оқушылар жылдамдық танытып, сӛйлемді құрастыруға
атсалысты. Келесі Шортанбайдың ӛмірі мен шығармашылығы бойынша әр
топқа тапсырма бердім. Оқушылар постер қорғау керек.1-топқа
Шортанбайдың
ӛмірі,
2-топқа
Шортанбайдың
ақындығы,
3-топқа
Шортанбайдың айтыскерлігі, 4-топқа Шортанбайдың толғаулары берілді. Топта
оқушылар ұйымшылдықпен ӛз тапсырмалары бойынша постерлерін жасауға
кірісті. «А», «В» деңгейлі оқушылар оқушылар тапсырманы орындауда
белсенділік танытуда. «С» деңгейлі оқушы да қарап отырған жоқ. Ол да басқа
оқушылардан қалғысы келмей, ӛз
ойын білдіріп, атсалысуда. «А» деңгейлі
оқушының тобы тапсырманы бұрын орындап, белгі кӛрсету арқылы дайын
екендіктерін кӛрсетті. Топтан үш оқушы тақырып бойынша постер қорғады.
Басқа оқушыларға қарағанда «А» деңгейлі оқушының жауабы нақтырақ болды.
Ол Шортанбайдың айтыскерлігін қазіргі ӛмірмен байланыстырып, қазіргі
айтыстың
тақырыбымен, айтыскер ақындардың есімімен таныстырды.
Шортанбайдың атын ӛшірмей, ізін жалғастырушы жастардың мол екендігін
айтылды.
«В» деңгейлі оқушы отырған топ Шортанбайдың толғаулары туралы сӛйледі.
Толғауларын талдап, үзінділер оқыды. «С» деңгейлі оқушы «Зар заман »
толғауынан үзінді оқып, ӛмірмен байланыстыруда қиналыңқырап қалды.
«С» деңгейлі оқушы да бұл сабақта қатарынан қалғысы келмей,
Шортанбайдың ӛмірінен мәліметтер айтты. Ел арасында ақындығымнен,
шешендігімен танылған тӛкпе ақын екендігін айтты. Сабақта оқушы алдыңғы
сабаққа қарағанда топта жұмыс жасауға бейімделе бастағанын,
сабақ айтуға
ұмтылғанын байқадым. Ӛлеңдерін мәнерлеп оқуда да «А» деңгейлі оқушының
кӛш ілгері екендігі, «В» деңгейлі оқушының ӛз деңгейінде сӛйлейтіндігі, «С»
деңгейлі оқушының қарап отырмай, топпен бірге жұмыс жасай алғандығы
кӛрініс тапты.
Қорытындылай келе, оқушыларды бақылай отырып ең қажетті әдіс-тәсілдерді,
атап айтсам, диалогтік әңгімені, жеке жұмысты кӛбірек пайдалану керек деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: