Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет86/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Кодтай білу 
Қолдана білу 
Мен қалай мәтіннің шырмауын 
шешемін? 

Мәтінді қалай түсінемін? 

Неден басталады? 

Неге негізделген? 

Қандай құралдар және құралдар 
комбинациясын қолданады? 
Мен мәтінді қалай қолданамын? 

Мәтіннің мақсаты мазмұнына 
үйлесе ме? 

Мәтінді қалай дәл қазір осы 
жерде, осы уақытта қолдана аламын? 

Басқалар мұнан не алады? 

Менің мүмкіндігім қандай? 
Тҥсіне білу 
Бағалай білу
Мәтінге қалай қатысамын? 

Мәтіннің идеялары ӛзара қалай 
байланысқан? 

Мәтінде қандай тарихи дәлел 
қолданылған? 

Мәтіннің мәні қандай және 
басқаша қалай түсіндіруге болады? 
Мен сыни сауатты оқырман ретінде: 

Кімнің ұстанымы, пікірі мен 
мүддесі қозғалған? 

Кімнің пікірі айтылмаған 
немесе жоқ? 

Қандай пікір айтылған? 

Менің пікірім басқалардың 
пікірімен сәйкес келе ме? 
«Оқырман конференциясы» әдісі бойынша жұмысты жүзеге асыру 
қадамдары тӛмендегідей: 

Бұл әдіс әдейі дайындықты қажет етеді; 

Топ мүшелері мазмұны бірдей мәтінмен жұмыс жасайды; 

Олар мәтін бойынша жеке тапсырма алады; 

Сессия кезінде мәтіннің мазмұнын жұппен талқылайды; 

Мәтіннің тақырыбы бойынша топпен сұрақтар құрастырады; 

Олар әр түрлі дереккӛздерден мәтінге қосымша мәліметтер іздейді; 

Сонан соң аудиторияда топпен дайындаған тақырып бойынша қалай 
хабарлама жасайтындарын келісіп алады; 



Бақылау, зерттеу жүргізу нәтижесін баяндайды; 

Мұғалім конференцияда ӛзара бӛлінген тапсырмаларды хабарлауға уақыт 
белгілейді (5-10 минут); 

Конференция соңында бағалауға байланысты кері байланыс ауызша 
немесе жазбаша түрде жүргізіледі [2.27]. 
Топ Мәтіннің тақырыбы
№1 
Мәтіннің қысқаша 
мазмұны 
Мәтін тақырыбы 
бойынша сұрақтар 
Мәтінге қосымша 
мәліметтер
Хабарлама түрі 
Белгілі халықаралық зерттеулер (PISA, TIMSS, PIRLS) оқушылардың 
функционалдық сауаттылық деңгейін тексерумен айналысатыны белгілі. Соның 
ішінде оқу сауаттылығына да ерекше назар аударылған. 
Функционалдық оқу –тапсырманың шешімін табу немесе орындау мақсатында 
ақпаратты іздеу үшін оқу. Функционалдық оқу кезінде шолып оқу (сканерлеу) 
және аналитикалық оқу (кілт сӛздерді анықтау, цитаталар таңдау, схема, 
график, таблицалар құру) тәсілдері қолданылады [3.4]. 
Оқушылардың оқу сауаттылығы мектеп қабырғасында қалыптасады. Сол 
себепті мектеп оқушылардың алған білімдерін ӛмірде қолдана білуге үйретуі 
керек. Мұғалім сабақта күнделікті ӛмірдегі маңызды мәселерді шешуге 
бағыттауы тиіс. Сол себепті де, сабақта пайдалануға таңдалатын материалдар 
да шынайы ӛмірден болғаны дұрыс. 
7 – сыныпқа арналған «Ғаламдық экология мәселелері » тақырыбы 
бойынша берілген мәтінмен жұмыс жасау кезінде оқылым алды тапсырма 
ретінде оқушыларға сӛздікті сәйкестендіру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет