Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет88/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Оқиғаның 
орны мен 
уақыты 
(Қашан? 
Қайда? ) 
Кейіпкерлері 
(Кім?) 
Оқиға (не 
болды?) 
Мәселе 
(байланысқа 
тҥсу, бҧл 
оқиғаға не 
ықпал етті?) 
Жасалған 
әрекеттердің 
немесе 
оқиғаның 
салдары 
(шешімі) 
18-19ғасыр 
Сарыбай мен 
Қарабай 
ауылында
Шығыс 
Қазақстан 
Сарыбай 
Қарабай 
Қозы Кӛрпеш 
Баян сұлу 
Қодар 
Айбас 
Ай мен 
Таңсық 
1. Құда 
боламыз деп 
уәделеседі. 
2.Сарыбай 
мен Қарабай 
маралды 
атуы; 
3.Сарыбайдың 
ұлды болуы; 
4.Қарабайдың 
кӛшіп кетуі; 
5.Ноғайлы 
бегінің келуі, 
«Қодар құлға» 
1. Біріміз 
ұлды, біріміз 
қызды 
болсақ, құда 
боламыз деп 
уәделеседі.
2.Сарыбай 
буаз маралды 
атқандықтан, 
қаза болады.
3. «Жетім 
ұлға 
қызымды 
бермеймін» 
«Пайда 
ойлама, ар 
ойла» деген 
ойдың 
растығына 
кӛз жеткізуге 
болады. 
Себебі буаз 
маралды 
атып, пайда 
таппай, ақыр 
аяғында 
ӛзінің басы 
қатерге тап 


айналуы; 
6.Қозының 
шындықты 
біліп, Баянды 
іздеп келуі; 
7.Қозы мен 
Баянның 
ӛлімі.
деп Қарабай 
кӛшіп кетеді. 
болды.
Қодар 
залымдық 
жасаймын 
деп, ӛзі де 
соның 
құрбаны 
болады. 
Сондықтан 
ешқашан 
жамандық 
жасамау 
керек.
Оқылым стратегияларын меңгеру арқылы оқушылар ақпаратты толық 
түсінуге, оны қолдануға, мәтіннен маңызды ақпаратты іріктеуге дағдыланады. 
Тӛменде ұсынылған оқылым тапсырмасын орындау арқылы оқушылар: 

мақсатты түрде ақпаратты іздеу және іріктеуге; 

негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға; 

ақпаратты қысқа формада ұсынуға дағдыланады. 
Қорыта айтқанда, тіл үйрету сабақтарында оқылым тапсырмаларын 
дайындауда белсенді оқу әдістерін қолдану, біріншіден, ӛмірге қажетті 
стратегияларды меңгертуді кӛздейді. Екіншіден, білім алуды жеңілдетеді, 
оңтайлы әдістерін ұсынады. Оқушы білімін нақты бағалауға мүмкіндік береді. 
Сабақтардың әралуандылығын қамтамасыз етеді. Тапсырмалардың бірыңғай 
болуының алдын алады, оқушыны біртектес тапсырмамен жалықтырмайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Саттарбекқызы С.А. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың кӛптілділік 
сауаттылығын қалыптастыру мақсатында оқылым мен тыңдалым дағдыларын 
дамыту. http://infourok.ru/ailshin-tilin-oituda-tidalim-men-oilimdi-damitu-
387211.html 
2. Кӛпжасарова Т.М., Утешева К.Г. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері: 
әдістемелік нұсқаулық. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 
3. Логвина И., Рождественская Л. Формирование навыков функционального 
чтения. 2012 . 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚТЫ ҚҦРЫЛЫМДАУДАҒЫ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
 
Батырбекова Рана Омарханқызы 
№98 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 


Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары рухани 
құндылық пен дағдыдан тұратындығын білеміз. Рухани құндылық: 
шығармашылық, жауапкершілік, қарым-қатынас жасай білу, ӛмір бойы оқуға 
дайын болу. Ал дағдыларға келетін болсақ, сын тұрғысынан ойлау, білімді 
шығармашылық тұрғыда қолдана білу, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу, 
жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті және АКТ саласындағы дағдылар.
Ұстаз үшін ең маңызды мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді 
ӛткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ 
уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, 
сыни ойлауға кӛп кӛмегін тигізетін әдіс-тәсілдерді қолдана білу. Ол үшін 
мұғалім қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап 
оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жӛн.
Қазіргі таңда оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты 
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - 
заман талабы болып отыр. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді 
құруға кӛмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті 
мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере 
алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, 
рефлексия жасауы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім 
тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
-сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында кӛрсетілген 
оқу мақсаттарын басшылыққа алу;
-сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, ӛлшемді, қолжетімді, 
шынайы мақсаттар қою;
-орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
-мұғалім ӛзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Мұғалім білімнің тек дара кӛзі ретінде емес, оқушылардың ӛздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. 
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай 
болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған 
оқу мақсатына сәйкес келуі керек. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында 
оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір 
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. 
Бұл: сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен 
айналысатынына назар аударуға; сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; оқуды 
бағалауды жеңілдетуге;
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге кӛмектеседі. Сабақ мақсатын 
анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 
жоспарлау керек екендігін шешеді.
Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін 
қолдана алады. Тиімді оқытуды жоспарлауда бірқатар мәселелерді ескерген 
жӛн:


- Сабақта кӛптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Әдетте 
баланың назары бір нәрсенің тӛңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын 
естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, 
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Бұл 
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп кӛше отырып, тапсырманы түсінуге 
кӛмектеседі, ӛткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде 
бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен ӛзара әрекеттестік стилін ӛзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ 
барысында ӛзінің қанша сӛйлейтіні туралы ойлануы керек. Оқушыларға сұрақ 
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін 
бағдарлаған дұрыс. Сабақта бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін 
араластырып қолдану тиімді болады. Сонымен, мұғалім сабақтың 
құрылымдаған жоспарын жасағанда:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бӛліктерін қамтуы;
- логикалық жағынан реттелген, оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 
тапсырмалар бойынша толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-
тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала кӛре білуге және анықталған 
дағдыларға қатысты шешім ұсынуы. 
Қорыта айтқанда критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы 
үрейленуді басады және мұғалімді «тӛрешілік» қызметінен босатып, оқушы 
бойында ӛзін-ӛзі бағалау, ӛз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің 
дамуына ықпал етеді.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға 
қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. 
Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске 
асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, 
жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың 
алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Мұндай 
бағалау кезінде ӛзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан 
критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын 
қарастыру. Сӛз соңында айтарым, дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы 
жақсы» деп текке айтпаған. Сондықтан да шәкірт тәрбиелеу ісін қолға алған 
ұстаздар әрқашан сол шәкірт үшін ізденуден талмай еңбек етуіміз керек. Сонда 
ғана біздің шәкірттер болашақ тізгінін басқарар кӛшбасшылар қатарында 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет