47
тұратын жүйелерді гетерогенді, бір фазадан тұратын жүйелерді гомогенді жүйелер деп
атайды да бүндай жүйедегі тепе-теңдікті гетерогенді немес фазалық тепе-теңдік деп
атайды.
Гетерогенді жүйедегі фазалық тепе-теңдік белгілі бір шарттармен: жүйенің барлық
фазаларындағы температура тепе-теңдігімен,
қысым және барлық фазадағы
компоненттердің химиялық потенциалдарының тепе-теңдігімен сипатталады:
T1 = T11 = ... =TΦ (тепе-теңдікті термиялық шарты) (1)
Pi = Pi11 = ... = PiΦ (тепе-теңдікті механикалық шарты) (2)
Mi = Mi11 = MiΦ (тепе-теңдікті химиялық шарты) (3)
Жоғарыдағы индекстер фазаларға, ал төмендегі компоненттерге жатады.
Сыртқы өріс болмағанда бірдей химиялық, физикалық және т/д қасиеттермен
сипатталатын беттік шекарамен бөлінген гетерогенді жүйенің бөлігін гетерогенді жүйенің
бөлігін фаза деп деп атайды.
Фаза санына байланысты
бір фазалы, екіфазалы, үшфазалы және көпфазалы бөлып
бөлінеді.
Жүйе бір немесе бірнеше компоненттен түруы мүмкін.
Жүйеден бөлініп өз алдына өмір сүре алатын,
жеке химиялық зат, жүйенің қүрамдас
бөлігін компонент деп атайды.
Компонент саны дегеніміз (К) - т/д жүйелердегі барлық фазаларды түзуге және кез
келген фазаның құрамын математикалық өрнектейтін жеке химиялық заттардың ең аз
саны..
Жүйе күйін еркін дәреже санымен сипаттайды (немесе варианттылық).
Реал ерітінділер идеал ерітінділер заңдарына бағынбайды, сондықтан одан
ауытқулар болады.
Егер идеал
ерітінді бетіндегі бу қысымы, сол құрамдағы идеал ерітінді
бетіндегі бу қысымынан көп болса рауль заңынан оң ауықту, ал аз болса теріс
ауытқу болады. Оң ауытқуда А-В арасындағы әсерлесу энергиясы А-А,
В-В дан аз
болады, олар буға тез айналады,ал теріс ауытқуда керісінше А А Реал ерітінділер үшін
∆Gара-у азаяды да ∆Sара-у артады.
МА = М0А + RТlnXA (14)
МА = М0В + RТlnXВ
еріткіш және ерітінді әсерін химиялық потенциалдар
МА = М0А+ RТlnρА/ρ0А = МА+ RТlnаА = М0А + RТlnхА + RТlnγА (15)
МА = М0В + RТlnρВ /ρ0В = М0В + RТlnаВ = М0В + RТlnхВ + RТlnγВ (16)
ρ0А, ρ0В - стандартты күйдегі А және В заттың қаныққан бу қысымы;
ρА , ρВ - А,В заттың қаныққан
бу қысымы ерітінді бетіндегі;
аА, аВ - А,В - А, В активтілері;
ρА / ρ0А ; ρВ/ ρ0В; γА және γВ -актив коэффиценттері ( хА → 0 γА →1, хА → аА
т.б.)
48
Егер концентрация молярлық арқылы өрнектесе
МА = М0А + RТlnmA + RТlnγА (17)
МА = М0А + RТlnmВ + RТlnγВ (18)
(15-18) теңдеулер , идеалдықтан ауытқулар мына мүшелермен анықталады.
RТlnγА және RТlnγВ
Достарыңызбен бөлісу: