Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау мақсаты


ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҰЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата23.05.2024
өлшемі474,48 Kb.
#202802
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ерасыл слайд

ЗӘРДЕГІ ГЛЮКОЗАНЫ ҰЗЫНША-СОПАҚ ТЕСТІМЕН АНЫҚТАУ 
 
Мақсаты: 
зәрдегі глюкозаны анықтау. 
Қолдану көрсетілімдері: 
қант диабеті. 
Дайындаңыз: 
зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен. 
Іс -әрекет алгоритмі: 
 
1.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 
2.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз. 
3.
Резеңке қолғапты киіңіз. 
4.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам 
шығарыңыз. 
5.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз. 
6.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз. 


7.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 
Ескерту:
-
қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – 
зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия). 
РОЗИН БАЙҚАУЫН ЖҮРГІЗУ 
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау) 
 
Мақсаты: 
диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау). 
Дайындаңыз: 
1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 
мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп 
дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты
резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған 
ыдысты. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1.
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. 
2.
Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз. 
3.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз. 
4.
4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз. 
5.
Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін 
тамызғышпен тамызыңыз. 
6.
Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады 
(егерде билирубин болса). 
7.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 
8.
Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты 
зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге 
салыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет