КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ
Мақсаты:
нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу,
ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері:
ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз:
таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны
ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі,
палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке
қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.
Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2.
3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары
шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және
ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні
нәжіс зерттеуге алынады.
3.
Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді
қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер
емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
4.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
5.
Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:
-
нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;
-
ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10
г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
6.
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.
7.
Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Ескерту:
-
тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе
Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған
азық-түлік жиынтығы бар;
-
клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан
кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |