Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата23.05.2024
өлшемі474,48 Kb.
#202802
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ерасыл слайд

Қолдану көрсетілімдері:
дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында). 
Дайындаңыз: 
сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банкіні, 
жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты 
жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы). 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1.
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 
2.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 
3.
Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз. 
4.
Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс 
және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 
5.
Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын 
жинаңыз. 
6.
Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз. 
7.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз. 


ЗИМНИЦКИЙ БАЙҚАУЫНА ЗӘРДІ ЖИНАУ 
 
Мақсаты: 
диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу
тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау. 
Қолдану көрсетілімдері: 
бүйрек аурулары. 
Дайындаңыз:
сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді 
жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу 
мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы). 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1.
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: 
-
зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады
-
бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені 
диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін 
болдырмауын; 
-
зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
2.
Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 
3.
Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. 
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін 
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін 
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін 
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін 
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін 
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін 
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін 
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін 
4.
24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып 
отыруы керек. 
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет