Дайындаңыз:
залалсыздандырылған шыны түтікті
мақта-дәке тампондарымен
тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған,
дәрет ыдысын
(судноны) немесе горшокты,
қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы,
стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты),
штативті, тасмалдауға
арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.
Науқасқа
зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара
жасауға келісімін алыңыз.
2.
Қолыңызды
гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.
3.
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
4.
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.
5.
Шыны түтікті штативке орнатыңыз.
6.
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
7.
Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан
мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).
8.
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-
5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
9.
Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына
және сыртқы
бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті
тығынымен тығыз жабыңыз.
10.
Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.
11.
Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.
12.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
13.
Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
14.
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық
зертханаға жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: