Мақсаты:
диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын
айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері:
ішектің
микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы
аурулары.
Дайынданыз:
көректі ортасы бар Петри табақшасын,
залалсыздандырылған
пробиркадан залалды тік ішектік ілгекті, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысын (судноны)
немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма
бойынша жазылған жолдаманы,
стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға
арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: