Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


Ландшафт және оның морфологиялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата23.05.2024
өлшемі0,66 Mb.
#202816
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

2.4 Ландшафт және оның морфологиялық құрылымы 
 
Табиғи территориялық комплекс туралы ұғым ғылымға берік 
сіңіскекннен кейін ғалымдар оның аймақтық, типологиялық және оның 
құрылысының морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады. 
Көп жылдық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі 
факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын табиғи территориялық 
комплекстермен 
кестеленетіндігін 
дәлелдеп 
отыр.Олар 
территориялық 


өлшемдері бойынша да, бірінен – бірі туындайтын сатылары бойынша да әр 
түрлі болып келеді. 
Геологиялық негізі, рельефі типі, климаттық және гидрологиялық 
режимдері, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниелерінен 
тқратын биоценоздарды бірдей болып келетін біртекті табиғи территориялық 
комплексті ландшафт дейді.Оның нақты қасиеттеріне жататын белгілері 
мыналар: 1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы 
дараланатын жаратылысы біртекті территория болу керек; 2) пайда болған 
күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болу керек; 3) 
геологиялық құрылымында, рельеф типінде жаратылыстық айырма болмау 
керек, литогенді негіз бен геоморфологиялық комплекстің өзгеріске ұшырауы 
ландшафты да өзгертеді, сапасын, морфологиялық құрылымын түрлендіреді, 
сыртқы белгілерін анықтай түседі; 4) әрбір ландшафт құрылысының 
морфологиялық құрылымы қайталанбайтын тізбектерден тұру керек; 5) 
ландшафтың барлық компоненттері мен морфологиялық құрылысының 
құрамдас бөлшектерін құрайтын табиғи территориялық комплекстердің 
тізбектелуінде зоналық, секторлық және биіктік белдеулік айырма болмау 
керек, өйткенгі ландшафт зоналық,секторлық және биіктік белдеулік 
факторлардың тұтас қатар әрекет етуі нәтежиесінде қалыптасады.
19 
Ландшафты 
құрайтын 
морфологиялық 
табиғи 
территориялық 
комплекстер сатыларына қарай жергілікті жер – қоныс – фация деген жүйеге 
жіктеледі.Олардың 
қандай 
ғана 
сатыдағысы 
болмасын 
фациядан 
құралады.Фация бөлшектенбейтін географиялық комплекс, ол ландшафт 
құрылысының морфологиялық және аймақтық бірліктерін құрастыратын 
кірпіш іспеттес. 
Фация деп
рельефі мен топырақ жамылғысын жаратушы жыныс 
құрамында, рельеф пішінінде, ылғал және жылу режимінде және топырақ 
жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын табиғи 
территориялық комплексті айтады.Көпшілік жағдайда өсімдік жамылғысы 
фацияның шекарасын межелеуде үлкен роль атқарады.Табиғи жағдайда 
фацияны құрайтын компоненттердің динамикалық тепе – теңдігі бұзыла 
қоймайды, ол Б.Н.Скучаевтың биогеоценозымен дәл келеді.Ал адам әрекетінен 
өзгеріске ұшырағае немесе адам әрекетіне байланысты пайда болған фациялар 
әр түрлі биоценоздарды қамтып, биогеоценозға дәл келмеуі мүмкін. Адам 
әрекетіне байланысты фацияның топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, 
жануарлар дүниесі, микроклимат, су режимі тез өзгереді де жаңа сапаға ие 
болады.Бірақ адам әрекетінен пайда болған туындылы фациялардың 
тұрақтылығы ұзаққа созылмайды, табиғи жай күйін түрлендіруші әрекеттер 
тоқталған соң бұрынғы динамикалық тепе – теңдігін қалпына келтіру бағытына 
көшеді. 
Фация рельефтің тұтас пішінін де, бір ғана элементін де қамтиды.Рельеф 
пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін 
лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі щөптесінді шабын,дық 
қскен тау аралық жазықтарды жатқызуға болады.Ал көп фациялы рельеф 
пішініне жыра да, сай да, өзен аңғары да мычал бола алады.бұлардың кез 


келгенінің табанында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық 
жағдайлар 
әр 
түрлі 
биоценоздармен 
сипатталатын 
фациялар 
қалыптасады.Демек, алып жатқан орнына қарай фация үлкен аймақты да және 
кішкентай жерлерді де алып жатуы мүмкін. 
Фацияның 
қалыптасуында 
рельеф 
элементінің 
бедері,салыстырма 
биіктігі, беткей экспозициясы мен қиялылығы, жыныстық құрамы үлкен роль 
атқарады.Рельеф элементін бедеріне қарай тегіс ойыс, дөңес деп бөлінеді. 
Тегіс жерлерде ауа церкулясиясы, жылу режимі біркелкі таралады, жер 
бетіне түсетін ылғал жер астына терең сіңіседі де жер асты сулараының деңгейі 
төмен жатады.Ол топырақ пен өсімдіктер жамылғысының ылғал баланысына 
қатыспайды.Фацияны қалыптастырушы зат және энергия алмасу процестері 
дербес сипатта дамиды.Жер құнары бір жағынан топыраққа сіңген сумен 
шайылып, органикалық заттардың түзілуіне жұмсалып кемісе, екінші жағынан 
элювиальды 
жамылғының 
үйілуіне 
байланысты 
қорын 
тролықтырып 
отарады.Осылай жер құнарының динамикалық тұрақтылығы сақталады. 
Ойысты жерлерде ылғал, минералдық заттар қорының жиналуы мол 
болады.Осы себепті шөлдік, шөлейттік және далалық жерлердегі кішкентай 
ғана ойысты жерлерде оазисті фациялар қалыптасады. 
Дөңесті жерлер фациялардың территориялық бөлшектенуінде үлкен роль 
атқарады.Ең кішкентай деген төбенің өзі атмосфераның жер беті қабатындағы 
ауа қозғалыстарының бағытын, жылдамдығын, ылғал мен жылу баланысының 
таралуын өзгертеді.Жаз айларында төбенің ық жақ беткейге омбы қар 
жиналады.Осы 
сияқты 
күнгей 
беткейлер 
мен 
теріскей 
беткейлердің 
радияциялық және температуралық баланыстары түрліше болып келеді.ылғал, 
жылу және минералды заттардың алмасуында беткейлердің құлау бұрыштары 
аз роль атқармайды.Қорыта айтқанда жер бедерінің күрделенуіне байланысты 
рельеф элементтерінің саны көбейіп, фациялар түрлене береді. 
Топырақ асты жыныстары пайда болу жолдары бір болғанымен 
механикалық құрамдарына қарай әр түрлі бола беруі мүмкін.Сондықтан 
олардың ылғал және жылу сіңірген, сақтағыш қасиеттері мен ірекеттесу 
жолдары бірдей болмайды.Соған орай механикалық құрамдары әр түрлі 
фациялар 
қалыптасады.Жалпы 
алғанда 
топырақ 
асты 
жыныстардың 
механикалық құрамдары саздақтанған сайын фациялар түрленіп, ландшафт
күрделене береді. Бұл айтылғандардан фацияның қалыптасуында жер беті 
рельефі мен оны құрайтын жыныс құрамдарының негізгі роль атқаратындығын 
түсіну қиын емес. 
Қандай мақсаттағы географиялық зерттеулер болмасын фациядан 
басталады.Ол эталонды объект ретінде жан – жақты зерттелетін табиғи 
территориялық комплекс болып саналады.Фация ерекше бір географиялық 
комплекстердің қатарына жатпайды, бір ландшафттың құрамында да, түрлі 
ландшафттардың 
құрамында 
да 
қайталана 
беретіе 
типтестікті 
құрайды.сон,дықтан жеке – жеке фацияларды зерттей бе,рудің мәні жоқ, іс 
жүзінде оларды белгілі бір жүйе бойынша топтастырып негізгі типтерін ғана 
зерттеу уақыт жағынан да, қаражат жағынан да үнемді болып келеді.Фация 
типтестік бірлігі, территориялық өлшемі жоқ табиғи қасиеттерінің ортақ 


белгілері бойынша топтасатын жүйе.Ал іргелес жатқан фациялардың 
жаратылыстық, динамикалық бірлігі, басқаша айтқанда, жер беті мен жер асты 
суларының ағыстары, ауа қозғалыстары, тірі организмдердің миграциясы 
арқылы зат және энергия алмасу нәтежиесінде біріккен тобы қоныс деп 
аталады.
Қоныс рельеф пішінінің тұтас тұлғасымен межеленіп, жылу мен ылғал 
режимдерінің біркелкі, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының бір типті 
болып үйлесетіндіктері арқылы ерекшеленеді.Мысал ретінде жыра, сай, өзен 
жайылмасы, террастары, суайырықты тегіс жазықтар сияқты рельеф 
пішіндерінің тұтас тұлғаларын атауға болады. 
Қоныстардың территориялық бқлшектенуіне әсер етуші факторларға жер 
беті рельефінің тегіс еместігі, тілімдену дәрежелері, жыныстық құрамы, 
қалыңдық өлшемдері, биоценоздарының бәсекелестік күрестері жатады. 
Жер беті рельефінің тегіс еместігі күрделі жерлерде әрбір оң немесе теріс 
формалы рельеф пішіндері қоныстарды сомдап, олардың көзге көрінетін 
белгілерін айқындай түседі.Рельеф пішіндері далалық зерттеулерде де, 
аэрофотосъемкалардың көмегімен ландшафтық карта жасауда да шекаралары 
айқын байқалатын белгілердің бірі блоып саналады.Кейде рельеф пішіндері 
бірдей жерлерден де әр түрлі қоныстарды кездестіруге болады.Мұндай 
жағдайда олардың қалыптасуындағы негізгі фактордың рөлін рельефтің 
жыныстық құроамы атқарады.Мысалы, лессты жерлер мен әк тас жерлердегі 
сайлар екі бөлек типтесті өоныстарға жіктеледі.Өйткені олардың су және жылу 
режимдері, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының қалыптасу жолдары әр 
түрлі болып келеді.Осы сияқты жер беті жыныстарының құрамдары да бірдей
жерлерде әр түрлі қоныстардың қалыптасуы мүмкін.Мұндай құбылысты 
республикамыздың солтүстігіндегі ежелгі көлтабандық құмды жынысты 
жерлерден жиі байқауға болады.Сонда қалың қабатты құмды алқаптарда жер 
қыртысы суының деңгейі төмен жатқандықтан шөптесінді төсеніші бар 
қарағайлы орман шоқтары өссе, жұқа қабатты құмды бөліктеріне жер қыртысы 
сулары жер бетіне жақын жатқандықтан батпақты қоныстар қалыптасады.Жер 
беті тілімдері де қоныстардың қалыптасуында ылғал режимінің қызыметін 
реттеуші факторлардың ролін атқарады.Атап айтқанда, белесті жерлерде жер 
беті және жер асты суларының эрозиялық базистері төмен жатады да судың 
шаю әрекеті артады, соған орай қоныс ылғалды көп қажет етпейтін 
биоценоздармен сипатталады.Ал Батыс Сібір сияқты жерлерде жер асты 
сулары жер бетіне жақын жатады да қоныстарында ылғал сүйгіш биоценоздар 
қалыптасады. 
Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсекеталастық күресі 
зоналық ландшафтардың өткелді бөліктерінде айқынырақ байқалады.Мысалы, 
республикамыздың шөлейттік жерлерінде экологиялық жағдайлардың бірдей 
болып келуіне қарамастан далалық шөлдіктерге тән қоныста іргелес 
орналасады. Даланың көдесі май, бетегесі бал таитыған жерлері мен шөлдің 
ашқылтым жусаны өскен сортаңдары жергілікті жер жғдайлары өз ырықтарына 
көндіріп, динаимкалық тепе – теңдігін бұзбауға тырысады. 


Қандай ғана қоныс болмасын заңды түрде үйлесім тауып кестеленген 
фациялардың тізбегінен тұрады.Фациялық құрылымына қарай қоныстар 
қарапайым және күрделі болып келеді.Қарапайым қоныстар бір – екі 
фациялардан 
ғана 
тұратын 
суайрықты 
жондарда, 
тегіс 
жазықтарда 
қалыптасады.Күрделі қоныстар рельефтің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған 
жерлерде кездеседі, фацияларының тізбектелу қатары рельеф пішіндерінің 
формасына қарай жолақты немесе сақиналы болып келеді. Күрделі қоныстарды 
құрайтын фациялар кейде әр түрлі типтестік құрайды.Күрделі қоныстар 4 түрлі 
жағдайға байланысты қалыптасады. 
Біріншіден,бірінші 
қатардағы 
мезорельефке 
екінші 
қатардағысы 
кіріккенде қалыптасады.Мысалға табанынан қайталанып жыра қазылған 
сайларды, өзекті аңғарларды, көлшікті батпақтарды атауға болады.Екіншіден, 
әр т үрлі жынысты жерлердегі мезорельефтің қоныстары күрделі болып келеді. 
Мұндай қоныстар көбінесе кішігірім өзен аңғарларының өңірлерінде жиі 
кездеседі.Қйткені өзен суы толысқан кездердегі тасқын сулар табанына 
жайылғанда арыны қатты жерлерге ірі, ал арыны басылған сайын майда түйірлі 
шөгінділірі үйеді.Соған орай әр түрлі фациялар қалыптасады да қоныстардың 
құрылымы күрделіленеді.Күрделе қоныстардың үшінші бір түрі ылғал 
жетіспейтін 
жерлерде 
микрорельефтік 
және 
нанорельефтік 
айырмаға 
байланысты қалыптасады. 
Қоныстар ландшафттың морфологиялық құрылымындағы орнына қарай 
негізгі, қосалқы, сипатты, сипатсыз, табиғи территориялық комплекстер болып 
бөлінеді. 
Ландшафттың морфологиялық құрылымындағы негізгі қоныстардың 
үлесі бәрінен де басым болады, территориялық өлшемі мен типтестік белгісі 
жағынан басты рольді атқарады.Қазақстан жеріндегі орманды дала зрнасының 
негізгі қоныстары саздақты жазықтардың сұр топырағына өскен орман 
шоқтары мен қара топырақты жерлеріне қскен көделі немесе бетегелі 
далалықтан тұрады. 
Қосалқы 
қоныстар 
ландшафттың 
морфологиялық 
құрылымында 
жергілікті жер жағдайларына атап айтқанда, суық белдеулерге жылудың, 
шөлдерде ылғалдың молдығына, ал ылғалы жеткілікті жерлерде топырақты 
құрайтын жыныстардың тұзды болып келуіне байланысты пайда болады. 
Қоныс ландшафттың морфоструктуралық құрылымын құрайтын тұтас 
тұлғалы табиғи территориялық комплекс болғандықтан географиялық 
зерттеулердің негізгі объектісі болып саналады. 
Қоныс та фациялар сияқты өзіндік ерекшеліктері бар табиғи 
территориялық комлекс емес.биоклиматтық белгілері бойынша типтестік, 
литогенді негізі бойынша тектестік, ал олардың жиынтығында түрлестік 
бірліктері топтасады. 
Ландшафттың геологиялық құрылысы мен рельефінің ерекшеліктеріне 
қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын табиғи 
территориялық комплексті құрайды.Жергілікті жер көбінесе күрделі қоныстар 
тізбегінен тұрады да типтестік, тектестік, түрлестік бірліктерге жіктеледі. 


Жергілікті жер туралы терминді ғалымдар түрліше түсінеді.1)Ол климат, 
топырақ, өсімдік, табиғи территориялық комплекс деген географиялық ұғым 
мағынасында 
танылады 
(И.П.Герасимов); 
2) 
Табиғи 
территориялық 
комплекстердің типі ретінде ұғынылады(Ф.Н.Мильков); 3) Ландшафтының 
морфологиялық 
бқліктерін 
құрайтын 
ең 
жоғарғы 
сатыдағы 
табиғи 
территориялқ комплекс дәрежесінде қарастырылады(Н.А.Солнцев). 
Ландшафттың жергілікті жерлерге бөлшектенуі геологиялық негізі мен 
жер беті жыныстарының ерекшелігіне байланысты
. 20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет