Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


 Ландшафтану теориялық табиғат кешендері туралы ілім



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата23.05.2024
өлшемі0,66 Mb.
#202816
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

2.2 Ландшафтану теориялық табиғат кешендері туралы ілім 
 
Территориялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына 
биогеографиялық ғылымның кемелдепіп, биоценоз, биогеоценоз деген 
ұғымдардың биогеографияның барлық салаларынан берік орын алуы себеп 
болды. Биоценоз тірі организмдердің тіршілік етіп, өніп-өсу үшін бір-бірімен 
зат және энергия алмасу процесі негізінде топтасуынан түзілген. Мысалы, 
далалы жерлерде тіршілік ететін тышқан, жылан, қарсақ, түлкі және дала 
бүркіті дәнді шөптесіндермен қоректенеді.Осындай қоректік тізбек байланысы 
арқылы жоғарыдағы аталған тірі ағзалардан далалық биоценоз қалыптасады. 
Биоценоз ұрықтану, жерсіну тағы басқа жолдармен де түзіледі.
14 
Биоценоз- тіршілік ету, өніп-өсу жағдайлары ортақ, эволюциялық процесс 
пен табиғи сұрыпталудың нәтежиесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен 
жануарлар тобынан құралған табиғат кешені.Оның өзін-өзі басқарып, 
динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қабілеті немесе салыстырмалы 
тұрақтылығы болады.Салыстырмалы тұрақтылық-биоценозды түзетін құрамдас 
бөліктердің өніп-өсу мүмкіншілігін тежеп, белгілі бір өлшем шегінен 
шығармайтын фактор. 
Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршілік ететін ортасымен 
тығыз байланысты болады. Бұл байланыстылық олардың ортаға үйлесімінен 
анық байқалады.ортаға үйлесу тірі ағзалардың барлық қасиеттері мен 
ерекшеліктерін: пішінін, түсін, физикалық әрекетін тағы басқа түгелдей 
қамтиды. Биогеоценоз жергілікті жер жағдайларының ерекшеліктеріне 
байланысты қалыптасады. Сондықтан оның зоналық фактор негізінде пайда 
болғаны кең алқапты (орман, орманды дала сияқтылары), ал интразоналық 
фактор негізінде қалыптасқаны (қамысты көл жағасы мен бұталы сай) шектеулі 
ғжерлерді қамтиды. Демек, белгілі бір территория шегінен межелінетін 
биогеоцнеозды табиғи территориялық комплекс дейді.Табиғи территориялық 
кешен бір күнде немесе бір жылда пайда болмайды. Ол табиғи 
компоненттерінің даму эволюциясы нәтежиесінде динамикалық салыстырмалы 
тұрақтылық 
тапқан. 
Биогеоценоз 
жергілікті 
жер 
жағдайларының 
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан оның зоналық фактор 
негізінде пайда болғаны кең алқапты (орман, орманды дала сияқтылары), ал 
интразоналық фактор негізінде қалыптасқаны (қамысты көл жағасы мен бұталы 
сай) шектеулі ғжерлерді қамтиды. Демек, белгілі бір территория шегінен 
межелінетін биогеоцнеозды табиғи территориялық комплекс дейді.Табиғи 
территориялық кешен бір күнде немесе бір жылда пайда болмайды. Ол табиғи 
компоненттерінің даму эволюциясы нәтежиесінде динамикалық салыстырмалы 
тұрақтылық тапқан жағдайда ғана қалыптасады.Табиғи территориялық 
кешен,табиғат кешендерінен барлық компоненттерінің бітім жаратылысы бір – 
бірімен үйлесім тауып тұтасқан территорияны құрайтындығымен ерекшеленеді
География ғылымында территориялық табиғат кешендерін зерттеп, картаға 
түсіру барысында ландшафтану ілімі қалыптасты. 
Ландшафтану - физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін 
зерттейтін ғылым саласы. Географияда ландшафт туралы бұл ғылымның басты 


міндеті- ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму 
заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның 
өзгеруін зерттеу.Сонымен бірге ландшафтану төмендегі сатыдағы геожүйелер 
(жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке, 
провинция, т.б.) мәселелермен де айналысады. Табиғаттың осындай жеке 
жақтарын зерттей келе ландшафтану географиялық қабықтың аймақтық 
белдеуінің жалпы заңдылықтарын анықтайды, яғни физикалық-географиялық 
аудандау негізін қалайды. Ландшафтану деректері нысанның ландшафтылық 
картасын жасаудан басталатын экспедициялық және стационарлық жұмыстар 
нәтежиесінде жиналады; зерттеудің географиялық , картографиялық,тарихи 
тағы басқа зерттеу әдістерімен қатар математикалық статистика және логика 
әдістері де қолданылады.Ландшафтанудың негізін салушылар- Л.С.Берг, 
Г.Н.Высоцкий,Г.Ф.Морозов.
14 
Газ,сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат 
кешендерінің жеке бөліктерін құрамдас бөлік деп атайды. 
Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің 
қандай түрі болсын- заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-
бірімен әрекеттесу арқылы күрделене түседі.Демек, оларды тек даму процесі 
арқылы ғана, танып білуге болады.Территориялық табиғат кешендерін 
құрайтын құрамдас бөліктерді төмендегіше жіктеуге болады. 
Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы,ауа, су; 
Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі 
энергиясы; 
Биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады. 
Табиғаттың құрамдас бөліктері өздеріне тән заңдылық бойынша бар 
болымысымен өзгеріп,дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара 
өзгеріп, дами алмайды.Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы 
тұтас бір заттық жүйеге бірігеді. 
Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктер тізбегі 
алғашқы пайда болған құрамдас бөліктердің бібі- жер қыртысынан басталады. 
Жер қыртысын түзетін қабаттар жаратылысына қарайт геосинклинальды, 
теңіздік, жанартаулық және материктік болып келеді. Олар территориялық 
табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі- физикалық- географиялық 
аймақтың негізін құрайды. Жер қыртысының қандай бөлігі болса да аумағына 
қарай түрлі жағдайда ұдайы өзгеріп тұрады да, территориялық табиғат 
кешендерінің басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда, жетекші рөл 
атқарады. 
Ауа- территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетін құрамдас 
бөлік.Ауаның физикалық жай-күйі,басқаша айтқанда, температуралық режимі
қысым мөлшері, қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын-
шашын әр кезде түрліше болып келеді, де оны ауа райы деп атайды.Ауа 
райының көпжылдық режимін климат дейді.Климаттың территориялық табиғат 
кешендерімен қатынасын С.П.Хромов ойдағыдай берген. Климаттық белдеуде-
географиялық белдеу,климаттық зонада- ландшафтылық зона, белдеу бөлімінде 
физикалық-географиялық аймақ, климаттық зонаның бөлімінде физикалық-


географиялық облыс қалыптасып, жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті 
климатпен қоныс,микроклиматпен фация тұспа-тұс келеді. 
Су - территориялық табиғат кешенінде минералдық құрамдас бөліктерді 
ерітуші рөлін атқарады.Судың еріген, шайылған заттарды тасымалдау, 
өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда 
маңызы зор. Пайда болуына қарай құрлықтағы су жер асты және жер беті суы 
деген топтарға жіктеледі.Әрбір нақтылы территориялық табиғат кешенінің 
өзіне тән су қоры болады. 
Күн энергиясы- тіршілік көзі.Ол жер бетіне сәуле ретінде түседі де, жылу 
энергиясына айналады.Күн энергиясы территориялық табиғат кешендерінің 
басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп, дамытып отыратын құрамдас бөлік.Оның 
жер бетіне таралуында заналы сипат айқын байқалады.Өйткені жердің 
радиациялық жылу балансы күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты 
экватордан полюстерге қарай кеми береді.күн энергиясының бқлай бөлінуіне 
байланысты географиялық белдеу, зона және олардың бөліктері бөлшектенеді. 
Жердің ішкі энергиясы- территориялық табиғат кешендерінің литогенді 
құрылымын қалыптастырушы құрамдас бөлік. Оның әрекеті нәтежиесінде 
геологиялық негіз мыңдаған жылдардан кейін жаңа түзілістік сапаға ие 
болады.Жердің ішкі энергиясының әрекетіне байланысты құрлықтардан 
физикалық-географиялық 
аймақтар- 
облыстар-аудандар 
дәрежесінде 
территориялық табиғат кешендері жүйесі қалыптасады. 
Өсімдік - геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас 
бөлік.Оның пайда болуы жер тарихында жаңа бет ашып, ежелгі жер қыртысы 
мен ауа қабатының өзгерісінде үлкен рөл атқарады.Осы кездегі ауа 
құрамындағы бос оттегі тікелей өсімдіктер дүниесінің туындысы болып 
саналады.Өсімдіктер жеке дара тіршілік ете алмайды,бір-бірімен және басқа 
табиғаттың құрамдас бөліктерімен өзара әрекеттесу арқылы үйлесім тауып, әр 
түрлі дәрежедегі фитоценоздар құрайды. 
Жануарлар дүниесі – жаратылысы жөнінен өсімдіктерден синтезделген 
даяр органикалық заттармен қоректеніп, тіршілік ететін және табиғаттың 
қолайсыз құбылыстарынан пәрменді қорғану бейімділігі арқылы ерекшеленеді.
Топырақ жамылғысын ғалымдар биогенді құрамдас бөліктердің соңғы 
буыны ретінде қарастырады.Өйткені ол тірі ағзалар пайда болғаннан кейін ғана 
солардың қордалары мен әрекеттері арқылы үгіліп, жиналған жер беті жыныс 
үгінділерінен құралған. Жергілікті жер табиғат құрамдас бөліктерінің 
динамикалық тепе-теңдігі шарықтау шегіне жетіп, тұрақтанған жағдайда, 
топырақ тыңайып, жетіледі.
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет