2.Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты. Ландшафтының бұл
тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге
халыұтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың
қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе –
теңдігі бұзылмаған.
3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас
бөліктер байланыстары жан – жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа
пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер
жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен
жер азады.
4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының
құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан –
жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы
айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде
жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын,
түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе –
теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды
болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени
ландшафттар түзіледі.
Жас айырмасына қарап антропогенді ландшафтысы үш топқа жіктеледі.
1.Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық
шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі.
2.Көпжылдық, жарым – жартылай реттелуші ландшафт. Ландшафтының
бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін,
жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады.
Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл –
мезгіл жаңғыртып отыру керек.
3.Қысқа мерзімді, ұдвайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт.
Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны, саялы жер жатады. Олардың шығу тегі
мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай – қайсысы болсын жыл сайын өңдеп
күтуді қажет етеді.Мысалы, егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден
өткенде ғана тұрақты өнім береді.
18
Достарыңызбен бөлісу: