ХХ ғасырдың басында географияның теориясы мен тәжірибесіне
Докучаевтың табиғат зонасы концепциясы енді.1899 жылы Г.Н.Высоцкий оған
біршама қосымшалар енгізді, ал 1905 жылы жауын – шашынның жылдық
көлемінің
булануға
қатынасының
атмосфералық
ылғалдану
ретіндегі
көрсеткішін ұсынды.В.В.Докучаевтың ізбасарлары
жұмыстарының арқасында
табиғи
зоналар
жүйесі
нақтылынып,олардың
шекаралары
картада
көрсетілді.Осымен табиғи аудандастыруды синтездеу үшін негіз құрылды.Осы
уақыттан бастап ғылымға жаңа термин енді, ол – физикалық географиялық
аудандастыру.
Мұндай аудандастыру алғашқы тәжірибесін 1897 жылы Г.И.Ганфильеф
ұсынды. Бұл тәжірибе салалы схемаларды кешенділерге ауысудың бастамасы
еді.Ганфильев европалық Ресейді физикалық географиялық облыстарға,
белдеулерге және аймақтарға бөлді. Мұнан соң осы территорияларға
П.И.Броуновтың (1904), А.А.Крубердің (1907), В.П.Семенов – Тян –
Шанскийдің (1915) схемалары да ұсынылды. Қазір олар тек тарихи
қызығушылық танытады, олардың әр қайсысының
өз жетістіктері мен
кемшіліктері бар.
Ресей территорияларының алғашқы аудандастырылуын 1913 жылы
Л.С.Берг жарыққа шығарды, оның белдеулері ландшафт деп аталды. Бұл схема
классикалық еді. Аудандастыру бойынша кейінгі көптеген жұмыстар осы
схемаға сүйенетін еді.
Аудандастыру бойынша көптеген жұмыстар Докучаев дәстүрі бойынша
қолданбалы бағыт алды. Мысалы, Г.Ф.Морозов орман шаруашылығының
мәселесін
көтерді.
Г.Ф.Морозовтың
ойынша
орманшылар
мен
мелиораторларды география факультетінің қолданбалы география бөлімінде
дайындау қажет еді.
Әртүрлі аймақтарда әртүрлі тәжірбиелі мақсаттарда жасалған кешенді
зерттеулердің жиналған тәжірбиесі арқасында отандық зерттеушілер табиғт
компоненттердің заңды түрде өзара байланысқан қосындыларының бар
екендігіне сенімді болды.1895 жылы А.Н.Краснов
мұндай қосындыларды
географиялық кешендер деп атады.Осы жүзжылдықтың басында бұл идея
ландшафт ұғымына айналды.
Оншақты жылдарда 1904 – 1914 жылдары ландшафт туралы ғылыми
түсінікті әртүрлі ғалымдар түрлі формада ұсынды. Қайсыбірінің ландшафт
туралы идеяларын В.В.Докучаевтың жұмысынан кейін дұрыс деу қиын болды.
Ландшафта - бұл жалпы жергілікті климаты, рельефі, өсімдік және жануар
әлемі және тағы басқалардың өзара тоғысқан табиғи бірлігі.
Морозовтың жақын пікірлесі далалы орман негізін қалаушы ғалым
Н.Г.Высоцкий өз бетінше ландшафт туралы «табиғи орын» деп айтқан.
А.А.Борзрв, И.М.Крашенинников, Р.И.Аболина жазбаларынан ландшафт
туралы қызықты түсінік аламыз.Бірақта ландшафт
туралы географияға енген
ғылыми түсінікті Л.С.Берг жақсы берген. Ол бірінші рет 1913 жылы ландшафт
«географияның зерттеу құралы» деді.Ландшафтану түсінігімен қатар
физгеографиялық негізгі пікір пайда болды. «Жердің сыртқы жамылғысы»,
яғни литосфера, гидросфера, атмосфера, биосферадан құралған.Өзара тығыз
байланысқан түсініктерден құралған.Бұл туралы 1910 жылы Броунов өз ойын
айтты.бірақ ол кезде Броунов сөзіне ешкім құлақ аспады.географияда ландшафт
және
жер
беті
негіздері
түсініктері
арасында
түсінбеушілік
бар
болатын.Көптеген географтар жер бетінің бөлек территорияларымен, яғни
жергілікті және аймақтық бөліктерінен география айналыса алады деп ойлады.
Тек 1914 жылы дұрыс түсінікке Аболин жақындай түсті. Ол
жер бетінің
ландшафты жамылғысына эпигенем деген атпен түсінік қосты. Ерекше
жергілікті факторлардың эпиаймақтар қажеттілігіне эпитүрлерге (мысалы
батпақты) бөлінбейтін біркелкі аймақтық бірлік – эпиморф түзіледі.
Көп уақыт Аболин географтармен бірге болмағандықтан, оларға ықпал
ете алмады.
Жер бетінің физгеографиялық бөліктерге бөлу мәселесі 20 ғасырдың
басында,әсіресе Англиф, Германия, АҚШ елдерінде қызу талқыланды.
1905 жылы ағылшын географы Э.Дж.Гербертсонның барлық жер бетінің
аудандарға бөлу туралы қызықты тәсілі шықты.(4 сурет) Гербертсон кестесінде
ір аймақтық бірліктерін анықтау.Олардың құбылыстарына, белгілердің
ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу көзделген.
Африка жер бедерін зерттей келе 1913 жылы неміс географы З.Пассерге
(1867 – 1958ж.ж) географтарының маңызды ісі табиғи
жер бедерін оқып білу
екенін жазды.Ландшафт ол облыстарға бөлу (мысалы Оңтүстік Африка )
З.Пассергенің бұл ойы ешқандай қолдау таппады.
3
Достарыңызбен бөлісу: