Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет159/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Letter salad 
How many words can you find… 
(L schreibt Buchstaben an die Tafel, Schüler finden Wörter mit den Buchstaben) 
Kim‘s game 
(L zeigt ca. 10 Gegenstände, die auf dem Tisch für alle sichtbar sind. Schüler 
schließen die Augen, L nimmt einen Gegenstand weg, Schüler erraten fehlenden 
Gegenstand. ) 
Generic terms 
Find as many words as you can to … (summer, spring, garden, winter, beach etc.) 
The order game 


424 
TPR- One pupil starts giving an order (classroom phrases like “open your book, stand 
up, spell the word etc.) and the next pupil must do exactly what he’s told and so on. 
I spy with my little eye something beginning with (A...) 
(Englische Version von “Ich sehe etwas, was du nicht siehst”) 
Spiele sind jedoch nicht nur Unterrichtsverfahren, sondern auch Lerninhalte und 
Verhaltensziele in einem über die Schule hinausreichenden Sinn und entziehen sich 
daher teilweise den gebräuchlichen methodisch-didaktischen Überlegungs- und 
Planungsansätzen. Sie sind nicht nur Mittel zum Zweck, sondern auch Selbstzweck. 
 
Литература: 
1. (H. Meyer, Unterrichtsmethoden, in: H. Kiper / H. Meyer / W. Topsch: Einführung in die 
Schulpädagogik, Berlin 2002, S. 109 – 121). 
2. Brühne, Thomas/Sauerborn, Petra: Der Unterrichtseinstieg, Verlag: Schneider 
Hohengehren, 4. unveränd. Aufl. 2011. 
3. Greving, Johannes/Paradies, Liane: Unterrichts-Einstiege, Verlag: Cornelsen Scriptor, 11. 
Aufl. 2018.
4. Five-Minute-Avtivities (Penny Ur & Andrew Wright) 
 
ӘОЖ 7.035 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ 
ЖАНРЛАР 
Арыстанова Ш.С. ҚР Мәдениет саласының үздігі, магистр, аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
 
Резюме 
В данной статье говорится традиционные жанры инструментальной музыки 
казахского народа.
 
Summary 
This article describes the traditional genres of instrumental music of the Kazakh people. 
Қазақ халқының аспапты музыкасы дүние жүзінің көркемдік мәдениетінде 
ерекше құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы мен даму кезеңдері 
халықтың ауызекі шығармашылығы мен фольклорында көрініс тапқан.
Көп ғасырлық дамудан өткен қазақ күйінің өз бойына түрлі халық 
шығармашылығының негіздерін сіңірген өте күрделі кұбылыс екендігін және 
алуан түрлі жанр, дәстүрлермен - эпоспен, әдет-ғұрыптық, көне нанымдық, 
шамандық тәсілдермен, лирикалы-поэтикалық, лирика-саздық жанрлардың 
көркемдік байлығымен өзара байланыста тұрғандығын айрықша атап өтуге 
болады. 
Күй - елмен бірге жасап келе жатқан мұра. Оны қазақ тарихы мен мәдениетінен 
тыс қарастыруға болмайды. 
Қазақ халқының аспаптық музыка өнерін зерттеуде А.Д.Алексеевтің «О 
казахской домбровой музыке» («Қазақтың домбыралық музыкасы туралы»), 
Г.Н.Бейсенованың «Дина Нұрпейсованың күйлері», Н.Ф.Тифтикидидің 
«Закономерности ритма домбровой музыки казахского народа» («Қазақ 
халқының домбыраға арналған музыкасының ырғақтық заңдылықтары») және 


425 
«Песенные истоки музыки домбровых кюев» («Домбыра күйлеріндегі әндік 
сарындар»), А.И.Мұхамбетованың қазақтың халық аспаптық музыкасының 
генезисін зерттеуге бағыттап жазған «Бытование музыкального искусства в 
народной традиций казахов» («Музыкалық өнердің қазақ халық дәстүріндегі 
орны»), «Казахский кюй-философия на двух струнах» («Қазақ күйі-екі ішектегі 
философия» (атты ғылыми мақалалары маңызды орын алады. Бұл еңбектер 
аспаптық музыкалық орындаушылық өнердің, күйдің шығу тарихы мен 
табиғатын терең түсіну үшін, оны халықтың тарихымен, этнографиясымен, 
әдет-ғұрыптық ерекшеліктерімен және материалдық игіліктерімен тығыз 
байланыстыра зерттеу керектігі жайлы авторлардың ой-пікірлерін білдіреді. 
Қазақ халқының аспаптық музыкасының тарихын, болмысын зерттеуде жасаған 
П.В.Аравиннің еңбектері ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол «Новые материалы о 
Курмангазы» («Құрманғазы туралы жаңа деректер»), «Казахская домбровая 
музыка» («Қазақтың домбыра музыкасы»), «Переменная структура домбровых 
кюев» («Домбыра күйлерінің құбылмалы құрылымы») мақалаларымен қатар 
«Жанры казахской инструментальной музыки» («Қазақ аспаптық музыкасының 
жанрлары») және «Русские ученые о казахской музыке ХVІІІ-первой половине 
ХІХ в.в» («Орыс ғалымдары ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы 
қазақ музыкасы туралы») монографиялық еңбектерін жазды.
З.Жанұзақованың «Қазақ халқының аспаптық музыкасы» атты этнографиялық 
күйлер жинағын домбыра, қобыз, сыбызғы күйлерінің авторлары жайлы, 
күйлердің сан алуан тақырыптық мазмұны жайлы мәлімет беретін алғашқы 
басылымдардың бірі деп атаса болады. Бұл жинақта Құрманғазының, 
Түркештің, Ағашаяқтың, Байсеркенің, Ықыластың, Сармалайдың, Сейтектің, 
Сүгірдің және т.б халық 
к
омпозиторларының күйлері нотаға түсіріліп, алғаш 
рет жарияланып отырғанының өзі жинақтың құндылығының куәсі [1]. 
Ата-бабаларымыз күй өнері саласында мәңгі өлмес рухани мұра жасап, кейінгі 
ұрпаққа сарқылмас қазына қалдырды. Аңызымен баяндалып тартылатын бұл 
күйлер заман өзгергенде сахналық үлгіде сирек орындалды. Аспатық дәстүрлі 
өнер өз болмысында қарапайым түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, жас 
буынның талпынысына орай, өзінің баяу дамуымен біздің заманымызға да 
жетті. Дәстүрлі өнердің ең бір басты ерекшелігі-жеке адамның қайғы-қасіретін, 
қуаныш сезімдерін дәл жеткізе алатындығын айта кетуіміз шарт. Яғни, бүгінгі 
таңдағы бағыттың кәсіби музыка өнері мен дәстүрлі музыка мәдениетін 
бітістіріп тұрған негізгі шарт оның түп-тамыры, табиғаты, өнер бастауы бір 
екендігінде. 
Ғалымдардың пікірінше кейбір орта азиялық халықтардағы «күй» сөзі өте 
ертеден келе жатқан атау, ал ХІV ғасырдан бастап бұл сөз негізінен аспапты 
музыкаға байланысты айтылады. Қазақтың аспапты музыка өнері өзінің шығу 
тарихына, шығарушысының суреткерлік тағылымына, орындаушылық
мектебіне орай түрлі жанрларға: аңыз күйлер, тұрмыс-салт күйлер, тарихи 
күйлер, лирикалық күйлер, тартыс күйлер, арнау күйлер болып бөлінеді. 


426 
Қазақ аспаптық музыкасының ертеден келе жатқан бұл жанрлары 
синкретикалық болып табылады, яғни, ауызша әңгіменің, музыканың, театрлық 
элементтердің, орындаушылық өнердің ең басынан бір тұтастығын, 
бөлінбестігін аңғартады. 
Аңыз күйлер - халықтық музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар. 
Біздің заманымызға дейін жеткен бұл күйлер халықтың тұрмыс-салтын, өмір 
сүру жағдайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, оларды қоршаған 
дүние, әлем құбылыстары жайындағы наным-сенімдерін де бейнелейді: 
«Аққу»,«Көк бөрі», «Нар идірген», «Аңшының зары», «Қорқыт», «Қазан», 
«Көрұғлы», «Жұмағұл», «Жетім қыз», «Жетім бала зары», «Қамбар күй», 
«Желмая», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Тепен көк», «Хан жұбату» күйлері. 
Тұрмыс-салт күйлер - адам өмірінің туу, үйлену, өлу сияқты тағы басқа ең 
басты тағдырлы кезеңдерінің суреттелуі қазақтың аспапты музыкасында да кең 
орын алады. Мысалы, ел ішінде көп таралған: беташар, той бастар, қоштасу, 
естірту, жоқтау, аңсау, толғау күйлері адам өмірінің осы маңызды кезеңдерін 
терең де әсерлі бейнелейді. 
Мысалы, үйлену тойы дәстүрлі «Той бастар» күйімен ашылады.Мағынасы 
жағынан шерлі, мұнды сезімдерге толы «Қоштасу» күйлерінде туған елмен, 
туыстармен қоштасу және өмір жайында толғау, өмірмен қоштасу сияқты 
тақырыптар, кеңінен қамтылады. Бұл күйлер тобына әйгілі Құрманғазының, 
Дайрабайдың, Т.Момбековтың, М.Өскенбаевтың (1904-1982) «Қоштасулары», 
Еспайдың «Қош аман бол, Ақбикеші», «Өтті-кетті» сияқты күйлері жатады. 
Тартыс күйлер - қазақ даласында кең таралған ақындар сайысы - «айтыспен» 
қатар, аспаптық музыкада да «тартыс» өнері дамыды. Күйшілердің тартысы 
ақындар айтысы сияқты үлкен жиын-тойларда, шілдеханада немесе белгілі 
күйшінің ауылға келу құрметіне арнап өткізілетін. Күйшілер өздерінің 
орындаушылық, суырып салмалық және шығармашылық өнерлерімен сайыса 
отырып, өз руларының намысын қорғап қана қоймай, сонымен қатар, өнер 
сайысында өзара тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйреніп, халықтық дәстүрді 
одан әрі дамыта түседі. 
Қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасын зерттеушілер күй тартысты бірнеше 
түрге бөледі: бірінші түрі - сайысқа түсетін күйшілердің жеке орындаушылық 
өнерлерін көрсететін тартыс. Күйшінің алдына қойылатын мақсаттың жеңілдеу 
болғандығынан, тартыстың бұл түрі халық арасында кең таралған. Екінші түрі - 
күйшінің шығармашылық қабілетін көрсететін тартыс. Үшінші - тартыстың ең 
күрделі түрі. Онда күйшінің шығармашылық және орындаушылық өнерімен 
бірге, оның жаңа ғана естіген күйді дереу қайталап беру өнерін қандай 
дәрежеде меңгергенін көрсететін тартыс. 
Қазірге дейін халық есінде Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Қазанғап пен Усен 
Төренің, Тәттімбет пен Найман қызының, Аққыз бен Әбікен Хасенұлының күй 
тартыстары анық сақталған. 
Тарихи күйлер - бізге белгілі болған замандардың рухани белгісіндей болып, әр 
дәуірде де тартылып келген. Тіпті ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларынан 


427 
жеткен ән-күй мұралары туралы нақтылы деректерде бар.Бүған мысал ретінде, 
жоғарыда келтірілғен, ХІV-ғасырда жазылған Әбдіқадыр Мұрағидың «Зубдәтел 
әдуар» атты еңбегіндегі «365 немесе 366 күй туралы» мақаланы айтуға болады. 
Грек тарихшысы Квант Курңий Руф жазған «Ескендір жорығы» еңбегінде де 
Орта Азия көшпелілерінің күй тарту үрдістері сөз болған. Міне, осындай 
деректерде көшпелі ру тайпалардың аспапты музыкасының тарихи негіздері 
жатталған [2]. 
ХV-ХVІ ғасырлар шамасында қазақ хандығы қалыптасып, ол үш жүзге 
болінген уақыт болатын. Тарихи әндер сияқты, тарихи күйлерде халықтың 
басынан өткен үлкен оқиғаларға байланысты шығарылған. Мұндай үлкен 
тарихи оқиғаларға 1723-1774 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, алқа көл 
сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығы, Сырым Датов (1783) және Исатай 
Тайманов мен Махамбет Өтемісов бастаған халық көтерілістері (1836-1837), 
Есет Серкебаев пен Бекет Көтібаров бастаған шаруалар көтерілісі (1852-1853), 
соңғы кезеңдеғі көтерілістер - 1916 жылғы Амангелді Иманов басқарған ұлт 
азаттық көтерілісі және басқалар жатады [3]. 
Халық басына төнген қаралы күндерді суреттеген тарихи күйлерді «Зар заман», 
«Ел айырылған», «Қос айырылған», «Қазақ-ноғайдың айрылысу күйі» деген 
топтарға біріктіруге болады. Осы топтардағы күйлер дәстүрлі қоштасу жанрына 
жатады. Бұл күйлерден халықтың шерлі қайғысы, мұң - зары, жоқтауы 
естілгендей көрінеді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына түскен ауыр қайғыны, қоштасу-
айырылысуды, батырлар ерлігін суреттейтін патриоттық күйлер пайда болды. 
Мұндай күйлер қатарына Дина Нурпейісованың «Ана бұйрығы», «Жеңіс», 
Манарбек Ержановтың «Үш балам» күйлерін, сондай-ақ Мұрат Өскенбаев пен 
Ашырали Шынғожаевтардың бірнеше күйлерін атап өтуге болады. 
Лирикалық күйлер - аспапты музыканың басқа жанрларына қарағанда, 
лирикалық күйлер едәуір кешірек дамыды. Бұлар мазмұны жағынан лирикалық 
әндер сияқты, адамның ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін толғайды. 
Дәстүрлі музыкада лирика мағынасы аса үлкен ауқымда қаралады: элегиялық, 
драмалы ойлардың бай түрлері бір мағынаға қосылып тұрады. Міне осындай 
лириканың айшықты түріне Құрманғазының «Алатау» күйін кіргізуге толық 
негіз бар. Лирикалық күйлерге табиғат көріністерін бейнелейтін күйлер де 
жатады. Бұған мысалы, Құрманғазының «Сары арқа», «Алатау»; Тәттімбеттің 
«Сары жайлау», «Сары қамыс», «Сары өзен»; Қазанғаптың «Жайлау күй»; 
Өскенбаевтың «Кең жайлау», «Маңғыстау», «Жетібай», «Қазақстан» күйлерін, 
Тоқаның «Сары өзен», «Сары жайлау»; Т.Момбекұлының «Сарыарқа сапары», 
«Қаратау шертпесі» сияқты бірегей туындыларын келтіруге болады. 
Лирикалық күйлердің әуен-сазы жан-жақтылығымен, мейлінше саздылығымен 
ерекше көрінеді. 
Арнау күйлер - аспапты музыканың басты ерекшеліктерінің бірі көшпелі 
халықтың өміріндегі аңшылық, малшылық кәсіпке байланысты шыққан жан- 
жануарларға арналған күйлер. Қазақ күй мұрасында аққуды, атты, түйені, 


428 
құсты, құланды т.б. суреттейтін күйлер өте көп кездеседі. Бұған мысал ретінде 
Тәттімбеттің «Бозайғыр», «Қара жорға»; Қазанғаптың «Торы ат»; Махамбеттің 
«Исатайдын Ақтабаны-ай»; Сармалайдың «Қара жорға»; Динаның «Қарақасқа 
ат»; Сейтектің «Көк ала ат» сияқты күйлерін алуға болады. Көшпенділердің 
өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой-
толғаулары өзгелерден биік тұрады. Ол жылқы малын «ер қанаты» дей келе, 
оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді. 
Бұл тұрғыда Махамбеттің «Исатайдың Ақтабаны-ай» атты күйі өте қызықты 
көрінеді. «Ат-ер қанаты» дегең мақал еске түседі. Исатай батырдың талай-талай 
қысылшаң шақта қиындықтан құтқарған тұлпарының қандай екенін осы күйден 
анық аңғаруға болады. Тұяғынан от шашып, ауыздықпен алысқан тұлпардың 
әрбір қимылын күйдің өн бойынан естіп білесіз - деп жазды күйші зерттеуші 
Қ.Ахмедияров [4]. 
Арнау күйлерге портреттік арнаулар да жатады. Құрманғазының «Қайран 
шешем»; Дәулеткерейдің, «Қаражан ханым», «Көркем ханым», «Ақбала қыз», 
«Құдаша», «Жұмабике»; Динаның «Әсем қоңыр»; Сейтектің «Бұл-бұл Айша», 
«Қарашаш», «Шарипа», Қожекенің «Раушан» тағы басқа осы сияқты атаулы 
күйлері шығарушының суреттемелік шеберлігімен белгілі адамдарға арналған 
туындылар. 
Арнау күйлерінде ана бейнесі, дос, ұстаз, сүйікті жар мен жорға, арғымақ 
бейнелері көбірек суреттеледі. 
Арнау жанрында шығарушының өзін-өзі сипаттауға арналған күйлері ерекше 
орыналады: «Байжігіт», «Арынғазы», «Баламайсан», «Байжұма», «Бапас» 
(Дәулеткерей), «Абыл», «Боғда», «Соқыр Есжан», «Сармалай», «Ықылас»,
«Дайрабай», «Сүгір» күйлерінде шығарушының өздері суреттелінеді.
Сан ғасыр бойы күйшілер қолында дамып, ұлттық ерекшеліктерді бойына 
жинаған күй өнері, қазақтың сезімі мен ойын кең ауқымда суреттей келе, оның 
шын мәніндегі музыкалық тарихын құрайды. 
Қорытындылай келе, «Күй аңыздарының жанрлық ерекшелігі, тарихи 
кезендері, деректілігі, көркемдік қасиеттері, күйдің эстетикалық, эмоциялық 
қуатын арттырар синкретті сипаты жөнінде тарам-тарам зерттеу жүмыстарын 
жүргізіп, ... әңгіме өрбіту келер күндердің мәртебелі міндеті» - деп жазды 
ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбекұлы күй жанрлары туралы ғылыми еңбегінде 
[5]. 
Қазақ күйлерінің құрылымдық, орындаушылық ерекшеліктері оның жанрлық 
сипатына, ішкі мән-мағынасына, көркемдік тіліне, дыбыс бітіміне, үндік 
ерекшелігіне де байланысты бөлініп қаралады. 
Аспапты музыканың ежелгі, көне түрлерінің мағынасы өте зор, себебі ауызша 
дамыған әншілік-поэтикалық көне өнермен қатар, аспапты туындылар да қазақ 
халқының рухани өмір тарихының бастау - көзі болып қала бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет