Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет167/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

хордық ойлауы
интонация
және 
колористика
жағынан өте ерекше көрінді.
Соңғы кезеңдегі шығармалардың ішіндегі қазақ халқының “Бір-бала” (1965 
жылы) әніне жасалған өңдеуін көрсетуге болады. Ән қайырмадан басталады, ол 


447 
екі бөлімді куплет – вариациялық түрінде жасалған. Сөздері мұңлы
интонациясында, қайғылы лирикасында. Қазақ халық шығармашылығына тән 
кейікерлердің бір-біріне ұқсастығы көрсетіледі: жас бала Қыранмен 
салыстырылады – екуі де жалғыз, екіуі де бас имейді. Тональдігі ми минор, 
темпі 
анданте – модератто
.
Хор фактурасында полифонияны кең қолданады. Шығармаларында автор 
хордың табиғи жұмсақ, жақсы бірлестіріліп қалыптастырылған дауысының 
шығатынына қол жеткізген. 
Осы кезеңнен бастап, Қазақтың хор өнері өзінің профессионалдық даму
жолына шығады.
 
 Әдебиеттер 
Байділдаев М., Мағауин М.“Ай, заман-ай, заман-ай” 2 томдық, Алматы 1991ж. 
Балтабаев М.Х. “Қазақ халық музыкасы және студент жастар” Алматы, Ана тілі 1991ж. 
Ахметова М.М. “Традиции казахской песенной культуры” Алматы. Наурыз 1984ж. 
Ахметова М., Ерзакович Б., Жубанова А. Советтік қазақ музыкасы. (Тарихи очерк) Алматы. 
Ғылым 1975 ж. 
Ерзакович Б. Музыкальное наследие Казахского народа. Алматы. Наука 1979г. 
Жұбанов А. “Замана бұлбұлдары” Алматы 1975ж. 
Затаевич А.Б. “500 казахских песен и кюев” Москва 1931г. 
 
ӘОЖ 372, 895 
ӘН ӨНЕРІ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ 
Байбатырова У.А., ҚР мәдениет саласының үздігі, магистр-аға оқытушы 
 
Резюме 
В этой статье вы изучите основы вокального искусства и освоите базовые 
технологии, чтобы стать певцом. 
 
Summary 
In this article, you will learn the basics of the vocal arts and master the basic techniques to 
become a singer. 
Ән өнері, әр түрлі музыкалық шығармалардағы композитордың көңіл күйі, ішкі сезім 
толғанысын көркемдікпен мәнерлеп жеткізетін өнердің бір формасы. Ән өнері тұтас 
тыңдаушы қауымның эстетикалық талғамына жарап, тәрбиесіне арналуға тиіс. 
Әннің техникалық базасы вокаль болып келеді. Қандай бір музыка аспабы 
музыкантқа қызмет етсе, вокаль әнге, әншіге қызмет көрсетеді деген сөз. 
Музыканың басқа формаларынан ән өнерінің ерекшелігі –дыбыс пен сөз қатар 
жүретінінде. Әннің сөзін таза, дұрыс айтуды «дикция» дейді. Сөз қалыптастыру, 
дауыс қоюдан кем емес жєне уақыт, еңбек, шыдамдылықты қажет етеді. 
Жақсылап қойылған «дикция» әншінің мықты кәсіби биік деңгейдегі 
мәдениеттілігінің бір белгісі. 
Сөзсіз дауысты вокальиз десек, дауыссыз сөзді сыбыр дейді. Негізінде дауыс 
пен сөзді қатар жаттықтырып жетілдірген дұрыс. Дикция дауыссыз 


448 
дыбыстарды қалай айтқанға өте байланысты. Дауыссыз дыбыстар, ызың 
дыбыстар, мұрын жолы үнді дыбыстар, еріндік, тістік деп бірнешеге бөлінеді. 
Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар 
көп. Дауыстылармен салыстырғанда дауыссыздардың классификациясы 
әлдеқайда күрделі. [1] 
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуымен жасалса, қайсы 
біреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа 
бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң 
дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз, ал 
ұяң дауыссыздар деп дауыстыњ қатысуымен жасалғандар. 
Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы (голосовая связка) 
жиырылып қысылмаса және дауыстың (үннің) қатысы болмаса, онда қатаң 
дыбыстар жасалады. Мысалы: к, к, т, п, с және т.б. Егер дауыссыздарды 
айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар 
жасалады. Мысалы: ғ, г, д, б, з және т.б. 
Аты айтып тұрғандай (б-п) ерінмен, (з-с) тіспен, тілдің ұшымен (д-т) немесе тіл 
мен тістің арасынан тыныс шығару арқылы (ж, ч, ш, щ) дыбыстарды айтуға 
болады. М мен н дыбыстары мұрындық немесе жартылай дауысты дыбысқа 
жатады. Бұл дыбыстар дауысты және дикцияны қалыптастыруға өте ыңғайлы, 
әсіресе дауысты құрастырып резонаторға, маскіге қарай жіберуге өте қолайлы. 
Сөздің ортасында кезігетін 
м, н және р, л 
басқа дауысты дыбыстармен 
үйлестіріп дұрыс пайдаланған жағдайда біткен вокальдық фраза ашық, айқын 
естілуге мүмкіндік туғызады. 
Дауыс қойғанда дыбысты алға жіберме, сөзді артқа жіберме деген сөз осыдан 
туындайды. Ән айтқанда сөз дауысқа қарай созылып бір-біріне үйлесіп, 
қабысып келген жағдайда әдемі үн, жақсы дикция, дауыс өзінен-өзі төгіліп 
жатады. [2] 
Осылай вокальдық техниканы, дикцияны жақсы меңгерген әнші, шығарманың 
ішкі мән-мағынасына үңіліп, көркемдік мәнеріне көбірек көңіл бөле бастайды. 
Осылай, орындалған шығарманы мастерствомен (шеберлікпен), тамаша 
сауатты, үлкен сезіммен орындап, көрерменіне жеткізеді дейміз. 
Өкінішке орай, әншілер көп жағдайда шығарманың ішкі сезім толқуын 
бейнелеуден гөрі техникалық мәселеге
көңілін көбірек аударады, енді біреулері 
ән 
айтудың 
орнына 
мелодекламацияға 
ұқсатып 
жібереді. 
«Әнді 
әңгімелескендей айту керек» деген ірі әншілердің қанатты сөзі, вокальдық 
өнердің ұраны болуға тиіс. Ол дегеніміз – мелодияға ішкі сезімнің толқуы мен 
вокальдық, техникалық жетістіктердің үйлесімінің нәтижесі деген сөз. Драма 
әртістері бір сөйлемге анализ жасап, сөйлем ішіндегі қай сөзге көңіл білу керек 
деп тоқталып жатады. 
Сөз ќұрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол 
буындардың біреуі басқаларына қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі 
айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған 


449 
орай, екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Екпін түскен буын басқа 
буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады. 
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы 
ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі 
лебізді екпін
немесе 
динамикальқ екпін 
деп 
аталады. 
Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны, буыны күшімен байланысты 
болады да, басқа буындардың ішінде бір буынның айрықша көтеріңкі 
айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген тілдерге тараған.
2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы 
ерекшеленеді, дауыс шымылдығының дүрілінің бұл түрі тоникалық деп 
аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: Қытай, Литва және т.б. тілдер.
3) Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының 
созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл 
квантативті екпін 2 деп 
аталады.
Әншілер үшін ән музыкалық фразадан құрылады: бірінші, музыкалық 
фразаның өзінде динамика негізінде құрылған күшті немесе екпінді, күшсіз 
немесе екпінсіз бөліктері арқылы, екінші, мелодияның ритмикалық кескін 
өрнегінен, ең соңында фразаның мән-мағынасына ерекше көңіл аударатын, әр 
мелодияның шарықтау кезеңіндегі интонациясы арқылы музыкалық 
шығарманың қыр-сырын айқындауға болады.
Осындай белгілермен орындалған фраза ішкі сезімнің толқуын толық бейнеледі 
деуге болады. Ол үшін әншінің дауысы біраз икемге келген, дауыс пен дикция 
қалыптасқаннан кейін барып айтуға тиіс шығарманы түр-әлпетіне мән беріп 
интонациясын тауып, мєнерлеп беруі қажет. Шығарманың ішкі сезімі, түр-
әлпеті, интонациясы дұрыс шыѓуына ұстаз концертместер бақылау жасап 
жақсы көмектесуге тиіс.
Әйгілі Шаляпин өз естелігінде: “Мен сахнада образымды бейнелеп жүргенде 
күллі дүние көз алдымда тұрады. Дауысымды тыңдаймын қозғалысымды 
бақылаймын. Сахнада әрқашан жалғыз болмаймын. Сахнада екі Шаляпин 
жүреміз: бірі ойнаса, екіншісі бақылаушы” – “Ей, бауырым көп жылап кеттің, 
есіңде болсын, сен жылауға тиіс емессіњ, кейіпкер жыласын, көз жасыңды 
азайт” дейді, екінші Шаляпин біріншісіне немесе – “Ойының қызықсыз болып 
барады, қосыңқыра”, – деп сыбырлайды”, - деп жазады Шаляпин өз естілігінде. 
Дауыс қою пәні болашақ дәстүрлі кәсіби әншінің күнделікті жаттығулар жасау 
арқылы қолданылатын, дауыс диапазонын кеңейту, дауыс тембрін, позициясын 
қалыптастыруға дайындық жүргізетін ең керекті пән. [3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет