445
Опера лирикалық сюжетте болғандықтан онда көп адамдардың қатысуымен
жасалған көріністер үлкен роль атқармайды. Олар Біржан мен Сараның
драмасына тек арттағы фон ретінде қызмет етеді. Осындай көріністерінің
бірінен операда басталады. Ол – Айқай – шуға
толы көңілді Қоянды елді
мекеннің жәрменкесі.
Хордың бастамасына Біржанның өмірдің қызықтары жөнінде айтатын әйгілі
“Жамбас сипар” өлеңі алынған.
Хор басынан бимен басталады. Одан кейін Естай ақынның терме әні басталады.
Онда ол жәрменкені қошеметтей отырып оған Біржан салдың қатысатынын
айтады. Көрініс бимен “Жамбас сипар” хорымен аяқталады. Онда халық Біржан
мен Сараны естігені жөнінде қуанышын білдіреді.
Айтыстың өзі қысқа-нұсқа динамикалық көрінісі ретінде жасалынған.
Драматургия тарапынан ол негізгі кейіпкерлердің мінездерін көрсететін
экспозиция, көріністің әндік материал негізінде жасалынғандығы оның
бөлімдерінің (жеке) бөлек болғандығына себеп болған.
Осы операдағы
айтыстың драматургиялық бағыты диалогтан немесе тартыстан айтыстың
кульминациялық ақыр жағындағы “келісімге” жылжуы болып табылады.
Осыған бағынышты тақырыптың дамуы да құрылады: контрастық
салыстырудан жалпы тақырыпқа интонациялық жақындауы арқылы. Осы үш
кезең хордың бөлімдерімен ауысып келеді. Хордың сахналық функциясы
өзгеріссіз: ол айтысқа қатысып отырғандарды халық қошемет етіп тұрған.
Оның осындай тұрақты функциясы теке-тірестен бір ауызшылығына өтіп бара
жатқан Біржан мен Сараның белсенді дамып келетін линиялық сюжетіне
қарама қайшы келеді.
Үшінші актінің басында әйелдердің “Ақ киіз үй” хоры басталады.
Ондағы
жастарға арналған ақ тілекті сөздеріне қарамастан ол өте мұңды естіледі.
Үшінші акт хорды эпизоттарға дамудың драматургиялық сызығына бірлесе
қосылып кеткен. Дәл осындай бірінші актісінде әйелдер хоры айтатын “Күн
шығарда, күлімдеп” және “Жастар жаны жай тапты” бар. Екінші актісінде екі
хор – күту және қоштасу айтылады. Өз композициясы бойынша және тональдік
шешімі жағынан олар өте қызық. Базарбайдың сарайында жастар Төлегенді
салтанатпен қошеметтейді. Қарапайым, жалпы структурасы жағынан бірыңғай
мелодия екі өзіндік, өзара еш байланыссыз халық әндерінің негізінде құрылған.
Біріншісі - “Құрбам - ай”, екіншісі - “Бақсы”.
Қоштасу қорында әннің транспозициясы ашық көрінісін табады. Ми мажордан
ми минорға тональдіктің ауысуы және темптің өзгеруі арқасанда хор “Қайғылы
қоштасы”
болып көрінеді, бүкіл музыкалық линиясы бойынша трагедиялық
сипатын алады.
Осындай қарапайым үлгі мен композитор екі музыкалық көңіл-күйді (күту мен
қоштасу) жеткізеді.
Ұлы композитор Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсының пайда болуымен,
сапалық өзгеріс туындады: сөйлеу диалогтардың азаюымен бірге граматикалық
ауыртпалығын өзіне спектакльдің музыкалық жағы орын алды.
446
Хор партитурасының қарапайымдылығына қарамастан Қыз Жібек” операсы
өте қуандырған еді, себебі оның алдында қазақ кәсіби музыкасы ансамбльдік
те, көп дауыстық ән салуды да білмеген еді.
Оның “Қыз Жібек” атты тұңғыш қазақ операсы 1934 ж.
шығарылып әзірге
дейін сахнада мыңнан астам рет көрсетіліп театр репертуарының көркі болып
саналады.
“Қыз Жібек” операсындағы музыкасының негізінде халық мелодияларымен
диалогтары жатыр. Кейіпкерлердің психологиялық жағдайын көрсететін
мінездеріне спектакльдің музыкалық драматургиясы тіреліді. Қазақ халық
музыкалық басты екі жанры да -
Достарыңызбен бөлісу: