Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Мақсат – ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Мақсат
– ол саналы түрде педагогикалық іс-әрекеттің алдын-ала болжамданған нәтижесі.
 
Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама 
Мақсат
Тәрбие 
процесінің 
элементі
Жүйе 
құраушы 
фактор
Педагог 
талпынысының 
объектісі
Процесс 
тиімділігінің 
критерийі
Алдын-ала 
болжамданған 
нәтиже
Оған жету 
жолдарын 
анықтау
Күтілетін 
нәтижені 
жобалау
Мақсатты 
негіздеу 
және 
ұсыну


Мақсат құру
 
– үздіксіз процесс.
Қойылған мақсат пен нақты алынған нәтиженің сәйкес келмеуі, бүкіл процесті қайта 
ойластырудың негізіне айналады, оның перспективаларын қайта қарастыруға итермелейді. 
Сөйтіп тәрбие процесін жетілдірудің жаңа мақсатын ұсынуға мәжбүр етеді. Осының 
барлығы үнемі және үздіксіз мақсат құруға әкеледі 
Тәрбие мақсатын анықтауға әсер ететін
қажеттіліктер мен факторлар. 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдай
білім беру мекемесінің 
жағдайы
оқушылардың жас және 
дара ерекшеліктері
Ұжымның даму деңгейі
қажеттіліктер
баланың
ата-аналардың
педагогтардың
білім беру 
мекемесінің
қоғамның
факторлар
Т
ә
р
бие
м
а
қса
ты
Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама
Бүгінгі таңдағы педагогикалық еңбектерде тәрбиенің ортақ мақсаты жан-жақты үйлесімді 
дамыған тұлғаны тәрбиелеу деп айқындалып отыр. 
Қазақстан 
Республикасының 
білім 
беру 
мекемелеріндегі 
тәрбиенің 
кешенді 
бағдарламасында (2001) тәрбиенің жалпы мақсаты – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру 
деп анықталған.



Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізін таңдап белгілеңіз.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, 
тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында 
жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Педагогикалық процесті 
ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие 
әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек. 
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері 
қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына 
байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, 
принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады. 
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, 
оған әртүрлі анықтама берілген. 


В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара 
байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің 
міндеттерін шешуге бағытталады. 
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – 
тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез – құлық әдеттері мен 
дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету 
тәсілдерінің жиынтығы. 
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе 
отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады. 
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс 
баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. 
Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез 
келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады: 
- адамның сезімінен; 
- санасынан; 
- сенімінен; 
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді. 
Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің 
жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген 
қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек. 
Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму 
идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде 
қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр. 
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады: 
-
тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан 
қаруландыру; 
-
тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал; 
-
тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, 
оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады; 
-
тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар 
баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін 
туғызумен де байланысты. 
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің 
тәсілдері, ұғымдары айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет