Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Тәрбие әдістерінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Тәрбие әдістерінің жіктелуі
. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте 
күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада 
тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие 
әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін: 
-
жалпы және жеке; 
-
негізгі және кездейсоқ; 
-
теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға 
көмектеседі; 
-
мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды; 
-
әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір 
– бірімен байланысын айқындай түседі. 
Педагогика 
ғылыми 
зерттеушілердің 
еңбектерінде 
тәрбие 
әдісі 
түрліше 
топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие 
әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп 
қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру 
әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – 
құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында 
тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, 
В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады. 
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, 
сенімі, идеясы). 


Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез 
– құлықты қалыптастыру әдістері. 
Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері. 
Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға 
беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін 
сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді 
саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі 
іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу 
қажеттігінен туындайды.
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі 
ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс - әрекеттің 
ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс - әрекет үстінде ғана 
қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс - әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол 
іс - әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы 
ситуациялық іс - әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет. 
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан – 
жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - 
әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу 
процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың 
әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі. 
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, 
лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді 
қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды. 
Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді 
қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана – сезіміне, еркіне, мінез – құлқына ықпал 
жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады. 
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік 
жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою 
мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз. 
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - 
әрекетінің тұрақты жетекшісі. 
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке 
бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, 
сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде 
анықталады. 
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі 
қалыптасады.
Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның 
мінез – құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді. 
Сендіру әдісі жалпы адамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен 
түсіндіру, оны іс - әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді 
позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білу, өзінің де, жолдастырының да мінез – 
құлқына, іс - әрекетін дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс. Сендіру әдісінің 
тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл – күйіне ықпал етуді бірімен – бірі 


ұштастырылған жағдайда жоғарлай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы 
ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды. 
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы: 
-
қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, 
анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі; 
-
әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі 
эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады; 
-
нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік 
негізіарқылы айқындайды. 
Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі: 
-
сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну; 
-
оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе 
санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін 
қолдану; 
-
жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін 
айқындау; 
-
оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер 
қорына, мінез – құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, 
орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау; 
-
мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата – ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың 
үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру; 
-
әр баланың көңіл – күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне 
қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау; 
-
сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда 
және балалардың сана – сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне 
қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, 
дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады; 
-
үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді. 
Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға
ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді 



Тәрбиенің тарихи және таптық сипатын тізімдеңіз. 
XXI-ғасыр қоғамға көптеген техникалық прогреспен қатар рухани өзгерістер әкелгені рас. 
Нақтырақ айтсақ, жаңа ғасырдың жаңалықтары адамдардың тыныс тіршілігіне өз әсерін 
тигізіп қана қоймай, заманға бейімделуді де талап етуде. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, 
сол қоғамның заңдылықтарына бағынады. Тіпті әр кімнің өзі шешуге тиіс отбасылық 
мәселелерді де қоғамдық өзгерістерге байланысты қарастыруға тура келіп отырғаны 
жасырын 
емес. 
Отбасының көз қуанышы бала. Сондықтан да «балалы үй –базар, баласыз үй- қу мазар» деп 
ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Бұл нақылдың бүгінгі таңда маңызы жоқ болып бара 
жатқандығы бәрімізді толғандырар. Еліміздегі тастанды бала, көкек ана сияқты толып 
жатқан негізгі мәселелерді азайтып, жойып теріс қылықтарға жол бермеу біздің 
тақырыбымыздың 
көкейтесті 
мәселесі 
болмақ. 
Адам тумасынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайтыны белгілі. Адамгершілік қасиет 
адамға тәрбие арқылы дариды. Бала тәрбиесі- бұл өмір тынысы және тарихи ұғым. «Бала 
тәрбиесі- бесіктен» десек те, соңғы жылдары бала тәрбиесіне ата-ана тарапынан да, 


қоғамдық ұйымдар тарапынан да жеткілікті назар аударылмай, назардан тыс қалып 
жатқандығы байқалады. Соның нәтижесінде адамдар арасында мейірімділік, адамгершілік 
пен 
имандылық 
азайып, 
қатігездіктер 
орын 
алуда. 
Балалар жас бір қоғамның келешегі. Әр бір қоғам келешегіне кепілдік беретін, өзінің 
ұлттық мәдени қасиеттерін сақтап қалатын және дамытатын адамдарды қалдырып кетуді 
қалайды. Балаларға жақсы тәрбие берген, оларды жақсы өсірген, дініне, ұлтына, отанына ең 
үлкен қызмет еткен болып есептеледі. Балаларға діни әрі пән ілімдерін үйрету қоғамның 
іргетасын жақсы салу демек. Қоғам осындай іргетас пен ғана жоғарылайды. Алайда, іргетас 
неғұрлым мықты болса, қоғам да соғұрлым күшті қуатты болады. Іргетас әлсіз болса қоғам 
да күшсіз осал болады. Балаларды дүниеге әкелу қиын емес, оларды адам ету- ең ауыр 
жұмыс. 
Қазақ халқы соңғы ғасырда тәрбиенің екі түрін басынан өткізді деуге болады. Оның 
біріншісі қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық тәрбие болса, екіншісі төңкерістен кейінгі 
коммунистік тәрбие. Қазақтың ұлттық тәрбиесі негізінде ислам дінінің қағидаларына 
негізделген имандылық жолы болатын, сондықтан да олар рухани құндылықтарды 
материалдық құндылықтардан жоғары қойған. Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың 
міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «теблиғ»-жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші 
деген мағынаға келеді. Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне 
қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген 
сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ 
қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа 
жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады. 
Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді 
білдіреді» деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол 
арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ 
тағала тәрбие арқылы көркемдейді»
Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін 
үйретеді» деген. Ибн Сина тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа 
әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, 
кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген. 
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар 
балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін 
тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп 
тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі 
дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. 
Сондықтан да «Заман түлкі болса, тазы болып қу» деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, 
осыны бер перде тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі 
түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті 
адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты 
адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа 
айналды.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа 
дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді 
біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел 
болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. 
Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс 
қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп 
төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен 
өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл 
бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп 
отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын 


тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай 
ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл 
иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл 
иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне 
бағындырылып, 
балаларды 
басқыншылық 
соғыс 
өнеріне 
тәрбиеледі. 
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері 
мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. 
К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс 
материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен 
салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін 
сезімді 
біліп, 
жоспарлы, 
мақсатты 
тәрбие 
жұмысын 
жүргізеді. 
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның 
қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол 
ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен 
баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. 
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский 
тәрбие 
мақсатын 
төмендегі-дей 
негізгі 
элементтерге 
бөлді: 

адамға 
барлық 
заттарды 
білгізу 

"ғылыми 
білім"; 

заттардың 
және 
өзінің 
қожасы 
ету 

"адамгершілік"; 

құдайға, 
заттарға 
құлшылық 
ету 

"діни 
тәрбие"; 

тән 
саулығы 

"дене 
тәрбиесі". 
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін 
беріп, 
жан-жақты 
және 
үйлесімді 
дамыту 
деген. 
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және 
шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін 
саналы 
азаматтарды 
тәрбиелеу" 

деген. 
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу 
деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты 
қарастырады. 
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге 
көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, 
политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық 
тәрбие 
салалары 
енгізілді. 
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, 
педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің 
негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский 
оны 
жүзеге 
асырды. 
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-
Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - 
адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. 
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін 
мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз 
еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-
ләззатын 
көре 
білу 

кісіліктің 
басты 
белгісі" 

деген. 
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы 
сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер 
мал 
шашпақ 
сияқты 
зиянды 
әдеттерді 
жоюға 
шақырады. 
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу 
сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс 


тәрбие 
алып 
шын 
адам 
болғандығы" 

деп 
жазды. 



Педагогиканың негізгі мақсатын түсіндіріңіз. 
Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында 
пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда 
болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші 
рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты 
еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негізін қалағанда 
Я.А.Коменский. Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада 
ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы 
Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс 
педагогы К.Д.Ушинский және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды. Ал кейіннен 
ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады. 
Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ 
тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ғылмы екі мағына береді. Біріншіден - 
білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет 
аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу 
деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала 
жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, 
жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын 
мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық 
етумен басқа білімдар құлдар айналысқан. Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім 
негіздері жиналып қордаланды, ең өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай 
педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих 
сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми 
білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп қойды. Педагогика - қоғам 
мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, 
рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім 
– жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен 
зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет