Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері бұл
мұғалім мен оқушылардың оқу- тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара
бірлескен іс-әрекет тәсілі.
Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді
әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған
әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да
байланысты. Білім мазмұнының кезкелген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді.
Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпакты окыту мақсаттары үстем еткен қоғам
дүниетанымының әлеуметтік максаттрына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды.
Оқушыларда білімдеріскерлік мен дағдыларды қалыптас- тырумен қатар, мектеп алдында
өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл -
бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу
салыстырмалы түрде қолданылады. Іс- әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда
оқыту әдістері болып есептелсе, екінші - бір жағдайда тәсіл ретінде қарастырылады. Егер
мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын
түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді суйемелдейтін
әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: