Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет43/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Ұйымдастырушылық 
іскерлік


Білім беру саласында қоғам қойған міндеттерді шешу үшін ұстаздар педагогикалық 
шеберлікке ие болуға тиісті. И. А. Зязюннің пікірінше, педагогикалық шеберлік – бұл 
кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз 
ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені. Ал, В. А. Сластениннің пайымдауынша, 
педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық процестің жоғары пәрменділігін қамтамасыз 
ететін жеке адамның жекелік іскерлік белгілері мен қасиеттерінің синтезіПедагогикалық 
қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың 
жиынтығымен сипатталатын және 43кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған 
белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі. 
Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. 
Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған 
мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы 
белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды. Педагог педагогикалық процесс 
субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас 
және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық байланыс 
қалыптастыруға бағыттауы керек. Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-
әрекетімен ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты басқа 
мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен сезіну 
арқылы анықталады. Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада: гуманистік сипаты; 
ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; қарым-қатынас 
жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б. Мұғалім мамандығы 
табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. 
Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге 
асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік 
жағдайлардың 
нақты 
талаптарына 
-дайындайды, 
бейімдейді. 
Педагог 
өзінің 
тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған 
талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, 
шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта 
жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның 
басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның 
инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің 
негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде 
жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен 
салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек 44бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. 
Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан 
мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады. Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты- 
педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емес, сонымен қатар 
сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан тек оның қызметіне 
деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы дұрыс бағалауға болады. 



Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігін көрсетіңіз. 


Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкерлігімен, көнбістігімен, 
эмоциялығымен, парасаттылғымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен мұғалім 
ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі 
өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде ғана тани алады. Мұғалімнің жалпы әлеуметтік 
педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды 
талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны 
ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір 
ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін 
көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және 
зерттеушілік қабілеттерін жатқызады. Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін 
оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым-
қатынас орната білу. Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды 
қалыптастыруға солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға 
бағытталған. Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, 
оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз 
ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады». Олай болса, әрбір 
студенттің міндеті – таңдаған мамандығына сәйкес өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, 
алғашқы күнінен бастап педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру. 



В.А.Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптарын реттеңіз. 
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы (1918-1970) В.А.Сухомлинскийдің 
шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және 
педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл 
кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын 
жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, 
сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық 
педагогикалық 
ой-пікірдің 
дамуына 
белгілі 
реваолюциялық 
кезең 
болды. 
В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет 
баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін 
және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған. Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің 
өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте 
аз сияқты көрінеді. Василий Александрович 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка селосында 
Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы 
өтті. В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында 
оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен 
жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды 
қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың 
қабырғасында оның есімі мәңгі қалды. 1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава 
педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте 
сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды. 1938 жылы институтты бітіргеннен 
кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин 
тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады. 1941 жылы өз еркімен майданға 
аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр 
жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс 
басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды. 1948 жылы 
В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен 
оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық 
қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы 
соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама 
балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана 
қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, 
соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. 


Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз 
жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды. Педагогке философ сияқты, оның 
танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды 
қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті. В.А.Сухомлинскийдің 
рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден 
озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол 
біліне бастады. Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен 
марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар 
академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 
1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы 
СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды. 
В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи 
мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы 
таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға 
жетті. 1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық 
диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” 
тақырыбында баяндамасын аяқтады. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің 
педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға 
жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта 
мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын 
ерекше атауға болады. А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және 
жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу 
әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, 
табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады. Оның 
қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі 
басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп 
жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі 
өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа 
айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”. Бүкіл әлемге 
ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол 
балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір 
баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін 
екендігін анық та және айқын көрсетіп берді. В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының 
қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша 
еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан 
кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак 
гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің 
тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше 
рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете 
алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман 
сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған 
камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге 
болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының 
алдында аяғына дейін орындады. Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын 
Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – 
деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен 
тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”. Балаларды мадақтау және 
жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде 
қызығушылық танытты. В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары 
болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның 
педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- 
өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып 


шықты”. В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана 
жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, 
психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, 
барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді. Тек ғана баланың 
оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. 
В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға 
қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты. Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, 
жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп 
түсінді.



Оқытуды қадағалау және бағалау түрлерін іске қосыңыз. 
Бағалау
– оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы 
және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат 
бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін 
бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту 
әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін 
бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.Модуль 
мұғалімдерге:• бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;• бағалау түрлерінің барабар 
мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;• бағалаудың формалды және формалды емес 
жүйелерін анықтауға/бағалауға;• әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта 
алатынын/жақсарта 
алмайтынын 
түсіндіруге 
көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет