Дүниетаным
– бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған
болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар,
адамдардың осы көзққарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-
сенімдері, мақсат – мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады.
Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір
әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетанымның негізгі қызметтері:
Ақпаратты – бейнелі қызметі
қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды
қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным
призма ролін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Бағдарлы – реттеуші
қызметі
адамның тәртібі меніс – әрекеті арқылы оның санасымен,
көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келед
і
Бағалау қызметі
– адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқкрастары мен
сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болыды.
Дүниетаным түрлеріне бірнеше элементтер тән
Философиялық,
Ғылыми ,
Саяси ,
Адамгершілік ,
Эстетикалық
И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі
интеллектуалдық іс- әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде
оның рухани мәдениетінің, оның “мен” деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік
ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан
мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі,
адамдардың ұжымды жеке тәжірбиесін меңгергенінің нәтижесі. Қазіргі уақытта сенім
дүниетанымның өзегі “бастапқы”, “элементарлық кереге көзі” болып табылады деген
ережені терең негіздеу деп санауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |