102
құрайды. Бұл жасушаларды бұрынғы әдебиеттерде антигенреактивтi
жасушалар немесе Т-индукторлар деп атаған.
Өңделген антигендермен бiрiншiлiк танысатын жасушалар - Тх0
жасушалары. Бұл жасушалардан әртүрлi жағдайларға байланысты
жетiлген эффекторлы
Тх1
және
Тх2
түзiледi. Олар дифференцировканы
шақырған антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асыруына тiкелей
қатысатын жасушалар (17-ші сурет).
Тх0, Тх1 және Тх2 жасушалары негiзгi фенотиптiк маркерлер
жиынтығы бойынша бiр-бiрiнен ажыратылмайды. Олардың барлығының
бетiнде CD2, CD3, ТЖР және
хелпер субпопуляциясының маркерi CD4
болады (бүгiнгi күнi Тх2 жасушасының Тх1 жасушадан айырмашылығы,
Тх2 CD30 антигенiн де экспрессиялайды деп есептейдi). Бiрақ әртүрлi
хелпер субпопуляциясына жататын лимфоциттер әртүрлi лимфокиндердiң
жиынтығын өндiредi, сондықтан олар әртүрлi иммундық жауаптың
дамуына қатысады.
Тх0
жасушалары антигенмен кездесу сатысында белсенедi де ИЛ-2
және бiраз мөлшерде ИЛ-4 өндiре бастайды. ИЛ-2 осы клондағы Тх0
жасушаларының
көбеюiн
аутокриндi
ынталандырады.
Бiрқатар
факторларға байланысты Тх0 жасушаларының дифференцировкасы Тх1
немесе Тх2 бағытында жүредi. Дифференцировка бағытын анықтайтын
факторлар толығымен зерттелмеген.
Хелперлердiң дифференцировка бағыты
антигеннiң табиғатына
(бактериялар, вирустар, бөгде нәруыздар және т.б. және олар өз кезегiнде
АТЖ түрiн анықтайды), оның
физикалық-химиялық сипаттамасына
(дисперстiгi, ерiгiштiгi және т.б.),
концентрациясына,
организмге түсу
жолына, мөлшерiне,
сондай-ақ организмнiң осы антигенге жауап беруiнiң
генетикалық детерминанттығына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: