Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет99/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 клоналды 
делеция (терiс сұрыпталу) табиғи иммунологиялық төзiмдiлiктiң 
түзiлуiнiң негiзгi механизмi деген пiкiр қалыптасқан. 
Бiрақ, организмнiң барлық аутоантигендерi тимусқа түспейтінін 
ескеруіміз керек, сол себептен олар терiс сұрыпталу үрдісіне ұшырамайды. 
Атап айтқанда, тимусқа көптеген мүшеерекшелiк антигендер түспейдi, 
яғни аутореактивтi клондардың белгiлi бір саны тимуста жойылу үрдісіне 
ұшырамайды, нәтижесiнде олар бiрден шеткерi мүшелерге барады. 
Қалыпты жағдайда бұл клондардың жұмысы төзiмдiлiктiң шеткерi 
механизмдерi арқылы тежелеуі мүмкін деп болжанады. 


96 
Терiс сұрыпталудан сақталған CD4

және CD8

Т-лимфоциттер 
клондары тимустан шығып шеткерi лимфоидты мүшелердiң тимустәуелдi 
аймақтарына барады, мұнда сәйкес антигендермен кездесу нәтижесiнде 
антигентәуелдi дифференцировкаға ұшырайды. 
Т-лимфоциттердің антигентәуелді дифференцировкасы 15-ші суретте 
көрсетілген. 
 
15-ші 
сурет. 
Т-лимфоциттердің 
антигентәуелсіз 
дифференцировкасы 
Тимустағы оң және теріс сұрыпталудан сақталған CD4

және CD8

Т-
лимфоциттер клондары әлi функционалды жетiлмеген жасушалар болып 
табылады. Бұл жасушаларды антигендермен кездеспегендіктен «аңқау» 
лимфоциттер деп атайды. Кейде жетiлген эффекторлы лимфоциттердiң 
iзашарлары деп те атайды. 
Тимустан шыққан CD4

Т-лимфоциттер эффекторлы Т-хелперлердің 
ізашарлары

ал 
CD8

Т-лимфоциттер 
эффекторлы 
Т-
киллер/супрессорлардың ізашарлары болып саналады. 
Т-лимфоциттердiң антигентәуелдi дифференцировкасы 
Тимуста түзiлген Т-лимфоциттер қан ағысымен иммундық жүйесiнiң 
шеткi мүшелерiнiң Т-тәуелдi аймақтарына келедi. Бұл жасушалардың 
фенотипi немесе CD4+, немесе CD8+. Тек кейбiр жасушалар тобының 


97 
(шамамен 2%) фенотипi CD4+CD8+ болуы мүмкін - бұл жетiлмеген 
жасушалар. 
Шеткi мүшелерде «аңқау» Т-лимфоциттер антигендермен кездесуі 
және олардың 
антигентәуелдi дифференцировкасы 
басталады. Т-
лимфоциттердiң антигентәуелдi диффернецировкасы 4 негізгі кезеңнен 
тұрады: 
1.
Функционалды 
жетiлмеген 
Т-лимфоциттермен 
(аңқау) 
антигендердің танылуы; 
2.
Олардың жетiлген эффекторлы жасушаға дейiн пролиферация 
мен дифференцировка түрiнде антигенге қарсы серпілісі; 
3.
Иммундық жауаптың эффекторлы кезеңіне – антигендi 
бейтараптау мен жоюға қатысуы; 
4.
Т-зерде жасушаларының түзiлуi. 
Сонымен, 
Т-лимфоциттердiң антигенерекшелi клондарының түзiлуi 
антигентәуелсiз дифференцировканың негiзгi мазмұны мен нәтижесi 
болса, антигеннің өзімен шақырылатын және осы антигенге арнайылығы 
бар Т-лимфоциттер клонының пролиферациясы мен дифференцировкасы 
және олармен антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асуы 
антигентәуелдi дифференцировканың негізі болып табылады
. Бұл үрдіс 
антигентаныстырушы жасушалардың қатысуымен жүреді. 
Тимустан шыққан Т-лимфоциттердiң қаннан шеткi мүшелердiң тіндерiне 
өтуi бір топ адгезия молекулаларының жиынтығымен (адгезиндермен) 
қадағаланады. Олар селектиндер, адрессиндер және интегриндер тұқымдастығы 
деп бөлінеді. Адгезиндер Т-лимфоциттердiң бетiне де, лимфоидты мүшелердiң 
қан тамырларының эндотелиiне де экспрессияланады. Сәйкес келетін адгезия 
молекулаларының 
әрекеттесуi 
нәтижесiнде 
Т-лимфоциттер 
мүшенiң 
паренхимасына өтедi. 
«Аңқау» Т-лимфоциттердiң функционалды жетiлген Т-лимфоциттерге 
дейін түзілуі шеткi мүшелерде өтедi. Антиген организмге қай жолмен 
түссе де, ол лимфа арқылы енген жерге жақын орналасқан регионарлы 
лимфа 
түйiнiне 
келедi. 
Мұнда 
антигентаныстырушы 
жасушалар 
(макрофагтар, дендриттi жасушалар немесе В-лимфоциттер) антигендi 
жұтады, сосын оны иммуногенді түрге дейін өңдейдi (процессинг) және 
таныстырады (презентация). 
Жетiлмеген Т-лимфоциттер антигендермен алғаш рет АТЖ бетiнде 
әсерлеседі. АТЖ бетінде антигендi детерминанта (эпитоп) I немесе II класс 
МНС молекулаларымен комплекс түрiнде болады. Антигендердi анықтау 
нәтижесінде 
жетiлмеген 
Т-лимфоциттер 
белсенеді 
де 
бiрқатар 
лимфокиндердi 
өндіре 
бастайды, 
көптеген 
цитокиндерге 
қарсы 
рецепторларды экспрессиялайды, ең алдымен ИЛ-2-ге рецепторлар, 
сондай-ақ 
олардың 
бетiндегi 
адгезиндердiң 
құрамы 
өзгередi. 
Антигендердiң алғаш рет жетiлмеген Т-лимфоциттермен кездесу үрдісін 
лимфоциттердiң 
танысуы 
деп атайды.
Лимфоциттер клонының көбеюі мен жетiлуi нәтижесiнде жетiлген 
эффекторлы жасушалар түзiледi, олар антигендi бейтараптау мен жоюды 
жүзеге асырады (жасушалық иммундық жауап) немесе антиденелердің 


98 
өндірілуін реттейді, сонымен қатар фагоцитарлық иммундық жауаптың 
қалыптасуына да ықпал етеді. 
Жетiлмеген Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецепторының (ТЖР) 
АТЖ бетiндегi иммуногендiк комплекспен байланысуы (ТЖР, CD3, CD4 
немесе CD8 молекулаларының қатысуымен) тек бiрiншi - 
арнайы белгiмен 
ғана 
 
қамтамасыз етедi. Бiрақ жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттерге дейін 
пролиферация мен дифференцировкаға ұшырау үшін 
екiншi белгi
керек.
Бұл белгiні ИЛ-2 және басқа цитокиндер қамтамасыз етеді, сондай-ақ 
АТЖ бетiндегi В7 корецепторының жетiлмеген Т-лимфоциттердiң 
бетiндегi (CD4+ немесе CD8+) сәйкес рецептормен (CD28 немесе CTLA-4) 
әрекеттесуi де қамтамасыз етедi. Екі белгіні де алу клонның 
пролиферациясы мен дифференцировкасын қамтамасыз етеді. Егер 
жасуша тек бiрiншi белгiнi алып, ал екiншi белгiнi ала алмаса, онда ол 
апоптозға ұшырайды және жойылады. 
Екi белгiнi де алған CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттер ИЛ-2 
рецепторларды экспрессиялайды және өздерi ИЛ-2 өндіре бастайды. ИЛ-2 
жасуша бетiндегi ИЛ-2-рецепторларына әсер ету (аутокриндi) арқылы 
жетiлмеген Т-лимфоциттердiң көбеюiн және жетiлген эффекторлы 
жасушаларға дифференцациялануын ынталандырады. Бұл үрдіс 4-5 
тәулікке созылады.
Бұл жасушалар енді қосымша костимулдаушы белгілер болмаса да, өз 
бетімен антигенді анықтауға және оған тікелей әсер етуге мүмкіншілігі 
болады. 
Эффекторлы Т-лимфоцитердiң бiраз бөлiгi иммундық жауапқа 
қатыспайды. Олар 
зерде жасушалар
тобын түзедi. Бұл жасушаларда 
рецепторлы аппарат өте жақсы дамыған және цитокиндер мен 
адгезиндерге 
рецепторларды 
экспрессиялайды, 
сондықтан 
зерде 
жасушалары антиген организмге екiншi рет түскен жағдайда жылдам 
жауап беруге қабілетті.
Т-зерде жасушаларының көпшiлiгi хелперлi 
субпопуляцияға жатады, яғни олардың фенотипi CD4+.
Олар II класс 
МНС нәруыздары бойынша рестрикцияланған. Зерде жасушаларының өмiр 
сүру ұзақтығы бiрнеше айдан бiрнеше жылдарға дейiн созылады.
Т-зерде жасушалары организм жұқпалы агенттермен қайталама 
кездескен жағдайда қабылдамаушылықты, яғни иммунитетті қамтамасыз 
етедi. 
Зерде жасушаларының өмiр сүру ұзақтығы белгiлi бір антигендерге 
генетикалық детерминацияланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет