Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін клондар (олардың саны басымырақ)
апоптоз ( жасушалардың жоспар
бойынша жойылуы
) нәтижесiнде жойылады. Тек МНС-дің меншiктi нәруыздарына сай рецепторлары бар клондар сақталады. Бұл Т-
лимфоциттер керектi дифференцировка белгiсiн алғандықтан апоптозға
ұшырамайды және ары қарай даму сатысына өтедi.
Сонымен, өзiнiң организмiнде жұмыс iстеуге қабiлетi бар (МНС-рестрикция) Т-
лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтедi.
Бұл үрдіс
оң сұрыпталу деп аталады. Оң сұрыпталудан кейiн
кортикалды тимоциттердiң шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы
аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.
Аталған жасушалардың әрқайсысының немесе I класс МНС
нәруыздарымен, немесе II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабiлетi
бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезiнде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар
тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының
экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар
Т-киллерлердiң фенотипiне ие болады: CD2 + 3 + 8 + (CD8 + ). II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4
корецепторын сақтап қалады, ал CD8 нәруызының экспрессиясын
тоқтатады. Бұл жасушалар
Т-хелперлердiң фенотипiне ие болады CD2 + 3 + 4 + (CD8 + ). Осылайша Т-лимфоциттердiң екi негiзгi функционалды
субпопуляциялары қалыптасады.