Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-лимфоциттермен антигендердiң танылуы



Pdf көрінісі
бет100/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Т-лимфоциттермен антигендердiң танылуы 
Егер В-лимфоциттер қандай да бір нәруыздармен байланыспаған бос 
антигендi детерминантты анықтауға қабiлетi бар болса, Т-лимфоциттер 
эпитоптарды тек I және II класс МНС нәруыздарымен комплекс түрiнде 
ғана анықтай алады.
Мысалы, 
Т-киллерлер 
бөгде 
эпитопты 
тек 

класс 
МНС 
нәруыздарымен комплекс түрiнде ғана анықтайды. Бұл шектелудi МНС-


99 
рестрикция деп атайды. Сонымен Т-киллерлер I класс МНС нәруыздарына 
рестрикцияланған.
Т-хелперлер антигендердi II класс МНС және нәруыздарымен 
комплекс түрiнде ғана анықтайды, яғни олар II класс МНС нәруыздарына 
рестрикцияланған. 16-шы суретте
Т-лимфоциттердің негізгі екі түрімен 
антигендердің танылуы берілген. Т-лимфоциттердің антигентанушы 
кешені (Т-жасушалық рецептор, Т-хелперлерде CD4 нәруызы, Т-
киллерлерде CD8 нәруызы және CD3 нәруызды кешені) мен МНС 
антигендері бойынша рестрикцияланған антигентаныстырушы жасушалар 
арасындағы қарым-қатынас көрсетілген. 
 
Антигентаныстырушы комплекс 
ТЖР
– Т-лимфоциттердiң антигентаныстырушы рецепторы, ол жоғарыда 
айтқандай бiр-бiрiмен коваленттi байланысқан екi полипептидтi тiзбектен (

және 

) тұратын гетеродимер. Тiзбектiң әрқайсысы вариабелдi V-доменi мен 
тұрақты С-доменiнен тұрады. 
Вариабелдi домендер 
антигендi детерминанттармен 
тiкелей байланысады. Олардың құрамында иммуноглобулиндердiң идиотиптiк 
детерминанталарына ұқсас 
идиотиптiк детерминанттар 
болады.
 
16-шы сурет. Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы 
Т-жасушалық 
рецептор 
молекуласының 
құрылымы 
иммуноглобулиндер 
тұқымдастығының құрылымына ұқсас келедi. ТЖР вариабелдi және тұрақты 


100 
домендерi иммуноглобулиндердiң сәйкес домендерiне ұқсас. Т-жасушалық 
рецептордың 
В-лимфоциттердiң 
иммуноглобулиндi 
рецепторлардан 
айырмашылығы – ол бiр валенттi, ал иммуноглобулиндердiң рецепторлары - екi 
валенттi.
Бүгiнгi күнi Т-жасушалық рецептордың екi түрi белгiлi: ТЖРI және ТЖРII. ТЖРI 

- және 

-тiзбектерiнен тұрады және ол эмбрионалды даму кезеңiнде бiрiншi 
пайда болады, бiрақ ересек организмде аталған рецепторлары бар жасушалар 
саны 5% аспайды. Бұл субпопуляцияның рөлi әлi толығымен анықталмаған. Т-
лимфоциттердiң 95% 

- және 

-тiзбектерiнен тұратын ТЖРII экспрессиялайды. 
Т-жасушалық рецептордың V-домендерiнiң вариабелдiлiгiн (сәйкес гендердiң 
мүмкiн болатын барлық комбинациясын ескере отырып) есептеген кезде, Т-
жасушалық рецептордың арнайылық варианттары (идиотиптер) шамамен 3х10
7
құрайтынан көрсеттi.
Вариабелдi домендердiң 

- және 

-тiзбектерi
антигендi детерминанттармен 
(эпитоптармен) тiкелей байланысады. Ол антигентаныстырушы жасушамен 
өңделген антигеннiң 
антигендi детерминанты
мен 
ТЖР арнайы байланысуын
қамтамасыз етедi. Т-жасушалық рецептордың 

- және 

тiзбектерiнiң әртүрлi 
аймақтары АТЖ бетiндегi МНС нәруыздарының белгiлi бiр аймақтарымен және 
өңделген антигендердiң эпитоптарымен әсерлеседi. 
Тұрақты домендер 
МНС 
нәруыздарымен комплементарлы байланысуын қамтамасыз етедi. 
Т-жасушалық рецептор гетеродимерi Т-лимфоциттердiң мембранасында CD3 
кешенiнiң полипептидтi тiзбегiнiң цитоплазмалық аймақтарымен ковалентсiз 
байланысқан. 
CD3 кешенi 
антигендi тiкелей тануға қатынаспайды, бiрақ ол ТЖР 
молекуласынан цитоплазмаға белгiнiң өтуiн жүзеге асырады. Нәтижесiнде 
жасуша iшiлiк үрдiстер белсену салдарынан Т-лимфоциттердiң эффекторлы 
қызметiнiң жүзеге асуына мүмкiндiк туады. 
Т-хелперлер мен Т-киллерлердiң мембранасында орналасқан 
CD4 
және CD8 молекулалары 
антигендi тану үрдiсi кезiнде АТЖ бетiндегi 
МНС нәруыздарының сәйкес аймақтарымен (антигендi жасушаiшiлiк 
өңдеу үрдiсi кезiнде эпитоп пен МНС нәруыздары бiрiгiп иммуногендi 
түрде болады) әсерлеседi. Бұл әсерлесу антигентаныстырушы кешеннiң 
жұмысындағы ең маңызды кезеңнiң бiрi болып табылады. Сондықтан CD4 
және CD8 молекулаларын Т-жасушалық рецептордың 
корецепторлары 
деп атайды. 
Антигендердi тану үрдiсi АТЖ (ICAM-1, LFA-3) мен Т-лимфоциттер 
(LFA-1, LFA-2) бетiндегi
 
арнайы 
адгезия молекулаларының 
әрекеттесуi 
арқылы иницияциаланады және жеңiлденедi. 
Т-хелпер мен Т-киллердiң антигендердi тану үрдiсiне толығырақ 
тоқталсақ. 
Антигентаныстырушы жасуша бетiндегi иммуногендi кешендi ТЖР 
көмегiмен анықтаған кезде Т-хелперлер алған белгi арнайы 
деп атайды

Бiрақ, Т-хелперлердiң толық белсенуi үшiн бұл белгiнi қабылдау 
жеткiлiксiз. Сондықтан тағы бiр белгi - 
костимулдаушы белгi
қажет. Егер 
жасуша аталған белгiнi алмаса, онда апоптозға ұшырайды және жойылады. 
Т-хелперлер екiншi белгiнi өздерiнiң бетiнде орналасқан CD28 (CD40L 
немесе CTLA-4) молекуласы мен АТЖ бетiне экспрессияланған 
костимулятор молекулалары – нәруызды молекулалармен әрекеттескенде 
алады. Макрофагтар мен дендриттi жасушаларда аталған молекулаларға 
В7 молекуласы, ал В-лимфоциттерде В40 молекуласы жатады. 


101 
Макрофагтарда В7 молекуласының экспрессиясы индуцибелдi. Мысалы, 
оның экспрессиясын полисахаридтер мен липополисахаридтердiң бактериалды 
қабырғасы шақыра алады. Бұл қосылыстар В7 мен В40 молекуласының В-
лимфоциттерде 
экспрессиясын 
шақыруы 
мүмкiн. 
В7 
молекуласының 
экспрессиясын шақыратын басқа факторлар әлi белгiсiз. Сонымен қатар, Т-
хелперлердiң костимуляциясына гуморалды факторлар да қатысады. Олар: ИЛ-1, 
ИЛ-12, ИЛ-4 және басқа цитокиндер. 
В7 костимуляторының микробты компоненттерi әсерiнен шақырылуы 
иммундық 
жүйенiң 
организмнiң 
меншiктi 
антигендерiн 
бактериалды 
антигендерден ажыратуға мүмкiндiк бередi деген болжам бар. Кейбiр 
нәруыздарға 
иммундық 
жауапты 
олардың 
құрамына 
өлтiрiлген 
микроорганизмдер 
мен 
бактериалды 
қабырғалардың 
компонентерi 
бар 
адъюванттарды қосқанда ғана шақыруға болатыны эксперименталды түрде 
дәлелденген. Бұл жағдай келесiдей түсiндiрiледi: егер құрамында бактериалды 
компоненттерi жоқ нәруызды антигендер макрофагтармен жұтылып және 
таныстырылса, антигендi таныған Т-лимфоцит костимулдаушы белгiнiң болмауы 
салдарынан инерттi (анергия) жағдайға немесе апоптозға ұшырайды. Ал 
иммунизациялаушы 
қоспаға 
бактериалды 
қабырғаның 
компоненттерiн 
(макрофагтарда В7 молеукласының өндiрiлуiн шақыратын) қосу Т-хелперлердiң 
жұмысының толық iске қосылуын қамтамасыз етедi, нәтижесiнде нәруыздарға 
қарсы антиденелердiң өндiрiлуi басталады. Бұл үрдiс адъюванттардың көмегiнсiз 
мүмкiн емес. 
ДЖ В7 костимуляторы мен I және II класс МНС молекулалары айқын, 
әрi тұрақты (индуцибелдi емес) экспрессиялану салдарынан, ДЖ бетiнде 
иммуногендi кешендер жылдам қалыптасады. Сонымен қатар дендриттi 
жасушалармен таныстырылған антигендер CD4-жасушалардың да (Тх1 
және Тх2), CD8-жасушаларының да (Т-киллерлер) пролиферациясы мен 
дифференцировкасын шақыра алады. 
Т-киллерлер I класс МНС нәруыздарымен комплекс түрiндегi сәйкес 
эпитопты анықтайды және дендриттi жасушада экспрессияланған В7 
молекуласынан костимулдаушы белгiнi алады. Нәтижесiнде белсенедi де 
бiрқатар цитокиндердi, соның iшiнде ИЛ-2 мен IFN-

өндiре бастайды. 
Аталған цитокиндер Т-киллердiң меншiктi рецепторлары көмегiмен 
аутокриндi әсер ету арқылы пролиферация мен дифференцировканы 
ынталандырады, 
нәтижесiнде 
жетiлген 
эффекторлы 
Т-киллерлер 
(иммундық киллерлер) түзiледi.
Нәруызды антигендердiң пептидтi фрагменттерi немесе вирустардың 
пептидтерi дендриттi жасушаларда 
II класс МНС нәруыздарымен 
ассоциациялануы мүмкiн. Мұндай жағдайда ДЖ бетiндегi иммуногендi 
комплексті CD4 Т-хелперлер анықтайды, нәтижесiнде жасушалық және 
гуморалдық иммундық жауап қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет