Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек



Pdf көрінісі
бет12/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек 
кемiгi және тимус. Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары 
түзiледi, сондықтан сүйек кемiгi гуморалдық иммунитет жүйесiнiң (В-
жүйесi) орталық мүшесi болып саналады. Ал, тимуста Т-
лимфоциттердің клондары түзiледi, ол жасушалық иммунитет 
жүйесiнiң (Т- жүйесi) орталық мүшесi болып табылады.
Сүйек кемiгi
– иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық 
мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше, ол көп қабiлеттi бағаналы 
жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын 
жасушалар:
эритроидтық,
одан эритроциттер түзiледi; 
миелоидтық,
одан 
нейтрофилдер, 
моноциттер, 
базофилдер, 
эозинофилдер 
түзiледi;
мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi 
жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда 
болады. 
Сүтқоректiлерде сүйек кемiгi В-лимфоциттердiң негiзгi түзiлу 
ортасы болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда – 
Bursa Fabricius
 – 
Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн 
лимфоциттердiң дамуы жүредi. 
Даму орнына байланысты осы 
лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды. Гуморалдық 


19 
иммунитеттiң барлық жүйесi В-жүйесi деп аталады. 
Кейiнiрек, 
сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық 
мүше жүйесiнiң қызметiн сүйек кемiгi атқаратыны белгiлi болды.
Ағылшынша ол Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесi мен В-
лимфоциттердiң (бұрынғы және қазiргi) аталуы сәйкес келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет