Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет13/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Тимус 
(айырша без) деп, тимиан өсiмдiгiнiң жапырағына және 
айыршасына ұқсас болғандықтан аталған. 
Тимус филогенетикалы ежелгi 
лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенiң түзiлуi мен қызметiнiң 
реттелуi және де жасушалық иммунитеттiң дамуы жүредi.
Тимус алдыңғы көкiрекаралықтың жоғары бөлiмiнде, төстiң артында, 
жүрек үстiнде орналасқан. Ол екi бөлiктен тұрады, әр бөлiгi капсуламен 
шектелген, одан тiннiң iшiне қарай, бөлiктi бөлшектерге бөлетiн перделер 
орналасқан. Әр бөлшектiң шетiнде субкапсулалық және қыртыстық 
қабаттар, ал ортасында – милық қабат ажыратылады.
Қыртыстық заттың
негiзiн жұлдыз тәрiздi эпителий жасушалары 
құрайды, олардың арасында лимфоциттер мен макрофагтар орналасқан. 
Қыртыстық затында жоғары митоздық белсендiлiгi бар, бiрақ иммунды 
хабарлы қабiлетi жоқ лимфоциттер басым.
Милық затында
аздаған лимфоциттер бар, стромасы жақсы жетiлген, 
эпителий жасушаларынан тұрады. Сонымен қатар, милық затында 
дендриттiк жасушалар, макрофагтар және Гассаль денешiктерi (жаңа 
номенклатура бойынша айырша бездiң денешiктерi) бар. Гистохимия әдiсi 
бойынша, қыртыстық қабаттың жұлдызша тәрiздi эпителий жасушалары мен 
Гассаль денешiктерiнде белсендi түрде жасанды және секреторлық үрдiстер 
жүрiп отырады. Онда бiрқатар биологиялық белсендi заттардың, соның 
iшiнде тимус гормондарының түзiлуi жүредi. Болжам бойынша, Гассаль 
денешiктерiнiң көмегiмен апоптозға ұшырыған тимоциттер жойылады деп 
есептеледi. 
Тимус маңызды эндокриндiк мүше болып табылады.
Тимустың 
гормондары кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы 
мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге 
әсер ететiнi анықталған. Бірақ 
тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі – 
иммуногенезге реттегіштік әсер етуі
. Сонымен бірге, тимустың 
гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің 
дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық 
мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек 
кемiгiнде Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер 
етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады. 
Біріншіден, тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізашарларының 
дифференциялануының алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ топтағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет